Шымкентте 1 360 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспарланған

Бұл туралы Өңірлік  коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының 2024 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы»  тақырыбында  өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Шымкентте 49 отбасы қайтарымсыз тұрғын үй сертификатын иеленді

Биылғы жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін 49 отбасы қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Әлеуметтік көмекті алушылар қатарында  16 отбасы - 1,2 топ  мүгедектігі бар азаматтар, 9-ерекше бала асыраушы отбасылар, 3-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтар, 11- көпбалалы отбасылар, 4-толық емес отбасылар, 6- бюджеттік мекеме қызметкерлері бар. Азаматтар Отбасы банк арқылы мемлекеттік бағдарлама аясында несиелік негізде пәтер рәсімдеу барысында оның алғашқы жарнасының бір бөлігін  1 млн. теңгеге дейінгі тұрғын үй сертификаты арқылы жабу мүмкіндігіне  ие болған.  

Шымкент: "Абай әлемі" қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды

10 тамыз қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың туған күні. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, данышпан-ойшыл. Ол ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау ете білген ұлы тұлға. 

ҚР Энергетика вице-министрі шымкенттіктермен кездесті

ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Алдымен министрлік тарапынан елімізде және үшінші мегаполисте энергетика және инфрақұрылымды дамыту бағытында қолға алынған іс-шаралар жайында баяндады. Отын-энергетикалық кешенінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті. 

Шымкенттен Солтүстік өңірлерге қоныс аударатындар көп

Қоныс аударған тұрғындардың 67-сі тұрақты жұмысқа орналасып, 8-і кәсіпкерлікпен айналысуда.Қазір елімізде еңбек күші аз болған солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Осы орайда, Шымкентте алғашқы жарты жылдықтың қорытындысымен 54 отбасындағы 179 адам солтүстік өңірлерге өз еркімен қоныс аударды.

Шымкентте 600 гектар агро-индустриалды аймақтың құрылысы басталды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен «Alarko Holding» түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури «Бозарық» индустриялық аймағында қызанақ өсіретін ірі жылыжай кешенінің құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шымкент: "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына конкурс басталды

Құрметті қаламыздың белсенді волонтерлары мен волонтерлік ұйымдары!

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланғандығын хабарлайды.

Түркістан облысы: шаруаларға мемлекет тарапынан жасалатын қолдаулар жан-жақты түсіндірілді

Ордабасы ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында облыста құрылған агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік қолдауларды насихаттау және кеңінен түсіндіру жұмысшы тобы ордабасылық шаруаларымен кездесті.

Сауда және интеграция вице-министрі Түркістан облысындағы кәсіпорындарды аралап, бизнес өкілдерімен кездесті

Түркістан облысына жұмыс сапарымен ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев келді. Іссапар барысында вице-министр облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровпен бірге облыстың бірқатар өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысып, кәсіпорын иелерімен тілдесті. Өңірдің инвестициялық климатын жетілдіру жолдарын талқылап, бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады.