Түркістан облысы: Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының құрамы қалыптастырылды
Мақтаарал ауданында өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан қалыптастырылған аппарат құрамын аудан активіне таныстырды.
Мақтаарал ауданында өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Бақыт Асанов жаңадан қалыптастырылған аппарат құрамын аудан активіне таныстырды.
Мақтаарал ауданында аудандық мәслихаттың кезектен тыс өткен отыз алтыншы сессиясында төрт мәселе қаралып, депутаттардың талқысына салынды.
19 тамыз – спортшылар күніне орай Мақтаарал ауданының ардагер спортшыларының арасында футболдан жолдастық кездесу өтті. Іс-шараның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков спортшыларға деген ізгі тілегін арнады.
Түркістанға жаңа қоныстанған Дене шынықтыру және спорт басқармасы қалалық спорт бөлімімен бірге тамыздың 18-інде «Спортшылар күніне» орай салтанатты іс-шараны Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда ұйымдастырды. Ұйымдастырушылар алдымен салтанатты шараны бастамас бұрын Қазақ волейболының атасы атанған Октябрь Жарылқаповтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
Облыс орталығы Түркістанда жыл соңына дейін 700 отбасы баспаналы болады. Бүгінде шаһарда азаматтарды баспанамен қамту шаралары қарқынды түрде жүзеге асуда. Ол үшін осы жылдың екінші жарытысында қазынадан 6 млрд. теңгеден астам қаржы қаралып, 11 үйдің құрылысы басталған. Одан бөлек қала аумағынан 10 пәтерлі қызметтік 4 үй салынуда.
Бүгінде қаланың жаңа статусына орай алғышарттар жасалып, Түркістанның алдағы уақыттағы даму бағыттары мен шаһардың осы заманғы жаңа келбетін қалыптастырудың тетіктері қолға алынуда. Қонақтар мен туристер ең алдымен шаһардың сәулеті мен көркіне көз тігетіні сөзсіз. Сондықтан басты жұмыстар қаланың келбетіне сын келтіретін бейберекет сауда орындары мен көпшілік көп баратын орталық "Қуаныш" базарының маңындағы ретсіз сауда орындарын талапқа сай ретке келтіру болып отыр.
«Нұр Отан» партиясының әлеуметтік салаға бағытталған жаңа бағдарламасы аясында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес-құрылымдар өкілдерімен бірлесіп, программалау және робототехника негіздерін терең оқып-үйрену үшін еліміз бойынша 1000 тегін IT-сыныптар ашуды жоспарлаған болатын.
Осыдан 3-4 апта бұрын Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен ауданымызда жаппай сенбілік жұмыстары қарқын алған болатын. Нәтижесінде Жетісай қаласындағы орталық саябақ жаңаша кейіпке еніп, қалыпқа келе бастады. Қазірдің өзінде мұнда демеушілер есебінен жүргіншілер жолына асфальт төселіп, жарықтандыру жұмыстары толығымен аяқталды.
Өткен жұмада «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды жәнежаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізілді.
Жуырда Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Мәжілістің күн тәртібінде бір мәселе – Шардара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2018 жылдың 7 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы мен жыл соңына дейін қойылған міндеттері туралы есепті баяндамасы тыңдалды.