Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков облысымыздың 30-дан аса экспорттық әлеуеті бар кәсіпкерімен кездесіп, олардың жеке қажеттіліктерімен танысты. Жиынға Түркістан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы және кедендік декларацияны бақылау бөлімінің басшылары, сондай-ақ «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Атамекен» РКП» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының және «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Түркістан ауданы бойынша аймақтық филиалдары және «ОҢТҮСТІК» АИО өкілдері қатысып, өз тараптарынан эспорттаушы компанияларға көрсететін қызметтері туралы мәлімдеді. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.