Super User

Super User

ШЫМКЕНТТЕ СУБҰРҚАҚТАР ҚОЙЫЛДЫ

Жыл сайын дәстүрге айналған «Таза қала» акциясы биыл да Азаматтық альянс қоғамдық ұйымының бастамасымен жалғасын таппақ.

Қоғамдық ұйымның өкілі Юсуп Арзыхановтың айтуынша, акцияға қатысуға қаланың барлық тұрғындары өтініш білдіре алады. Жас ерекшеліктеріне ешқандай шектеу жоқ.

–Үміткер арнайы өтініш қағазын толтырып, аудандық әкімдікке тапсырады. Қаланың төрт әкімдігінен құралған жұмыс тобы айына екі рет үміткерлердің тазалық жұмыстарына мониторинг жасап, ай сайын аумақты фото, видеоға түсіріп, әр аудан өзінің жеңімпаздарын анықтайды. Ал қорытынды нәтижені комиссия шығарып, кімнің жүлдегер атанғаны қазан айында белгілі болады. Байқау жеңімпаздары «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үздік тұрғын үй алабы», «Үздік аула сыпырушы» деп аталатын 5 номинация бойынша марапатталады, - деді Ю.Арзыханов.

Биылғы акцияның жүлде қоры 4,3 миллион теңге. Акция жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар күтіп тұр. Азаматтық альянс төрағасы Жұмағали Білісбеков аталған іс-шараға кәсіпкерлерді бизнес әлеуметтік жауапкершілігі аясында атсалысуға шақырып отыр.

Айта кету керек, «Таза қала» акциясына биыл тура он жыл толады. 2012 жылы Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынған іс-шара қаланың жыл сайынғы дәстүрлі байқауына айналып үлгерді. Бір ерекшелігі мұндай акция республиканың өзге өңірлерінің ешбірінде жоқ.

Осы түста айта кетейік, қаланың оң имиджін қалыптастырып, қала қонақтары мен тұрғындарына жайлылық сыйлау мақсатында Әл-Фараби ауданында жаңа субұрқақтар орнатылды. Олар «Цум» сауда орталығы алдында, Байтұрсынов көшесіндегі саябақта, №8 мектептің  алдында, Әл-Фараби алаңы, Чернобыль саябағында, Тыныбаев және Дулати көшелері қиылысында қойылды. Әл-Фараби ауданы аумағында адам көп шоғырланған жерлерде жалпы саны 11 субұрқақ жұмыс істеуде.

Осы орайда, сала мамандары, қала тұрғындары мен қонақтарынан  жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранады. 

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

 

 

«ҚАЛАҒА ХАТ» ТАҚТАЙШАСЫ ОРНАТЫЛДЫ

Абай ауданы әкімінің бастамасымен қала күні қарсаңында «Шымкент — менің сүйікті қалам» мерекелік шарасы өтті. Салтанатты шара аясында қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылып, жиын концерттік шараға ұласты.

— Шымкент — тарихы терең, қазақтың дәстүрі мен мәдениетін ерекше сақтаған, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда да республикада алдыңғы орындағы қалалардың бірі.  Шаһар өмір сүру жағдайы жайлы өңірге айналып, қала келбеті жыл сайын көркейіп келеді. Бүгінде заман талабына сай  инфрақұрылым қалыптасып, жаңа шағынаудандар, кең көшелер, спорт алаңдары мен түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Әр жыл сайын халық сұранысына қажетті спорт, мәдениет және әлеуметтік нысандарды көбейтуге күш салып келеміз, - деді Абай ауданы әкімінің орынбасары Н.Тілеш.

Жиын барысында Шымкенттің дамуына үлес қосқан белсенді азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, түрлі интеллектуалды ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға брендбуктар табысталды.

Айтпақшы, Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Кең баба» этно-саябағында да қала күніне орай «Туған өлкем – қандай көркем» іс-шарасы өтті. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге кітап оқуды дәріптеп, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жиынға Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, ақын Д.Танабаев, жазушы С.Олжабай және ақын Д.Айманбет қатысты.

— Еліміздегі тарихы терең бойлаған көне шаһар Шымкент пен бүгінгі жас мегаполисті бүлдіршіндерге кеңінен таныстырып, олардың туған өлке туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында бүгінгі шараны қолға алып отырмыз.  Іс-шара барысында көрермендер үшін «Қалаға хат» тақтайшасын орнаттық. Келушілер онда өздерінің қалаға деген ыстық лебізін, тілегін қалдырып жатыр, - деді  Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы директорының орынбасары Гүлжан Талғатқызы.

Салтанатты шара барысында қаламгерлер жиынға көрсем, білсем деп келген бүлдіршіндер мен олардың тәрбиешілеріне, атсалысып жүрген кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіріп, рухани дүниесі бай әрбір өскелең ұрпақтың ел келешегі екенін атап өтті.

Іс-шарада «Нұрсәт» өнер мектебінің оқушылары және Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.  Сондай-ақ, бүлдіршіндер Шымкент қаласының тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, үздіктерге сый-сияпат жасады.

 

 "AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ҚАЛА КҮНІНЕ ЖИҺАЗ ФАБРИКАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында қала күні мерекесіне орай «Тассай» индустриялық аймағында 250 жаңа жұмыс орны ашылып, 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Соның бірі - кеңсеге, мектепке шкафтық жиһаздар мен жиһаздар шағаратын «Mega Smart B2B» ЖШС-ы.

Жаңа фабриканың ашылуына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. «Қаламызда мемлекеттік қолдау арқасында жаңа өндіріс орындарының саны жыл санап артып келеді. Қазіргі уақытта Шымкентте қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта қала экономикасы өсімінің негізгі алаңдары болып табылатын арнайы экономикалық, индустриялық аймақтардың тиімді жұмыс жасауына ерекше көңіл бөлінуде. Қала күніне орай «Тассай» индустриялық аймағында іске асырылған жобалар санын жиырмаға жеткізіп отырмыз. Сол кәсіпорындардың бірі – «Mega Smart B2B» жиһаз фабрикасы болып табылады» деген Ш.Мұқан кәсіпорынды ашылуымен құттықтады.

Көлемі 2 гектар аумақты құрайтын 750 млн.теңгелік инвестициялық жоба нәтижесінде 100 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған өндіріс ошағы жылына 120 мың жиһаз бұйымдарын шығаруға қауқарлы.

Одан бөлек мереке қарсағында тағы да бірнеше кәсіпорын іске қосылып, шымкенттіктер үшін бос жұмыс орындары ашылды. Бұл шырайлы Шымкент қаласының туған күні қарсаңындағы алғашқы жағымды жаңалық. Мерекелік іс-шара түрлі бағыттағы жағымды жаңалықтарға толы болмақ. Яғни, алда қала түрғындары мен қонақтарын түріл іс-шаралар күтіп тұр. Айтпақшы, Нұрсәт-2 шағынауданының балалары арасында «Аула чемпиондары»  сайысы сондай іс шаралардың бірі.  Жарысқа 100-ден астам жасөспірім қатысып,  асық,  баскетбол,  турникке тартылу,  пенальти және ләңгі тебу сынды ойын түрлерінен бақ сынады.

 Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қаратау ауданы әкімдігінің бастамасымен өткен жарыс бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Жиынға каратэден Токио олимпиадасының қола медаль иегері Д. Асадилов,  Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкеманов,  аталмыш басқарма басшысының орынбасары Е. Дәрменов қатысып, кәсіби бапкерлер балалардың сайысына төрелік етті.

Балалар Олимпиада жүлдегерінің құттықтау сөзінен серпін алып, чемпионат орындарында белсенділік танытты.

Сайыс соңында Қаратау ауданының әкімі Р. Мүлкеманов бүлдіршідерді жеңісімен құттықтап,  жеңімпаздарды арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Сондай-ақ,  «Барлық бала чемпион» қағидасына сай белсенділік танытқан барлық балаға кәсіпкерлердің демеушілігімен сыйлықтар мен балмұздақ үлестірілді.   Чемпионаттан соң балалар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

 

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ ТЫНДЫРЫМДЫ ЖҰМЫСТАР

Биыл  Әл-Фараби ауданында ұзындығы 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр Бұл шамамен 30 көшеге асфальт төселеді деген сөз. Әкімшіліктегілердің берген мәліметі осындай.

Атап айтқанда Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделеді екен. МЖК ш/а Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы (Застенная). 275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшесі.

Сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі,  Желтоқсан және Іляев көшелерінің  қиылысы Байтұрсынов көшесіне  кіреберісі де бар.

Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі. 195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және

№1 көшелер.  Самал-2 ш/а Жабай ата мен Мейірбеков көшесі.

 Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейінгі аралық.

Қазіргі сәтте, 275 орамда (4 көше), МЖК шағынауданында (3 тұйық) және 195 орамда (5 көше) асфальт салу жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында биыл 50 аула абаттандырылмақ. Ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған.

Қазіргі таңда, абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған  орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері  орнатылуда. Аталған жұмыстарға «Strong service»ЖШС-ы, «New level» ЖШС-ы жауапты.

Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Осы RSS каналға жазылу