Түркістан қаласында 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Әмір Темір атындағы №3 жалпы білім беретін мектебіне 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Ұлы қолбасшы Әмір Темірдің есімін иеленген мектеп Түркістан қаласындағы 60 жылдық тарихы терең алтын ұяларының бірегейі болып саналады.

Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 мектебінде тәжірибелік семинар өтті

Түркістан қаласы білім бөлімі басшысы Оразкул Шайхықызының қолдауымен әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп базасында «Тарих-география сабақтарында оқушының логикалық ойлау қабілетін және танымдық-зерттеушілік белсенділігін арттыру» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтті.

Түркістанда жасөспірімдердің тәрбиесіне арналған келелі жиын өтті

Тәлім мен тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс екендігін жақсы білеміз. Әрбір баланы тәрбиелеу отбасынан басталса, бұл орайда педагогтардың атқаратын қызметі де зор. Өскелең ұрпақтың бойына ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдыларын дер кезінде қалыптастырып отыру кезек күттірмейтін шаралардың бірі.

Түркістан: педагог-психологтарға арналған семинар ұйымдастырылды

Түркістан облысы білім басқармасының бастамасымен орта білім беру ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарына арналған «БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қордың ұйымдастыруымен» атты 4 күндік оқу курсы өтілген болатын. Оқу курсына Түркістан қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы №16 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологі Шара Нұрғалиқызы Абдирахманова қатысып, тренерлік курстан өткен-ді.

Түркістан: оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды

Түркістан қаласындағы М.Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектеп базасында «Химия-биология сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы, оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру» тақырыбында қалалық семинары өткізілді.

Түркістанда «Науаи оқулары» қалалық байқауы өтті

Түркістан қаласы білім бөліміне қарасты Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінде Түркістан облысы білім бөлімінің басшысы О.Қолдасованың бұйрығы негізінде «Науаи оқулары» қалалық байқауы білім бөлімінің әдіскері Г.Аметованың ұйымдастыруымен өткізілді.

Түркістан: бөлім басшысы көшбасшы педагогтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісінде білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігін әзірлеу және бекіту бойынша пилоттық жоба бастаған болатын. Бес кезең бойынша жүргізілген жобаға қатысқан түркістандық ұстаздарбарлық кезеңдерден сәтті өтіп, кадрлық резервке алынды.

Түркістан: инклюзивті білім беру бойынша семинар өтті

Мектептерде инклюзивті білім беру бағдарламаларын енгізуде оқушылардың ата-аналарының ерекше орны мен рөлі, олардың педагогикалық инновация ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларға инлюзивті білім беруге қатынастары мәселесі қарастырылған.

Шымкент: Бұрынғы балалар темір жолының қазіргі келбетін жасайтын екі мекеме анықталды

Қала әкімдігімен кәсіпкерлер арасында жарияланған серуендеу алаңының (бұрынғы балалар темір жолының 2-станциясы) аумағындағы кофехананың үздік концепциясы конкурсына 17 үміткер қатысты.