Жетісайлық кәсіпкерлер палатасы 1940 кәсіпкерге қызмет көрсеткен

Түркістан облысының Кәсіпкерлер Палатасы Жетісай аудандық филиалының 2022 жылында атқарылған жұмыстары бойынша төмендегіідей мәлімет берді.  

Аудан көлемінде кәсіпкерлік субьектілер саны 15 219, заңды тұлғалар 951, жеке кәсіпкерлер 4537, шаруа қожалықтар 9731 қызмет жасайды. Біз бұл кәсіпкерлік субьектілерінің кез келгеніне бухгалтерлік және салықтық есептерін жүргізу, заңгерлік, қаржыландыру бойынша толық сүйемелдеу, кеңестер беру бойынша тегін қызметтер көрсетіп келеміз.

Кәсіпкерлер палатасы Жетісай аудандық филиалының кеңесші-менеджерлерімен 1940 кәсіпкерлер мен жеке азаматтарға бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есептілікті жүргізу, бизнес-жоспар жасау, заңгерлік қызметтер көрсету, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік ашу, мал басын көбейту бойынша несие алуға, субсидия бойынша кеңестер беріліп құжаттар дайындауға көмектер көрсетілді.

Жобаларды сүйемелдеу жұмыстары бойынша жыл басынан «Атамекен-Түркістан» МҚҰ бойынша 8 жобаны қарап, 8 жобаға - 38,5 млн тенге несие қаражатын берді. Қалған мемлекеттік бағдарламалар бойынша: Мкұ Ырыс, Агронесие корпорациясы, екінші деңгейді банктер арқылы да кәсіпкерлерге сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданда бірнеше дүкендер мен тамақтанатын орындар, әсемдік салон, тігін саласы т.б кәсіпкерлік қызмет көрсету орындары ашылды.

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі №129-V «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңына сай, Түркістан облысы Кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» ойын сауық орталығында 2022 жылдың тамыз айында "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсына Жетісай ауданының отандық тауар өндіруші кәсіпкерлік субьектілері қатыстырылып, жеке кәсіпкер «Берік» алғыс хатпен марапатталды.

Жетісай қаласындағы Орталық базары өртенуіне байланысты, 818 кәсіпкерлердің тізімі жасақталып, мүлік шығындарының есептелуіне көмек беріп, жеңілдетілген несие берілуіне ықпал етіп, құқықтық кеңестер берілді.

Білім беру мекемесі жеке кәсіпкердің балабақшасын біріктіру жөнінде өтініші толық қанағаттандырылмағандықтан, Кәсіпкерлер Палатасы тарапынан толық құқықтық сүйемелдеу жұмысының нәтижесінде жеке кәсіпкердің құқығы қорғалды;

«Агро несие корпорациясы» АҚ-нан несиеге алған жүк көлігі өртеніп жарамсыз болуына орай жеке кәсіпкердің несие төлемін шегеруіне құқықтық көмек берілді;

Аудан прокуратурасы және Кеңес мүшелері, «Іскер әйелдер» кеңесі осыған ұқсас тағы да басқа мекемелер мен алуан түрлі тақырыпта кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 Қаулысымен бекітілген «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламары бойынша семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді. Жыл бойы ауылдық округті аралап, кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар, қолдаулар бойынша кеңестер беріліп келді.

 

Түркістанда «әлеуметтік дүкендерді» жүргізіп отырған кәсіпкерге айыппұл салынды

«Үш жылдан бері жүргізіп отырған кәсібіме келісімшарт бұздың деп 20 млн көлемінде айыппұл салынып отыр», – деп шағымданды жеке кәсіпкер Бабаджанова Г.У. Кәсіпкердің айтуынша «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ осы уақытқа дейін төлемдерді кешіктіргені жөнінде ескерту хат жолдап отырған. Алайда ол хатта айыппұл туралы мәлімет болмаған. Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Департаментінің тексеру актісінен кейін 20 млн айыппұл салынғандығы жөнінде ескерту хат жолданған.

Осы мазмұндағы уәжбен Палатаға Түркістан қаласының бірнеше кәсіпкері арызданып, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамымен жасалған келісімшарттардың талаптарының заңдылығына қатысты көмек сұраған.

Өңірлік палата аталған мәселенің маңыздылығы мен жүйелілігін ескеріп оны жан-жақты объективті талқылап, шешу жолдарын қарастыру мақсатында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Арынбаев, Түркістан қаласы прокуратурасының прокуроры Т.Құрасбек, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның өкілдері мен Тұрақтандыру қорының директоры Л.Жанасбаеваның қатысуымен арнайы дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында Комиссионер Тұрақтандыру қорынан алынған тауарлар үшін бір аптадан асқан қарыздар болғандығы, кешіктіріп төлегендігі үшін айыппұл салынғаны анықталды. Комиссионерден өндіру жөнінде тиісті шаралар жасалмағандықтан, шарт талабын бұзғандығы үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әрбір уақытылы төленбеген қарызға айыппұл салынатындығы түсіндірілді.

«2022 жылы Департамент өкілдерімен «Түркістан» ӘКК» АҚ-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді. Нәтижесі бойынша Акционерлік Қоғам мен бизнес өкілдері арасында жасалған келісімшарттардың талаптары бір жақты, кәсіпкер үшін қолайсыз жасалғаны анықталып, осы сәйкессіздіктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізілді», - деп атап өтті Нұрлан Керімханұлы.

Жиын соңында Палата атынан бұл мәселені екі жақты Заңды шешу мақсатында «Түркістан» ӘКК АҚ-ның заңгерімен зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қажет болған жағдайда медиаторға жүгіну жолымен кәсіпкерге бір жолға қатаң ескерту беруді немесе салынған айыппұлдың сомасын төмендету ұсынылды.

Түркістан: Білім мен медицина кәсіпкерлерін басын қосқан жиын

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының “Білім беруді және медицинаны дамыту комитеті” отырысы өтті.

Жиында екі мәселе қаралды:

1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» ҚР Заңының 6 бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес *«Түркістан облысы* әкімдігінің 2022 жылғы 29 қазандағы №185 *«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»* Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасында корсетілген балалардың мектепке дейінгі мекемеде 9 сағаттық болуы корсетілген, ал Палата өз кезегінде бизнесті қолдап 10,5 сағат болуын ұсынды.

Жәнеде мектепке дейінгі мекемелерге мониторинг жүргізу критерийлері талқыланды.

“Егерде жергілікті бюджеттің қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, балабақшада балалардың 9 сағат болуына ғана қаражат төленсе, онда бизнес шығынға ұшырайды. Себебі әр баладан 4000 теңге кем төленеді. Әрі біз баланы ата- анасы алып кетпейінше далаға шығарып жібере алмаймыз, яғни бұрыңғысынша тәрбиеші баланы 10-12 сағат қадағалайды, бірақ тек 9 сағатқа ғана ақысы төленеді деген сөз, біз бұған келіспейміз”, - деп атап өтті Түркістан облысы бойынша үздіксіз білім беру қауымдастығының директоры, Өңірлік кеңес мүшесі Хабибова Дильдар.

СОЗАҚ: 65 ЖОБА СҮЙЕМЕЛДЕНІП, ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

Созақ ауданындағы «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ "бір терезе" қағидасы бойынша кәсіп бастаушы және кәсібін дамытушы аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне 3 бағытта қолдау көрсетіп келеді.

-2022жылдың қорытындысы бойынша орталық көрсеткен қолдаулар:

•консалтинг және жобаларды сүйемелдеу бөлімі бойынша 1055 кеңес, 88 бизнес-жоспар әзірленіп, 65 жоба тиісті қаржы институттарымен 293,8 млн тг қаржыландырылды.

Жобалардың экономикалық қызмет түрлерінің басым бағыты егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, жекеменшік балабақшалар, жер алуға конкурсқа қатысушылар болып табылады.

•рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлім бойынша 114 құжат рәсімделіп заңдастырылып 807 кеңес берілді,-дейді «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ Созақ аудандық бөлімі басшысы Динара Матенова.

Түркістан: Палата балабақша жұмысын 10,5 сағатқа ұзартуды ұсынуда

«Егерде жергілікті бюджеттің қаражатын тиімді пайдалану мақсатында, балабақшада балалардың 9 сағат болуына ғана қаражат төленсе, онда бизнес шығынға ұшырайды. Себебі әр балаға 4000 теңге кем төленеді. Әрі біз баланы ата-анасы алып кетпейінше далаға шығарып жібере алмаймыз, яғни бұрыңғысынша тәрбиеші баланы 10-12 сағат қадағалайды, бірақ тек 9 сағатқа ғана ақысы төленеді деген сөз, біз бұған келіспейміз», – деп атап өтті Түркістан облысы бойынша үздіксіз білім беру қауымдастығының директоры, Өңірлік кеңес мүшесі Дильдар Хабибова

.

Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында «Білім беруді және медицинаны дамыту комитетінің» отырысы өтті.

Жиында «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 27-бабының 2-тармағында, «Білім туралы» ҚР Заңының 6 бабы 2-тармағының 7-3) тармақшасына сәйкес «Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қазандағы №185 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасында балалардың мектепке дейінгі мекемеде 9 сағатқа ғана болуына ақысы төленетіні көрсетілген. Кәсіпкерлер бұған келіспей, наразылық білдіруде. Палата өз кезегінде бизнесті қолдап 10,5 сағат болуын ұсынды.

Кездесу соңында кәсіпкерлердің сұрақтары талқыланып, бұл мәселені өз кезегінде прокуратура өкілдері назарға алды.

ОРДАБАСЫДА КҮРКЕТАУЫҚ ӨСІРУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақов Бадам ауыл округіндегі “Ордабасы құс” ЖШС-не барды.

Аталған кәсіпорын «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысын бастаған болатын.

I кезеңі 2010 жылы іске қосылған. Өндіріс қуаттылығы жылына - 4 828 тонна. Жоба «КазАгроқаржы» АҚ-арқылы қаржыландырылған. Жобаның инвестициялық құны - 3 млрд. 249 млн.теңге, мұнда 280 жұмыс орны ашылған. II кезеңі 2014 жылы іске қосылған. Өндіріс қуаттылығы жылына - 8110 тонна. Жоба «КазАгроқаржы» АҚ-арқылы қаржыландырылған. Жобаның инвестициялық құны -2 млрд. 330 млн.теңге, ашылған жұмыс орны - 140 адам.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күркетауық фабрикасына жалпы құны 128 млн. теңгеге газ құбыры мен ішкі автожолдар тартылған.

Былтыр қараша айының 14-жұлдызында 52 000 бас күркетауық тұқымы инкубаторға салынып, 50 000 бас балапан шығып, өсіріліп жатыр. Ал биылғы қаңтар айының 11-жұлдызында Франция мемлекетінен 54 000 бас күркетауық тұқымы әкелініп, инкубаторға салынып, 28 күнде балапан болып шығады деп жоспарланып отыр.

Нұрбек Бақтыбайұлы серіктестік қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлестеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ кейбір мәселелер бойынша әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.

Түркістандық «Бөрте-Милка» йогурттың 5 түрін шығарады

Инновацияларды тиімді қолданып отырған, оңтүстік өңірінде орналасқан сүт фермасы «Бөрте-Милка» биыл «Алтын сапа» Премиясын жеңіп алды. Жалпы бұл кәсіпорын туралы не білеміз?Оның қандай өнімдері бар?

Тәулігіне 15 тонна сүтті өңдеуге қауқарлы кәсіпорын қаймақ пен айран, сары май, құрт, балмұздақ және балаларға арнап "Бөрте Милка" йогуртының 5 түрін шығарады. Жұмысын бастаған күннен бастап шағын фермерлерден де сүт қабылдай бастаған. Олармен келісім-шарт жасалған. Мұнда барлық жұмыс адам қолымен емес, роботтардың көмегімен атқарылады екен. Фермада салқындату және жарық жүйесі, тіпті, камера орнатылған. Ал сүт өнімдері швед технологиясы бойынша өндіріледі екен.

Компания кешені өңірдегі жалғыз роботтандырылған сүт-тауарлы ферма болып саналады. Ферма шведтің DeLaval және голландтық Lely компаниясының ең заманауи технологиясын қолданып соғылған.

Мұндағы барлық жұмысты дерлік роботтар атқарады - сиырды тазалап, сауады және тұратын орнын тазалайды. Жемделетін сиырларды салқындату жүйесі, метеостанциясы бар желдеткіш жүйесі, күндізгідей жарық жүйесі, сиырдың тойғанын анықтау үшін және жағдайын саралап тұратын камералары орнатылған.

Фермада өз Селекция және генетика орталығы бар. Голштино-фриз тұқымын алғашқыда Венгриядан әкелген болса, қазіргі таңда өз жерімізде бұзаулар өсірілуде.

Инвестиция көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 20% - өз қаражаты болса, 40% – несие, 40% -  мемлекет көмегі. Мұнда Гольдштейн Фриз тұқымдас 480 сиыр бар. Әрқайсысына бірегей коды бар чип орнатылған. Сауын сиыр туралы ақпарат жалпы компьютерге түседі. Адамның көмегінсіз 8 робот-сауыншы 480 сиырды сауады. Әр сиырдан тәулігіне 30-40 литр сүт сауылады. Осылайша бір тәулікте шамамен 15 тонна сүт жиналуда.

2016 жылы «Жылдың үздік кәсіпкері», «Озат инвестициялық жоба», 2017-2018 жылдары қатарынан «Үздік инновациялық жоба», 2019 жылы «Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеудің үздігі», «Жыл бренді» номинацияларын және т.б. бірнеше номинацияларды жеңіп алған, ал биыл Қазақстанның үздік тауары республикалық көрме-байқауына Түркістан облысынан қатысып жатқан ЖШС «Бөрте-Милка» сүт фермасы елімізде инновацияны тиімді қолданып отырған бірегей кәсіпорын, - деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Биыл бесінші ферманы салу жоспарлануда. Ол ферма моделі алдыңғы фермалардан ерекше етіп, онда төрт робот жұмыс жасап, тәулігіне 22 тонна сүт өндіреді  деп күтілуде.

Түркістан: Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес бар

 

Түркістандыық кәсіпкерлер үшін Палата жанынан Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Бизнестің құқықтары мен мүдделерін жан-жақты қорғау Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының жұмысындағы басты басымдықтардың бірі болып табылады.

 Біз Туркестан облысының барлық кәсіпкерлеріне жергілікті билік органдарының және мемлекеттік органдардың өкілдері тарапынан негізсіз кедергілер туындаған жағдайда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Сізге туындаған мәселелерді шешуге дереу көмек көрсетуге дайын екендігін хабарлаймыз.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы

Бизнесті қорғау мақсатында «Атамекен» ҰКП аясында Қазақстан Республикасының көрнекті саяси қайраткері, ҚР ІІМ-нің еңбек сіңірген қайраткері, генерал-полковник Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов басқаратын тұрақты жұмыс істейтін Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық кеңесі жұмыс жасайды.

Республикалық кеңеске сәйкес,  Өңірлік палата Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесін құрды, оған бизнес-қауымдастықтар мен партиялық ұйымдардың өкілдері (Нұр Отан, Ақжол), IOI, мемлекеттік және қадағалау органдарының өкілдері кіргізілді.

Ай сайын өткізілетін кездесулерде Кеңес мүшелері кәсіпкерлердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысуымен кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін бұзуға байланысты нақты жағдайларды шешу жолдарын қарастырады. Осы алаңда бизнес-қоғамдастығының өкілдері тікелей олардың лауазымды тұлғаларымен байланысуға, олардың проблемалары туралы нақты сұрақтар қою мүмкіндігі бар. Әрбір Кеңес отырысының соңында оның қатысушылары аймақтық Палата кәсіпкерді қорғау және қолданыстағы жүйелік бизнес проблемаларын шешу үшін тиісті қадамдар жасайтын шешімдер қабылдайды.

Кеңестің жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жарияланады, бұл Кеңеске қоғамдық бақылау түрінде қосымша құралдар жасайды. Сондықтан Кеңес қарайтын кез-келген кәсіпкер оның мәселесі тыңдалатынына сенім артуына болады.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары келіп түскен проблемалық мәселелер бойынша құқықтық пікірлер дайындайды, ал кәсіпкерлердің құқықтарын ең қатал түрде бұзылған мәселе Кеңестің қарауына шығарылады.