Шымкентте «Қазақтану» жобасы аясында көрме-фестиваль өтті

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Әдеп-ғұрып және салт дәстүр орталығының ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі «Қазақ дастарқаны» көрме-фестивалінде 11 этномәдени бірлестік өкілдері қазақтың ұлттық тағамдарын әзірледі. Мерекеге жиналған көпшілікке дастарқан жайылды. 

Шымкентте «Dala kilemderi» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Шымкенттегі «Көрме» орталығында «Dala kilemderi» атты он күндік кілемдер жәрмеңкесі өтті. Дәстүрлі ұйымдастырылып келетін кілемдер жәрмеңкесінің ашылуына қала әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, ондағы өнімдермен танысты. 

Шымкент: «Цитадель» жобасының тарихи құндылығы бар

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған «Шымкент қалашығын» реставрациялау және музейлендіру жөніндегі «Цитадель» жобасының алаңына түнеугүні Шымкентке іссапармен келген Үкімет жетекшісі Асқар Мамин барды. Жобаның тарихи құндылығы ерекше. Сол себепті ол 2020 жылы «Шымкент – ТМД-ның мәдени елордасы» жылын атап өту аясында тартымды туристік нысан болуға арналған. 

Шымкент: Қала әкімі қарттарды ұлт руханиятына үздіксіз үлес қосуға шақырды

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік іс-шараға қатысты. Қарттардың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетілді. 

Шымкент: Корейлердің қиын-қыстау кезеңде барша этностарға пана болған қазақ еліне алғысы шексіз

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында мерекелік жиын өтті. Корейлердің Қазақстанға келу тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, ұлттық тағамдары, мәдениеті, салт-дәстүрі көпшілікке таныстырылды. 

Шымкентте Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің көрсетілімі өтті

Шымкент қаласында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмірі мен спорттағы жетістігі туралы биографиялық фильмнің алдын ала жабық көрсетілімі өтті. Көрсетілім аясында қала әкімі Ерлан Айтаханов «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаевты қабылдады. 

Түркістан қаласынан «ТҮРКСОЙ» жастар камералық оркестрінің концерті бастау алды

Бүгін Түркістан облысында «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының, Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Түрік кеңесінің 10 жылдығына орай «ТҮРКСОЙ» Жастар камералық оркестрінің концерті Түркістан қаласында өтті. 

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының 55 жылдығы аталып өтілді

Ордабасы ауданының құрылғанына 55 жылдығына арналған салтанатты іс-шара бүгін таңнан бастау алды. Бекітілген бағдарламаға сәйкес, Темірлан қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадионда эстафеталық марафон өтіп, ауданның мақтанышы, белгілі балуан Абзал Арыстанбек мерекелік жалауды көтерді.