Super User

Super User

ШЫМКЕНЕТТЕ «МУЗЕЙДЕГІ ТҮН» ӨТТІ

"Музейдегі түн".  Дәл осындай атаумен қала күніне орай «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінде тарихи іс-шара өтті. Оны тамашалауға қала тұрғындары көптеп жиналды.

Іс-шараның мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарына көне Шымкент тарихын насихаттау, жәдігерлер құндылығымен таныстыру, жастарды тарихты зерттеуге, жәдігерлерді құрметтеуге үйрету, патриоттық сезімін ояту. Мерекелік бағдарлама "Шымқала дастаны" театрландырылған хореографиялық қойылыммен басталды. Бұл дастан ұлы батылдық, елге деген махаббат пен намыс туралы.

Каскадерлер шоуында әскери жаттығулардан шеберлік сағатттары және түрлі ойын түрлері көрсетіліп, Шымкент қаласының өнерпаздарының қатысуымен ашық аспан астында этно-фольклорлық концерт ұсынылды. "Қорқыттың көрі" театрландырылған қойылым да қала тұрғындарына керемет әсер сыйлады. Оның шығармашылығында жақсылықпен жамандық, тозақ пен жұмақтың күресі жарқын сипатталды. Нақтырақ айтқанда компазицияда жерасты мен аспан әлемінің күресі көрсетілді. Көне дәуірлердің үніне сай дауылпаздар соғылып, түрлі әуендерден сазды шеру ойнап, дәуірлер тоғысындағы тосын тарихи сәттерге арналған хореграфикалық көрініс көрсетілді. Онда қамал қорғаны, соғыс өнері, шабуыл сынды өткен тарихымызды насихатталды. Мерекелік концерт барысында тарих мамандары қазақ халқының тарих беттірін парақтады. Шара соныңда өнерпаздар патриоттық әндер айтып, түрлі қойылымдар қойды. 

Ашық аспан астындағы "Шымқала" кешені туралы деректі фильмнің тұсауы да осы жерде кесіліп, хореографиялық қойылым, су және от шоулары ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Шымқала» тарихи-мәдени кешені ҚР тарихи-мәдени мұраларын насихаттау және тарих, археология, сәулет, қала құрылысы, өнер, ғылым, техника, эстетикалық мәні бар басқа да объектілерді сақтап, көпшілікке ұсыну мақсатында 2020 ашылды.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

АБАЙЛАҢЫЗ, ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН!

Шымшаһарда осындай жазуы бар орындар көбейді. Себебі, жаз басталып, күн ысығалы қалада шыбын-шіркей, маса мен кеміргіштер көбейді. Осы орайда сала мамандары өалада залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда масаға қарсы дәрі бүрку жұмыстарының екінші кезеңі жүзеге асырылды. Жалпы, қалада мұндай залалсыздандыру жұмыстарының 4 кезеңі жоспарланған. Бұған қоса кеміргіштерге қарсы күрес те қатар жүргізілуде.

Жауапты мамандар дендросаябақ пен «Қасірет» мемориялы секілді адамдар көп жүретін қоғамдық орындар аумағында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Мұндағы жолдардың бойына арнайы техникамен дәрі бүркілді.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы өкілдерінің мәліметінше, бұл дәрі тек масаға әсер етеді, адамдар мен құстарға зиянды әсері жоқ.

– Қаламызда биыл бірінші рет қолға алынған масаға қарсы дәрілеу жұмыстарына сәйкес, жалпы аумағы 4 млн шаршы метрге жуық жерді өңдеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде 1,3 млн шаршы метр – өзен-каналдар аумағы, 2,3 млн шаршы метр – саябақтар аумағы, ал қалған 855 мың шаршы метр – гүлзарлар мен аллеялар аумағы. Залалсыздандыру жұмыстары жаз бойы жүргізіледі. Саябақтар мен гүлзарлардағы тиісті жұмысты – бір мекеме, ал өзен-каналдар аумағында екінші мекеме жүргізеді, – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Мамандардың айтуынша, бұған қоса, қала аумағындағы кеміргіштерге қарсы улау және ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларына қарсы жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде жылқы мен шошқаға дәрі бүркілсе, уақ мал арнайы сұйықтыққа тоғытылады, қора-жайлар мен буферлік аумақтарға дәрі бүркіледі.

Айта кетейік, көп қабатты тұрғын үйлердің қоқыс-жәшіктері, өзен-каналдар аумағын залалсыздандыру жергілікті бюджет есебінен тегін жүргізілетін болады. Ал жеке үйлер мен кәсіпкерлік нысан иелері өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. 2022 жылы кеміргіштерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 9 916,6 мың теңге қаржы қаралған.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Маусым айының үшінші жексенбісі - Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтап, ақ халатты абзал жандардың елеулі еңбегін ерекше атап өтті.

 «2020 жылдан бастап медицина саласы үшін ауыр жылдар болды. Сын сағатта медицина қызметкерлері ажалмен арпалысып, ауыр бейнеттің ортасында жүрді. Әскери қызметкерлер Отан алдында елін қорғауға ант берсе, дәрігерлер Гиппократ антын береді. Соның дәлелі әлемді жайлаған пандемия - коронавирус індетіне қарсы күрестегі еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын, -деді Шыңғыс Жұмабекұлы құттықтау сөзінде.

 Салтанатты жиында денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүрген медицина мамандарына «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» және қала әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

 Айта кету керек, қалада медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында инвесторлар есебінен 13 жаңа денсаулық сақтау ұйымы ашылып, 207 мың қала тұрғыны медициналық көмекпен қамтамасыз етілді.

 Сонымен қатар, балалар клиникалық ауруханасында нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелері ашылды. Қалалық денсаулық сақтау департаменті баспасөз орталығы берген мәліметтерге сенсек, қазір қалада 334 бала динамикалық бақылауға алынған. Оның ішінде «Орфандық» аурулары бар 36 баланы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 1,5 млрд. теңге бөлініп отыр. Балаларды оңалту орталықтарында пациентке бағытталған агротерапия, арт-терапия, қолмен қолданбалы өнерге үйрету әдістері енгізілді.

 Жыл басынан бері шетелдік мамандарды тарта отырып 10 дәрігерге арналған мастер-класс ұйымдастырылыпты. Осы оқу барысында 50 дәрігер акушер-гинеколог, неонатолог, реаниматолог, педиатр, акушерлер «Тиімді перинаталдық күтім технологиясын енгізу» тақырыбында білімін жетілдірді.

 2020 жылдан бастап медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қарқынды жүзеге асып, қазіргі таңда медициналық техникамен жарақтандыру көрсеткіші 77,3%-ға қол жеткізілді.

 Жыл сайын дәрігерлердің айлық еңбекақысы - 30%-ға, орта буын медициналық - 20%- ға өсіп отыр. Қазіргі сәтте дәрігерлердің - орташа еңбекақысы -395 мың теңге, ал орта буын мамандарының орташа еңбекақысы -233 мың теңгені құрайды. Мұның барлығы да ақхалаттыларға көрсетілген құрмет, денсаулыұ саласының өркендеуі үшін жасалып жатұан игі іс екені белгілі.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Қала күні» мерекесі қарсаңында Шымкенттегі «Тассай» индустриялық аймағында жаңа өндіріс орны ашылды.  «Экофарм» өндіріс орны қорғаныс киімдері мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығарады. Жаңа мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Ол өз сөзінде Шымкенттің республикалық маңызы бар қала статусын алған 4 жыл ішінде шаһардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы артып, инвестиция тарту бойынша республикадағы үздік қалалар қатарында екендігін тілге тиек етті.Бүгінгі таңда «Тассай» ИА-да жалпы инвестициялық сомасы шамасымен 45 млрд. теңгені құрайтын 37 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі жоба қаланың экономикалық өркендеуі мен медициналық бұйым өндірісі саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен серпін береді деген сенімдемін. Баршаңызды қала күнімен құттықтай отыра, жобаның арықарай өсіп өркендеуіне тілек білдіремін, - деді.

 3,4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан 1,25 гектар жер телімін ұзақ мерзімге жалға алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған. Жаңадан ашылған бұл өндірісте 150 адам жұмыспен қамтылған. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрін, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығаруға мүмкіндігі бар.

Айта кетейік, «ЭкоФарм Интернейшнл» ЖШС — Қазақстанның фармацевтика нарығында өзіндік брендін қалыптастырып, «Алтын сапа» сыйлығының «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясын иеленген компания. 

«ЭкоФарм Интернейшнл» компаниясы Қазақстанда баламасы жоқ, медицинаға керекті заттардың 500-ден астам түрін шығармақ. Компанияның өнімдері «СК-Фармация» ЖШС арқылы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі емханалар мен ауруханаларға таралып, медициналық бұйымдармен 100 пайызға қамтып отыр. Олардың қатарында вакуумдық құты, инелерден бөлек, жұқпалы дертке қарсы қорғаныш киімдері, бір реттік медициналық бетперделер де бар.

 

"AQ-QARA.KZ"-ақпарат

Осы RSS каналға жазылу