Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстары дайындық жүргізілуде

Шардарада көктемгі дала жұмыстарын уақтылы ұйымшылдықпен өткізу мақсатында аудан әкімінің тапсырмасымен «2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын үйлестіру жөнінде аудандық штаб» құрылды. Биыл егілетін егіс көлемі жоспарланды.

Дархан Сатыбалды: «Тұрғындар мәселесі заң аясында шешімін табуы тиіс»

Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тұрғындарды жеке қабылдауы Шардара ауданында жалғасты. Жұмыс сапарымен барған өңір басшысы «Ашық есік күніне» келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес өткен кездесуде тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды.

Түркістан: Шардарада инвестициялық жобаларды көбейту керек

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активімен отырыс өткізді. Мәжілісте Шардара ауданың экономикасын көтеру жолдары талқыланды. Өткен жылы ауданды дамыту бағытында атқарылған жемісті жұмыстар мен кездескен кемшіліктер сараланды. Облыс әкімі кемшіліктерді уақтылы қалпына келтіріп, жоспарларды жүйелеуді тапсырды.

Түркістанда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының кезекті жеке қабылдауы өтті

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістанда кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың жеке мәселелері мен өтініштерін тыңдады. Қабылдауға құқық қорғау органдары мен аудан, қала әкімдері, басқарма басшылары қатысып, мәселелердің тиісті шешімін табуға атсалысты. Бұған дейін де облыс орталығынан бөлек, аудан, қалаларда «Ашық есік күні» тұрақты түрде өткізіліп, туындаған сауалдардың басым көпшілігі шешімін тауып келеді.

Түркістанда жиһаз шығаратын жаңа зауыт ашылды

Түркістан облысында өндіріс орындары мен жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Таяуда облыс орталығы Түркістан қаласындағы «TURKISTAN» индустриалды аймағында жиһаз цехы ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.

Түркістан: Созақтың әлеуетін жақсарта түсу бағытындағы жұмыстар жалғасады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданында мәжіліс өткізді. Жергілікті активпен кездесіп, ауданды дамыту бағытындағы жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді айқындады. Барлық сала бойынша көрсеткіштерді зерделеп, кемшіліктерді де ашып айтты. Аудан әкіміне, басқарма басшыларына жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді.