Түркістанның жаңа мәртебесі шаһардың экономикалық жағдайын жақсартуға айтарлықтай әсер етпек

Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» республикалық туристік форумы өтті. Маңызды шараға Орталық Азия елдерінің және еліміздің туризм саласындағы бизнес және ірі компания өкілдері, сарапшылары мен қолөнершілері қатысты.

Түркияның ORZAX компаниясы Түркістанда зауыт салмақ

Түркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – ORZAX Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) шығаратын жаңа зауыт салуға ниетті. Жобаның жалпы құны 40 миллион АҚШ долларын құрайды.

Ордабасы ауданы: қаржы түсімін қамтамасыз ететін кәсіпкерлік, өндіріс салаларына аса басымдық берілуде

Аудан әкімі Азат Оралбаевтың 2024 жылдың қорытындысы мен ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар жөніндегі кездесу жиындары бүгін Қараспан және аудан орталығы Қажымұқан ауыл округтерінде өтті.

Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді

Түркістан облысына ҚХР-нан келген делегациясыны Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қарсы алып, өңір әлеуетімен таныстырды. Шетелдік топ өңірдегі өндірістік және индустриалық аймақтарын аралап көрді. Облыс әкімі іскерлік кездесу өткізіп, келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар логистикалық парктердің мүмкіндіктерін зерттеу, Қазақстанның энергетика және тау-кен өндіру секторларын талдау, өңірде бірлескен қойма немесе сауда өкілдіктерін құру мәселелерін талқылады. Инвесторлар жобаларын таныстырып, ұсыныстарын білдірді.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков индикаторлық жоспардың іске асу сатысы бойынша аудан, қала көрсеткіштерін саралап, Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына өңірлердің дайындығын пысықтады. Сонымен қатар жетекшілік ететін салалары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын тексеріп, жауаптылармен бірге өзекті мәселелер мен шешу жолдарын талқылады.

Басқарма басшылары аудан, қалалардағы кенжелеп тұрған бағыттардың көрсеткішіне тоқталып, кемшіліктерді баяндады.

Су үнемдеу технологиясын ендіру бойынша жұмысты ширату Түлкібас, Бәйдібек, Келес аудандары мен Кентау қаласына ескертілді. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселенің өзектілігін өзге аймақтардың да назарына салды.

Инвестиция тарту, қарқынды бау, жылыжай шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын алу жоспарларын орындауда аудандар арасында қажеттілігіне қарай тәжірибе алмасу ұсынылды.

– Жиналысты арнайы басқарма басшыларының және аудан әкімдері орынбасарларының қатысуымен өткізіп отырмыз. Кедергілер болса, бірге талқылап, шешу жолын қарастырайық. Жыл басында белгіленген межемен бәріңіз келістіңіздер, ендігі айтқан уәждеріңіз қабылданбайды. Мәселе бөлімдегі мамандарға жүктегенмен шешілмейді. Жауапкершілік өздеріңізден талап етіледі. Сондықтан, кабинеттен шығып, шаруашылықтарды аралаңыздар. Қалыптасқан жағдайды өздеріңіз сараптағанда ғана нақты шешім, ұтымды ұсыныс айта аласыздар, – деді Нұрбол Тұрашбеков.

Мәжілістің күн тәртібіне сәйкес, келесі кезекте Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы баяндалып, нәтижесімен бірқатар тапсырмалар нақтыланды.