Super User

Super User

Кентау жылу электр орталығының қайта құру жұмыстары қатаң бақылауда

Кентау қаласындағы «Кентау Сервис» МКК №5 Жылу электр орталығындағы тозығы жеткен қазандықтарды қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған. Қазіргі уақытта орталықтағы негізгі жабдықтың тозуы 85%-дан асады. Оның ішінде, 1952-1955 жылдары іске қосылған №7,8 бу қазандықтарына соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілді. 1958 жылы №9,10 бу қазандары іске қосылып, соңғы күрделі жөндеу 1990 жылы жүргізілді. №11,12 бу қазандары 1958 жылы іске қосылып, соңғы күрделі жөндеу 2012 жылы жүргізілді. Талап бойынша мұндай жұмыстар 5 жыл сайын жүргізілуі тиіс.

Түркістан облысы: Жетісай ауданында тағы бір спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдайтын жыл сайынғы Жолдауында өңірлер мен елді мекендерде бұқаралық спортқа, дене шынықтыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып денсаулығы мықты ұрпақ тәрбиелеуге басымдық беріп, әр аудан орталықтарында спорт алаңшаларын ашу жайындағы бастамасын жүзеге асыруды жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан Жетісай ауданында тағы бір спорт алаңшасы қолданысқа берілді.

Түркістан: облыс әкімі су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын жөндеу, реттеу жұмыстарын күшейте түсуді тапсырды

Түркістан өңірінде облыс әкімдігінің қолдауымен жұмысын жаңаша бағытта жүйелеген «Тұран су» мекемесі толайым табыстарға қол жеткізуде. Бүгін аталған мекеме ұжымының атқарған жұмыстары мен жетістіктері және алдағы жоспарлары талқыланған жиын өтті. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды су үнемдеу технологияларын енгізу, аймақтағы су нысандарын жөндеу, реттеу жұмыстарын күшейте түсуді тапсырды.

Түркістан облысында жаңа өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген

Түркістан облысына 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Бүгінде 32 мың гектардан астам алқапқа су шығынын азайту технологиялары енгізілуде. Жаңа жүйе суды 2 есе үнемдеп, өнімді 3 есе арттырады. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының жіті назарында.

Осы RSS каналға жазылу