Сарыағаш курорттық аймағы жаңа бағытта дамытылады

Түркістан облысының басты экономикалық салаларының бірі – туризм саласы. Оның ішінде өңірде емдік-сауықтыру туризмінің әлеуеті жоғары. Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаевтың төрағалығымен Түркістанда Сарыағаш курорттық аймағын дамыту бойынша мәжіліс өтті. Жиынға тиісті басқарма мен инвестициялық мекемелердің және «Атамекен» ҰКП өкілдері, сондай-ақ шипажай басшылары қатысты.

ШЫМКЕНТ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ТҮРЛІ ҰЛТ ПЕН ҰЛЫС ӨКІЛДЕРІ ДЕ АТ САЛЫСУДА

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясына Ассамблея өкілдері де қатысты. Бұл акцияға қала аумағын абаттандыруды белсенді бастаған Шымкент тұрғындарымен бірге ассамблея мүшелері де ерекше қолдау көрсетті.
#TazaShym экологиялық акциясының аясында "Қазақстан - Түркия достығы" саябағында өткен іс-шараға қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ассамблея мүшелері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды жинау, көгалдандыру, ағаштарды күту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Акцияға қатысушылар саябақтағы қоқыстарды тазалап, шөп ору, ағаштарды әктеу, кесу жұмыстарын жүргізді. Бұдан басқа, шағын аудандардың аулаларын, қоқыс жәшіктерін тазалау, орындықтарды, балалар алаңдары мен спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына 1200-дан астам адам қатысып, 17 арнайы техника жұмылдырылды, барлық аяқ жолдар тазаланып, 56 м3 қоқыс шығарылды,14 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды. Іс-шараға армян этно-бірлестігінің өкілі Н. Мавсосиян, белсенді жас А. Сұлтан және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Д.Қожамжарова және басқа да қала тұрғындары қатысты.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ БАРШАҒА ОРТАҚ АКЦИЯҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДА

Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғалы барлық жерлерде тазалық жұмыстары басталып кетті.
Бес аптаға созылаатын науқанға үшінші мегаполис тұрғындары барынша қолдау білдіріп, тазалық жұмыстарына белсенді қатысуда.
Ал бүгін Шымкентте #TazaShym атты жалпы қалалық тазалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл ауқымды іс-шара Қаратау ауданында да жүзеге асуда. Іс-шара барысында барлық ауданға қарасты елді-мекен аумақтарында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Аудан тұрғындары, белсенді жастар «Т.Назарбеков» аллеясының аумағын, Ж.Шаяхметов көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының, «Нұрсәт» шағын ауданы аумағын тазалап, қоқыстардан тазартты, ағаштарды әктеп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға тұрғындармен бірге танымал айтыскер ақын – Б.Байтуов, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы – А.Тоқмағамбетов, белсенді жастар және басқа да азаматтар қатысты.
Жалпы, еліміз бойынша өтіп жатқан акцияның мақсаты қаланы көркейту, абаттандыру, тұрғындар назарын айналасын таза ұстауға аудару.
Осы орайда қаратаулықтар «әр ай сайын тазалық акциясын өткізіп отыру керек. Сол кезде қаламыз да, ауданымыз да тазарып, жайнай түседі»-дейді.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

Биылғы көктемде Шымкентте сәндік және жеміс ағаштарының 120 мыңнан астам көшеттерін және орман алқаптарында тағы 20 ағаш отырғызу жоспарлануда.
Осылайша, Шымкентте жеміс ағаштарын отырғызу есебінен жыл сайын "жасыл белдеу" аумағы да ұлғаяды, ол өз ауқымы бойынша 8000 гектардан асады. Қазіргі уақытта қала үшін микроклиматтың қалыптасуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шымкент әкімдігінің және қала тұрғындарының басты мақсаты-Сүйікті Шымкентті тезірек "жасыл қала" ету. Сондықтан жыл сайын кешенді шаралар қолданылады және барлық суару жүйелері мен жасыл желектерге зерттеулер жүргізіледі.

 

 

ШЫМКЕНТТЕ 80-ГЕ ЖУЫҚ САУДА ОРЫНДАРЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫН БЕЛІГЛЕНГЕН БАҒАДА САТЫЛУДА

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы жұмыс пен жетістіктер және алдағы жоспарлар туралы» баспасөз конференциясында айтылды.

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында 8.7 млрд.теңге қарастырылды.

Сонымен қатар, қала аумағында 80 ге жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белігленген бағада сатылуда.

Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 16 комиссия отырысы өтті.

Нәтижесінде 219 сауда субьектілерінің электрондық шот фактуралары зерттеліп, тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 128 кәсіпкерлік субьектіге ҚР ӘҚБтК 204-4 бабымен әкімшілк хаттамалар толтырылды.

Бүгінгі күнде қалада көлемі 139 га құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннға жуық өнім жиналуда. Осы бағытты дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен біргелесе І-кезеңде 100 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда. Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 га ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артатын болады.

Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% субсидияланып, ал комуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Ұлттық жобасы аясында қалаға 12 индикатор бекітіліп берілген, аталған көрсеткіштерге жету мақсатында бірқатар іс-шаралар биылғы жылы атқарылатын болады.

Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың га құраса биылғы жылы қалада егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың га жетіп, өнімділік 86,0 мың тоннаны құрайтын болады.

Сонымен қатар, алдағы уақытта 8,5 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт және 160,0 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады.

Түркістан облысында биыл 335 мың гектар жерге дәнді дақылдар егіледі

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды дала жұмыстарын барлық ауданда күшейтіп, өңірде мақта-тоқыма кластерін дамытуға басымдық беріп, жұмысты жандандыру, шаруаларға берілетін көмектерді жылдам әрі жүйелі түрде үйлестіруді тапсырған болатын.

Түркістан: Бәйдібек ауданына инвестиция тарту жұмысын жандандыру керек

Бәйдібек ауданын дамыту үшін қандай салаларға басымдық берілгені жөн? Қандай жұмыстарды атқару керек? Ауданда өндірісті дамыту мен өзіндік табысын көбейту мүмкіндігі бар ма? Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен ауданда өткен актив отырысында осы және өзге де сұрақтарға жауап ізделді. Индикаторларды орындай алмаған жауапты тұлғаларға сын-ескертпелер айтылып, тапсырмалар берілді.

ШЫМКЕНТТЕ АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕТІН ЖОЛАУШЫЛАР ҚАТАРЫ АРТАДЫ

Бүгінде қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығы І-топтағы мүгедектерге, «Батыр ана», «Алтын алқа», «Күміс алқа» төс белгі иегерлеріне, Тыл ардагерлеріне, зағип жандарға және олармен бірге жүретін бір адамға берілген. Ал 7-18 жасқа дейін мектеп оқушыларына тарифтің 50 пайызын төлеу жеңілдігі, студенттерге 50 теңге төлеу қарастырылған.

Мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық көлікте тегін жүретін санаттағы азаматтар қатарын көбейту туралы шешім қабылдады.

1 мамырдан бастап қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі жоғарыда аталғандардан бөлек, келесі санаттағы азаматтарға да қолжетімді болады:

1)Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

3) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

4) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болғандар;

5) ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

6) 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

7) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары ретiндегі адамдар;

екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

9) мүгедектігі бар балаларға;

10) 70 жастан асқан зейнеткерлер;

11) оқушылар.

Айта кетейік, жолаушылар көлігінің сапасы қала басшысының жіті бақылауында. Бұл қызметті жақсартуға барлық мүмкіндіктер жасалып отыр.

Бүгінде қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер саны 1000-ға жуық. 77 тұрақты қалалық маршрут бойынша күнделікті маршруттарға 915 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 11 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде.

Дархан Сатыбалды түркістандықтарды «Таза Қазақстан» акциясын қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары қуанышпен қабылдап, жұмысты бастап кетті.