Түркістан: күкірт қышқылы зауытының құрылысына Италия компаниясы қолдау көрсетеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға жұмыс сапары барысында маңызды келісімдерге қол жеткізді. Солардың бірі – Түркістан облысы, Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салу жобасы.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ШЫМКЕНТТІКТЕР ҚАЛАЙ АТСАЛЫСУДА?

Республикалық экологиялық акция бес аптаға жалғасады. Қазірдің өзінде шымкенттіктер тазалық шараларына белсенді ат салысуда. Қала тұрғындары мен қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды тазартып, абаттандыруға үлес қосып жатыр.
«Киелі мекен» аптасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады. Бүгінде мегаполисте бүлінген аялдамалар қалыпқа келтіріліп, қала көшелерін жамау жұмыстары да қарқын алған.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

Биылғы көктемде Шымкентте сәндік және жеміс ағаштарының 120 мыңнан астам көшеттерін және орман алқаптарында тағы 20 ағаш отырғызу жоспарлануда.
Осылайша, Шымкентте жеміс ағаштарын отырғызу есебінен жыл сайын "жасыл белдеу" аумағы да ұлғаяды, ол өз ауқымы бойынша 8000 гектардан асады. Қазіргі уақытта қала үшін микроклиматтың қалыптасуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шымкент әкімдігінің және қала тұрғындарының басты мақсаты-Сүйікті Шымкентті тезірек "жасыл қала" ету. Сондықтан жыл сайын кешенді шаралар қолданылады және барлық суару жүйелері мен жасыл желектерге зерттеулер жүргізіледі.

Айта кету керек, Шымкентте қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау, жаңа ағаштар отырғызу, мезгіл-мезгіл азықтандыру, суару, кесу, әктеу жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мамандары қасиетті Рамазан айында отырғызылған ағаштар тамыр жайып, ыстық күндерде адамдарға салқындық сыйлайды.

Түркістан облысы: Созақ ауданында екі шағынауданды ауыз сумен қамтитын нысанның құрылысы аяқталды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Созақ ауданына жұмыс сапарымен барған кезде алдымен, Шолаққорған ауылындағы құрылысы аяқталған ауыз сумен қамтамасыз ету нысанында болғаны белгілі. Нысанның құрылысы аяқталған. Енді Шолаққорған ауылындағы «Ақшам» және «Наурыз» шағынаудандарындағы 5600 тұрғын, 1111 абонент таза ауыз суға қол жеткізбек.

Жаңа нысанды көрген өңір басшысы ауылдар мен елді мекендерді толық ауыз сумен қамту бағытында жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанынан тоқталды.

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨҢІРЛІК ШТАБТАРЫ ҚҰРЫЛДЫ

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қолдау көрсету және оларға көмек көрсету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық және өңірлік штабтары құрылды.

ҚХА жанынан құрылған республикалық және өңірлік штабының жұмысын үйлестіру үшін күн сайын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың және Парламент Сенатының депутаттары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері және «Ассамблея жастары» ұйымымен штаб отырыстары зум арқылы өтуде.

Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі Шымкент қалалық штабының жетекшісі болып – Шымкент қалалық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Мавсисян Наира Майтархановна бекітілді.

Оның құрамына үш этномәдени бірлестіктердің төрағалары орынбасары болып енгізілген. Олар:

Пан Юрий Радионович - су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі штаб жетекшісінің орынбасары, Шымкент қалалық корей этномәдени орталығының төрағасы.

Нишанбаев Тахирбек Фархадович - су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі штаб жетекшісінің орынбасары, өзбек этномәдени орталығының төрағасы.

Сулейманов Исмат Камалович - су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі штаб жетекшісінің орынбасары, күрді этномәдени орталығының төрағасы.

2024 жылғы 6 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы штабы 10 миллион теңге 20 тонна гуманитарлық көмектің алғашқы легін жөнелтті. Айта кету керек, көмек Атырауға жіберілді. Көмек жинауға арналған қайырымдылық акциясы ҚХА «ЖҮРЕКТЕН – ЖҮРЕККЕ» акциясы аясында өтті. Гуманитарлық көмектің 20 тонналық екінші партиясы жөнелтуге дайын.

Бүгінгі таңда гуманитарлық көмекті қабылдаудың 2 орталығы жұмыс істеуде:

Біріншісі, ҚХА Достық үйі базасында, Желтоқсан 9/4;

Екіншісі, «Арай» ЖШС аумағында, Тассай ықшам ауданы, 226, 353 квартал.

Шымкент қаласының әрбір қамқор тұрғыны азық-түлік, бірінші қажеттілік, киім-кешек және т.б. заттарды алып келіп, өткізе алады.

2024 ЖЫЛЫ “ҚАМҚОР” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 400 ШЫМКЕНТТІК БАСПАНАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗЕДІ

Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд теңге, жалпы сомасы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400 азаматты ипотекалық бағытта несиелендіру көзделуде. Бұл бойынша Шымкент қалалық әкімдігінде өткен баспасөз брифингінде тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азат Исламов мәлімдеді.

Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн. теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме-6%, бастапқы жарна 10%, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін. Тұрғын үйді бастапқы нарықтан ғана алу мүмкіндігі қаралған.

Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады. Сонымен қатар биылғы жылдан бастап бұл санаттар тізбесін Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері толықтырып отыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде бүгінгі таңда 51015 азамат тіркелген. Олардың ішінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1915, көпбалалы отбасылар – 13982, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 702, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 17381, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар 22 адамды құрайды.

2023 жылы жалпы саны 1 687 азаматты сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету көзделіп, 1407 азамат арендалық тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 888 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 122 пәтер жетім балаларға, 131 пәтер көпбалалы отбасыларға, 160 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына пайдалануға берілді. Қалған 280 пәтердің 96-сы биыл беріліп, 184 пәтерде алдағы уақытта қоныс тойы тойланады деп күтілуде.

ШЫМКЕНТТІК СТУДЕНТТЕР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасына орай «Таза Қазақстан » республикалық акциясы аясында Шымкент қаласының жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері тазалық жұмыстарын жүргізді.
Атап айтар болсақ «Мирас» және «Орталық Азия Инновациялық» университеттері мен Политехникалық колледж жастары өз оқу орындарының алаңын тазалады.
160-қа жуық студент оқу алаңдарын сыпырып, гүлдер мен ағаштардың түптерін қопсытып, жиналған қоқыс қалдықтарынан тазартты.
Нәтижесінде, аталған 3 оқу орында 50 кг көлемінде түрлі қоқыс қалдықтары шығарылды.
Айта кету керек, 8 сәуір күні республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. Бүгінгі апта « Таза өлке» деп аталады. Бұл күні тұрғындар мен кәсіпорындар, оқу орындары, түрлі мекемелер өз үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізеді.
Бүгін тазалық жұмыстарын атқарған студент-жастар алдағы уақытта да тазалық жұмыстарына белсене қатысып, өз өлкесінің тазалығын сақтауға араласатындықтарын білдірді. Жастардың айтуынша тазалық бір күндік жұмыс емес, сондықтан да қоршаған ортаның үнемі таза болуына әрбір тұрғын өзін жауапты сезінсе қаламызда тазалық сақталады дейді.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

Биылғы көктемде Шымкентте сәндік және жеміс ағаштарының 120 мыңнан астам көшеттерін және орман алқаптарында тағы 20 ағаш отырғызу жоспарлануда.

 

ШЫМКЕНТТЕ БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ 51015 АДАМ ТҰР

2024 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында: 364 пәтердің құрылысы жүргізілуде, аталған көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарлануда. Бұл жөнінде Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының басшысының міндетін атқарушы Азат Исламов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді.

Тұрғын үй қатынасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі атқарылған жұмыс пен жоспарлары туралы бөліскен Азат Исмаиловтің сөзінше, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде бүгінгі таңда 51015 азамат тіркелген. Олардың ішінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша – 1915, көпбалалы отбасылар – 13982, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 17 702, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 17381, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар 22 адамды құрайды.

2023 жылы жалпы саны 1 687 азаматты сатып алу құқығынсыз арендалық пәтермен қамтамасыз ету көзделіп, 1407 азамат арендалық тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 888 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 122 пәтер жетім балаларға, 131 пәтер көпбалалы отбасыларға, 160 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына пайдалануға берілді. Қалған 280 пәтердің 96-сы биыл беріліп, 184 пәтерде алдағы уақытта қоныс тойы тойланады деп күтілуде.

Бұдан бөлек 150 отбасы «Қамқор» өңірлік бағдарламасы арқылы несиелендірілді. Биыл бұл бағдарлама арқылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделген.

2024 жылға 200 млн теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланған. Бағдарлама бойынша осы жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталып, бүгінгі таңда 215 азаматқа 197,7 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді. 2023 жылы осындай сертификат 148 азаматқа берілген.

Шымкент қаласы бойынша 2024 жылы 2430 отбасының тұрғын үй жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды асыраушы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады. Төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. 2023 жылы тексеру жұмыстарының нәтижесінде 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысының субсидиясы тоқтатылған.

 

 

 

 

ҚАЛА ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯҒА ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын ұйымдастыру бойынша арнайы жиын өткізді. Онда қала аумағында тазалық шараларын тиімді ұйымдастырудың тетіктері қарастырылып, өзекті мәселелер пысықталды.
Республикалық экологиялық акциясын ө
ткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Акция аясындағы атаулы 5 аптада тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар, кәсіпорындар өздеріне тиесілі аумақтарды, аулаларды тазартады. «Киелі мекен» шарасы аясында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, «Жасыл аймақ» аптасында ағаш көшеттері отырғызылады. Ал «Өнегелі ұрпақ» аптасы ардагерлердің аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазалаумен ерекшеленсе, «Мөлдір бұлақ» шарасы шеңберінде су айдындарының жағалауы қоқыстан тазартылады.
Қ
ала әкімі жауаптыларға белсенді азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, жергілікті халықты сенбіліктерге тартуда нақты тапсырмалар берді. Бұл бағыттағы шаралардың тұрғындар жауапкершілігін арттырып, қала тазалығын жақсартуда маңызы зор.

Тілге тиек етейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

Биылғы көктемде Шымкентте сәндік және жеміс ағаштарының 120 мыңнан астам көшеттерін және орман алқаптарында тағы 20 ағаш отырғызу жоспарлануда.

 

 

 

 

 

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тасқын судан аман отырған облыс және қала әкімдеріне аймақтарды көгалдандыру бойынша тапсырмалар берген болатын.

Дәлірек айтқанда, оларға көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырып, жолдарды ретке келтіру міндетін жүктеген.

Осыған орай елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Науқан 5 аптаға созылады. Әр аптаның тақырыбы және мақсаты бар. Бүгінгі бірінші апта «Таза өлке» деп аталды. Осыған орай Шымкент қаласында да акция аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасына қарасты "Жастар ресурстық орталығы" КММ қызметкерлері мен еріктілер "Абай" саябағы аумағын тазалады. Арық-атыздарды қоқыстан тазартып, ағаштардың түбін қопсытып, жолдарды сыпырды. Абай Құнанбайұлының ескерткішін жуып-тазалады.

Тазалық акциясы қаланың басқа да аумақтарында өтті. Қоғам белсенділері, жастар, ерктілер тазалық акциясына белсене қатысты. Акция алдағы апталарда да жалғасады, - деді Еңбекші ауданы бойынша жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бауыржан Серікбай.

Айта кетейік, бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандарының айтуынша, 30 жыл ішінде экология саласында көп жұмыс атқарылды. Статистикаға сәйкес, еуропа елдерінде әр адамға 24 шаршы метр жасыл желек келеді. Шымкентте әзірге 5-6 шаршы метр. Жан басына шаққандағы жалпы стандарт бойынша жасыл желектер кемінде 10 шаршы метр болуы керек. Қала әкімдігі қызметкерлерінің жоспарлары бойынша, қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты әзірленген арнайы бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады!

Биылғы көктемде Шымкентте сәндік және жеміс ағаштарының 120 мыңнан астам көшеттерін және орман алқаптарында тағы 20 ағаш отырғызу жоспарлануда.

Осылайша, Шымкентте жеміс ағаштарын отырғызу есебінен жыл сайын "жасыл белдеу" аумағы да ұлғаяды, ол өз ауқымы бойынша 8000 гектардан асады. Қазіргі уақытта қала үшін микроклиматтың қалыптасуы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Шымкент әкімдігінің және қала тұрғындарының басты мақсаты-Сүйікті Шымкентті тезірек "жасыл қала" ету. Сондықтан жыл сайын кешенді шаралар қолданылады және барлық суару жүйелері мен жасыл желектерге зерттеулер жүргізіледі.
Айта кету керек, Шымкентте қ
аланың жасыл желектерін күтіп ұстау, жаңа ағаштар отырғызу, мезгіл-мезгіл азықтандыру, суару, кесу, әктеу жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Қаланы көгалдандыру мамандары қасиетті Рамазан айында отырғызылған ағаштар тамыр жайып, ыстық күндерде адамдарға салқындық сыйлайды.