Ордабасы ауданындағы үш аймақтың тоғысқан жеріне көпір салынбақ
Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылынан Шымкент қаласына қатынауды жеңілдету мақсатында, қосымша көпір салу мәселесі біраз уақыттан бері өзекті болып келеді. Осыған байланысты ауыл тұрғындары атынан аудандық мәслихат депутаты Ғабит Оразымбетов аудан әкімі мен аудандық маслихат төрағасы тарапына өтініш жолдаған болатын.