Түркістан: Экономикалық саясат барша азаматтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған Жолдауды насихаттау

Түркістанқалалықмәслихатдепутаты, «Мейірімдішуақ» БПҰтөрайымыТілеповаАйгүлӨтегенқызыжәнеқалалықмәслихатдепутатыАбдуллаевАқиқатҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіҚасым-ЖомартТоқаевтыңҚазақстанхалқына «ӘДІЛЕТТІМЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАСҰЛТ. БЕРЕКЕЛІҚОҒАМ» аттыжолдауының «ЖаңаЭкономикалықсаясат » тақырыбындағыжолдауын «Мейірімдішуақ »бастауышпартиямүшелерікездесуөткізді.

Президентжолдаудажаңаэкономикалықсаясат; нақтысектордыдамыту; елболашағынаарналғанстратегиялықсалықсаясатынқарау, шағынжәнеортабизнес,инвестиция; мемлекеттікбасқаруісінқайтажаңғырту; заңжәнетәртіптуралыжаңабағыт-бағдарғатоқталды.

Жаңаэкономикалықсаясаттыңнегізгіпринциптеріадалбәсекелестік,қабылданғаншешімдердіңашықтығымемлекеттіксаясаттыңболжамдығы,кәсіпкерлердіңәлеуметтіксаясаттыңболжамдығы,бизнестіңсалықтықадалдығы,кәсіпкерлердіңәлеуметтікжауапкершілігіекендігінбасаайтты. Экономикалықсаясатбаршаазаматтыңәл-ауқатынжақсартуғажәнеұлттықкірістіәділбөлугебағытталуғатиесілі. ЖолдауданҚазақстанжаңғартужолындажасалыныпжатканбатылқадамдарыбаржәнежаңаэкономикалықдамубағдарыанықталып,саясисерпілістербағытыайқынелекендігіміздібайқауғаболады.

Жиынсоңында«Мейірімшуақ» бастауышпартиямүшелеріжолдаудағыасабасымбағыттарғаназараударып, бірауызданқолдап, насихаттауғаүлесқосатындықтарынжеткізді.

Отырарда «25 қазан - Республика күніне» орай ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді

Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Көкмардан атшабарындағы ұлттық ойын алаңында  «25 қазан - Республика күніне» орай гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, ләнгі тебу, көкпар тарту, тенге ілу секілді спорт түрлерінен сайыс өтті.

Отырар: аудан көлеміндегі қылмыстық құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жиын өтті

Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Абдукаримов Мақсат Базарханұлы аудан көлемінде қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде мал ұрлығы мен алаяқтық құқық бұзушылықтар профилактикасының алдын алу бойынша Талапты және Темір ауыл округінің тұрғындарымен кездесті.

Отырарда Рухани келісім күні ерекше аталып өтті

Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты іс-шара өтті. Мазмұнды өткен жиынға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы және мекеме қызметкерлері, дін өкілдері, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Отырар: құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары пысықталды

Отырар ауданының прокуроры Б.Булеулиев аудан көлемінде қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде мал ұрлығы мен алаяқтық құқық бұзушылықтар профилактикасының алдын алу бойынша Маяқұм, Көксарай ауыл округінің тұрғындарымен кездесті.

Түлкібаста алма ұрлаған ер адам анықталды

80 келі алма ұрлаған ер адам ұсталды.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, өзіне тиесілі бау-бақшасынан белгісіз біреулер 4 қап алма ұрлаған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 187-бабы «Ұсақ-түйек жымқыру» бойынша тіркелген.

Хабар алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы оқиға орнына шығып, тергеу амалдарын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ер азамат ұсталды.

Анықталғандай, күдікті өзінің басқаруындағы «Нексия» маркалы автокөлігімен күндізгі уақытта күзетшілердің жоқтығын пайдаланып, қапқа оралған 80 келі алманы жасырын түрде жымқырып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 30000 теңге. Жәбірленуші тарапқа ұрланған алмалары қайтарылды. Ұсталған ер азаматтың бұдан басқа да ұрлық жайттарына қатыстылығы анықталуда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық Кодексi 187-бабында «Ұсақ-түйек жымқыру»:

 

1. Ұсақ-түйек жымқыру, яғни болмашы мөлшерде жасалған, бөтеннің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иемденіп алу немесе талан-таражға салу, – 

сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Бірнеше рет жасалған ұсақ-түйек жымқыру – 

екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады деп жазылған.


 

Түлкібастық полицейлер мереке қарсаңында музей аралады

25 қазан- «Республика күні» мерекесіне орай Түлкібас ауданының полиция қызметкерлері мәдени азық болар арнайы іс-шара ұйымдастырды. Яғни полиция қызметкерлері Түлкібас ауданы Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан орталық музейге барып, ішкі істер органынан зейнеткерлікке шыққан ардагерлердің өмірбаяны, сондай-ақ қызмет көрсету барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерліктері туралы мәліметтермен танысты.

Жиында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ел үшін еңбегімен танылған азаматтардың еңбек жолы жайлы сұхбаттасты. Тарихи орынға саяхат кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері аға ұрпақтың дәстүрінде тәрбиелеу, музей жұмысының рөлін арттыру мақсатында орамды ойлары ортаға салынды. Тәртіп сақшыларының ерліктері полицейлерге таныстырылып, сабақтар ұйымдастырылды.

Жалпы жас ұрпақты мәдениет, өнерге баулып, рухани бағытта сусындатуда мұндай іс-шаралардың берері мол. Сондықтан Түлкібас ауданында полицейлердің қатысуымен алдағы уақытта мұндай шаралар жиі ұйымдастырылып тұратын болады.

«Отырар ауданы» логотипіне байқау жарияланады

Отырар ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Отырар ауданы» логотипін әзірлеуіне байқау жарияланады. «Отырар ауданы» логотипі ауданды бір қарағанда танытар логотип (графикалық белгі, эмблема немесе таңба) және оны басқа туристік бағыттардан ажыратуға көмектеседі.

Отырар ауданында ардагерлердің қатысуымен Республика күніне арналаған іс-шара өтті

Отырар ауданының орталғы Шәуілдір ауылындағы «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де 25-қазан Республика күні мерекесіне орай ардагерлердің қатысуымен жиын өтті.