Шымкент: Өнерпаздар ардагерлерге мерекелік тосынсый жасады

Бүгін Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құрметіне орай, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының ұйымдастыруымен шаһардағы соғыс және тыл ардагерлері тұратын үйлердің аулаларында арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. 

«Түркістаным-Тұраным» атты қазақ әнін түркі жұртының танымал әншілері бірге шырқады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен елімізде төтенше жағдай жарияланып, барлық сақтық шаралары жасалынып жатыр. Қаншама миллион отандасымыз үйде үрей құшағында отыр. Төрт қабырғаға қамалып отыру қазақ халқына оңай тиіп жатпағаны да жасырын емес. Карантин кезінде қазақстандықтардың мәдени-рухани демалысқа сусап қалғаны да рас. Осы жайтты ескерген Түркістан облыстық мәдениет басқармасы өткен аптада түбі бір түркі жұртының атап айтсақ,Түркия, Азербайжан сынды мемлекеттердің әншілерімен байланысқа шығып, "Түркістаным-Тұраным" әнін қазақ әншілерімен бірге шырқатып, арнайы клип түсірген болатын.

Түркістан облысында өнер байқаулары онлайн түрде өтуде

«Наурыз, Наурыз – күн игі» көркемсөз оқу бейне-байқауына Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан 70-ке жуық үміткер қатысты. Қатысушылар шығармаларын әлеуметтік желіге жүктеп, ақтық мәреге жолдама алған.  Жастар жарысы жинаған лүпіл санымен қорытындыланды.

Өмірзақ Шөкеев кесене аумағындағы тарихи орындарды қалпына келтіру барысын бақылады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің даму жоспары бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтап, жауаптыларға тиісті нұсқаулар берді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты «Хан мешіті», «Хан ордасы» және Күлтөбе қалашығы мен «Жеті ата», «Дарбаза», «Мүсәлла», «Тәкия» қақпаларын аралады.

Шымкентте «Жүйріктер шықты желіге» онлайн-айтысы өтеді

Шымкентте «Жүйріктер шықты желіге» онлайн-айтысы сәуір айының әр сәрсенбісінде өтеді. Дүбірлі дода Шымкент қаласының 2200 жылдық, Әл-Фарабидың 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық, Алтын Орданың 750 жылдық, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық, Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойларына арналады. 

Шымкент: Тапсырыспен тамақ тасымалданады

Астың сан түрлі мәзірімен ерекшеленетін Шымкенттегі дәмханалар төтенше жағдайға байланысты қонақ қабылдауды тоқтатқан. Дегенмен карантин тәртібіне сай онлайн арқылы тапсырыс қабылдап, дәмді қалалықтарға жеткізіп беріп, жұмысын жалғастыруда. Бұл жоба қаншалықты тиімді? Қорапқа салып, алып келетін тағамдар санитарлық нормаларға сайма?