Сейсенбі, 24 Қыркүйек 2024 14:19

Көшпенділер ойыны: Бізге беймәлім ұлттық спорттағы шымкенттік спортшылар кім?

8-13 қыркүйек күндері Қазақстан астанасында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында апта бойы 21 спорт түрінен сайыстар ұйымдастырылды. 

6 күн бойы өткен сайыстарда бізге беймәлім, естімеген ұлттық спорт түрлеі де ойнатылды. Көшпенділердің бұл ойындарынан шымкенттік спортшылар да қалыс қалмады. Олар кімдер, қандай орын алды таныс болыңыздар.

Көрәш – татар халқының ұлттық белбеу күресі. Мұндағы палуанның мақсаты – рұқсат етілген әдістер арқылы қарсыластың жауырынын жерге тигізу.О баста жиын-тойлардың көркін қыздыру үшін өтетін бұл күрес өнері келе-келе жауынгерлерді шыңдайтын кәсіби дайындыққа ұласты. Бүгінгі күні татар күресі халықаралық деңгейде мойындалған кәсіби спорт түріне айналды. 

Бакиева  Альбина – 1 орын (87 келі салмақта). “ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері”.Дзюдо күресінен, ҚР  VIЖазғы спартакиадасыныңжүлдегері, Азия Чемпионы, ҚР чемпионатының жеңімпазы.

Байкамуров Марат - 2 орын (+ 100 келі салмақата). Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақ күресінен Әлем Чемпионы, Азия Чемпионы, Әлем  барысы жүлдегері, ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы.                                                                                                                                                                                                                                 

Ордо – қырғыздардың ұлттық асық ойыны. 8 спортшы қатысады, тек ерлер арасында, диаметрі 12 метр болатын тегіс шеңберде ойналады. Шеңбердің ортасына хан ордасы (тиын) орналасады. 68 асық қойылады. Команда ойыншылары алты метрлік қашықтықтан ортадағы асықтарды сақа асықпен соғып немесе шертіп шеңбердің сыртына шығаруы керек. Ортада бес асық қалғанда, ортадағы тиын шертіледі. Тиын жалпақ, кішкентай, сондықтан оны шертіп шығаруға шеберлік керек. Кім тиынды шертіп шығарады, ортадағы бес асықтың үшеуін алады. Сәйкесінше, қарсыластан басым болады.

Ануарбекұлы Нұржігіт – 2 орын (командалық ).  Асық атудан ҚР спорт шебері. Асық атудан ҚР Чемпионы, Халық ойындарының жеңімпазы.

Молжигитов Нурканат – 2 орын. (командалық ). Асық атудан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Асық атудан Әлем кубогінің жеңімпазы, ҚР Чемпионы.

Алыш – қырғыздардың ұлттық белбеу күресі. Мақсаты – қарсыластың белбеуін жібермей, жауырынын жерге тигізу. Команда 6 ер, 6 әйел адамнан тұрады. Жарыс ерлер арасында классикалық стилде, әйелдер арасында еркін өтеді.

Ракиш Арайлым - 3-орын (60 кг салмақта).  Қазақстан Республикасының спорт шебері. Белбеу күресінен, ҚР Чемпионатының жеңімпазы мен  бірнеше дүркін жүлдегері, ҚР Кубогының жеңімпазы.

Мангала – түрік халқының зияткерлік ойыны. Ойын тақтасында екі қатарда орналасқан алты бірдей шұңқырша болады, сонымен қатар, ойыншылардың тастарды жинайтын үлкен жинақтаушы сақтау шұңқыршалары болады. “Мангала» 48 таспен ойналады.
Ойыншылар барлық 48 тасты, төрт-төрттен 12 шұңқыршаның әрқайсысына таратып, жинақтау шұңқыршаларын бос калдырады. Ойыншылар өз қоймасында мүмкіндігінше көп тас жинауға тырысады. Кім көп тас жинаса, сол жеңіске жетеді. Команда екі ер, екі әйел адамнан тұрады.  Тур саны – 7, әр ойыншыға 20 минут уақыт беріледі.

Қуанышбекова Әйкерім -  1 орын (командалық), 3 орын (жекелей).  Тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері. Тоғызқұмалақтан Әлем Чемпионатының қола жүлдегері     (Мангала).

Powerful Nomad / күштілердің сайысы – ерлер арасында өткізіледі. Әр елден салмағы 90 келіден жоғары 1 спортшы жіберіледі. Жарыстың 5 туры болады:
1. 100 келі тасты көтеріп, оны 10 метрге жылжыту;
2. 100 келілік қаппен отырып-тұру;
3. 10 келілік найзаны оң немесе сол қолмен 10 метр қашықтықта тұрған нысанаға лақтыру;
4. 130 келілік бөренені иығына салып,
отырып-тұру;
5. салмағы 200 келілік арбаны 10 метрге сүйреу.

Ашыртмалы аба гюреши – Түркияның ұлттық белбеу күресі. Команда құрамы 5 спортшыдан тұрады, 60,60,80,90 және +90 салмақ дәрежесінде бір-бір палуаннан қатысады. Жарыс тегіс шөпті алаңда, тек ерлер арасында өтеді.

Овари – батысафрикалықтардың зияткерлік ойыны. Екі адам ойнайды. Тақтада екі жаққа алтаудан бөлінетін 12 отау, екі қазан және 48 тас болады. Ойыншылардың мақсаты – өз қоймасын шарға толтыру. Жеңіске жету үшін 25 тас жинау керек. Жарыс жеке және командалық есеппен жүргізіледі, тур саны – 7. Команда құрамы – 2 ер, 2 әйел адам.

Айта кетейік, дүбірлі додаға 89 мемлекеттен 2800-ге жуық спортшы қатысты.

Оқылды 112 рет