Түркістан: Жастар арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті

25 қазан Республика күніне орай Түркістан қаласына тарту «40 күн той мен ой» іс-шарасына сәйкес Арыс қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық ойындар» сайысы өтті.

Байқаудың мақсаты - Жастар арасында қазақ халқының ұлттық ойынын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу. Сонымен қатар, ұлттық ойын түрлерін қайта жаңғырту, дамыту болып табылады.

Сайыс ұлттық ойындардың қол күрес, гір тасын көтеру, ләңгі тебу және асық ату түрлерін қамтыды. Жастар қауымы алдын ала тіркелу арқылы сайыс қатысушысы атанды. Қатысуға ниет білдірген жастар саны арқылы ұлттық дәстүріміздің дамып келе жатқанын байқаймыз.

Тартысты сайыстың нәтижесі төмендегідей болды:

Асық ату:

1 орын - Бадиров Рамазан

2 орын - Сәрсенбай Нұршат

3 орын - Османов Давлат;

Ләңгі тебу:

1 орын - Асанов Еділжан

2 орын - Кененбай Арыстан

3 орын - Бадиров Рамазан;

Гір тасын көтеру:

1 орын - Баби Орынбасар

2 орын - Саматұлы Ерсін

3 орын - Сламбек Нұрасыл;

Қол күрес:

1 орын - Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледж;

2 орын - Халықаралық Туризм және меймандостық университеті;

3 орын - Түркістан көпсалалы медицина колледжі студенттері иеленіп, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е.Төлебаевтың алғыс хатымен марапатталып, Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың арнайы сыйлықтары табысталды.

Түркістандық жастарға «Жастарды-Отанға!» бағдарламасы түсіндірілді

"Amanat"партиясы Түркістан қалалық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың "Жастарды отанға жол картасын жүзеге асыру"тақырыбындағы Жолдаудың негізгі басым бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу өтті.

«Жастарды– Отанға!» бағдарламасы сапалы, әрі уақтылы жүзеге асуы тиіс. Президент жолдауында жастарды қолдауға басымдық берілгенін атап айтылған.

Бағдарлама жастарды елді дамыту жолындағы жұмыстарға біріктіруге және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, жан-жақты дамуына жағдай жасауды көздейді. Бағдарламаны тиімді іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі жол картасы әзірленді. Атқарылатын әр іс-шараға жауапты мемлекеттік органдар мен жастар өкілдері белгіленіп, есеп беретін басқармалар нақтыланды.

Жол картасында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, өзін-өзі басқаруды дамыту, жастардың сапалы білім алуына қолдау көрсету, жұмыссыздық деңгейін төментету, жастарды жұмысқа тарту жоспарлары енгізілген..

Жастардың саяси өмірге қатысуын жандандыру, волонтерлік қызметті қолдау, жастар мен студенттік ұйымдарды дамыту, жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету, жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, жастардың кәсіпкерлікке тарту, жас отбасылардың, жұмыс істейтін жастар мен студенттердің тұрғын үй мәселесін шешу үшін нақты жағдай жасау, жас буынды мәдениет пен спортқа, игі істерге бағыттау жөнінде де тапсырма беріп, ол міндеттер хаттамаға енгізілді.

 

 

 

 

Түркістан: «Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» жайы айтылған жиын

Түркістан қалалық "Amanat"партиясы филиалының ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндіру тобы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Елдің –транзиттік –көліктік әлеуетін дамыту» атты Жолдауын насихаттау мақсатында "Жолаушы "ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиында ақпараттық түсіндіру тобы «Транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту» тақырыбын толық түсіндіріп өтті.

Президентіміз Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан халқына жасаған кезекті жолдауында Қазақстандағы көлік саласын және көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамыту үшін зор күш-жігер, бірқатар салалық бағдарламалар іске асырылып, саланың құқықтық негізі қалыптастырылды. Көлік қызметтерін көрсетудің қолайлы бәсекелестік ортасы құрылды,автокөліктерді сатып алу жөнінде бірыңғай ағым жүйесін енгізу,кеден жұмысына "бір терезе" қағидатын енгізу,экономикадағы инвестиция жүйесін тәртіпке келтірумен қатар жаңа инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру, тиісті реформалар жүргізу және басқа да бірқатар өзекті мәселелер бойынша нақты ұсыныстары мен тапсырмаларын орындау бағыттарын айқындап айтты. «Қазақстанның даму үдерісі енді басталды,сондықтан тек алға жылжуымыз керек,реформаларды жүзеге асыратын болсак, біз әділетті Қазақстанға қол жеткіземіз»

Жиын соңында «Жолаушы» БПҰ мүшелері жолдаудағы аса басым бағыттарға назар аударып, бірауыздан қолдап, насихаттауға үлес қосатындықтарын жеткізді.

 

 

ТҮРКІСТАН: ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ – ЖОЛДАУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” Жолдауында әр салаға қатысты тың бастамалар қамтылған. Онда жүктелген міндеттерді іске асыру, қоғам арасында кеңірек насихаттау жұмыстары жалғасын табуда.

Осыған орай «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық мәслихат депутаты Жәмила Сүлейменова, «Шауғар» БПҰ төрағасы Бақытжан Құлжабаев Түркістан қалалық ауруханасының ұжымымен кездесіп, денсаулық сақтау саласына енгізілетін өзгерістер туралы баяндады. Ел Президентінің медицина мамандарын даярлауға көп көңіл бөлуге тапсырма бергендігін айтқан Ғаппар Амантайұлы:

- Ұлт саулығы басты назарда. Мемлекет басшысы медициналық инфроқұрылымды жаңартуды мейлінше жеделдетуді тапсырып отыр. Бұл дегеніміз еліміздегі ауруханалар мен емханалар соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталады деген сөз. Тиісінше, басы ауырып, балтыры сыздаған тұрғындар үшін де емделуге көптеген мүмкіндіктер тумақ. Оған қоса, ақ халатты абзал жандардың санын арттыру мақсатында Қасым-Жомарт Кемелұлы резидентураға бөлінетін гранттың санын 70 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл осы салаға бет бұрған жастар үшін үлкен мүмкіндік болмақ,-деді.

Кездесуде медицина саласындағы өзге де бастамалар туралы әңгіме өрбіді. Мәселен, Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай қайта жаңғыртылады. Сонымен қатар, еліміздегі емдеу мекемесі жоқ 650 елді мекенге алдағы екі жылда медициналық және фельдшерлік ғимараттар салынатын болады. Жиын соңында денсаулық сақтау саласының өкілдері Президент бастамасын құптайтындықтарын жеткізді.

 

 

КСРО кезіндегі ескі төлқұжатпен жүрген 60 жастағы ер адамға жаңа жеке куәлік берілді

Қазығұрт ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығына 62 жастағы ер адам келіп көмек сұраған. Яғни, ол КСРО кезіндегі төлқұжатпен жүргенін айтып, жаңа үлгідегі құжат алуға өтініш білдірген. Осы өтініш бойынша көші-қон тобының аға инспекторы полиция майоры Есенжан Жанысбаев оның құжаттарын қарап, оған көмектесу үшін қажетті құжаттарды тез арада рәсімдеді.

Белгілі болғандай, ер адам осы уақытқа дейін жағдайы болмағанына байланысты КСРО құжатымен жүре берген. Жаңа құжатын алуына көмектескен полицейге тұрғын өз алғысын білдірді

«Осы уақытқа дейін ескі құжатпен жүрген едім. Ал полиция майоры тез арада қажетті құжаттарды жинақтап, төлқұжатымды рәсімдеп берді. Жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» - деп атап өтті.

Түркістан: Полицейлер жолаушыдан травматикалық қару мен оқтарын тапты

Түркістан облысы ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғынның бірі өзімен қару алып жүруі мүмкін деген хабарлама келді.

Ақпарат алысымен Түркістан облысы ПД ҰҚҚКБ полицейлері бірден іске кірісті. Содан түнгі сағат 01:30 шамасында Б. Майлин көшесінде «MATIZ» маркалы көлікті тоқтатты.

Анықталғандай, көліктегі жолаушының бірі күдікті болып шықты. Одан әрі полицейлер жолаушыға тінту жүргізіп, одан қару, яғни тапанша мен 4 дана оқ, 1 дана күкірт қорапшасына салынған "марихуана" есірткісіне ұқсас затты тауып, тәркілеп алды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді.

Куәлардың қатысуында алынған қару, травматикалық тапанша екені белгілі болды. Сараптама тағайындалды. Бүгінгі таңда күдікті жолаушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

ҚР Қылмыстық Кодекстің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» былай делінген:

1. Суық қаруды алып жүру аңшылық кәсіпшілікке байланысты болған жағдайды қоспағанда, суық қаруды заңсыз алып жүру немесе өткізу, сол сияқты тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақты және оған оқ-дәрілерді сауда ұйымдары жұмыскерлерiнiң сатуы – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, қысқа ұңғылы тегiс ұңғылы атыс қаруын, сол сияқты оның патрондарын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет жасалған іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

5. Осы баптың үшінші немесе төртінші бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – 

мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Адамды ұстап алу кезінде, сондай-ақ осы бапта көрсетілген заттарды табу және алып қою жөніндегі тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде алып қою оларды өз еркімен тапсыру деп танылмайды. 


 

Түркістан мектептерінде "Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз - ата-ана" атты жиын өтті

ТүркістанқаласыХамзаатындағы2 жалпыортамектебіндеоқу-тәрбиежұмысыныңжылдықжоспарынасәйкес «Балатәрбиесіндегіалғашқыұстаз - ата-ана» тақырыбындажалпыата-аналаржиналысыболыпөтті. Жиналыстыңмақсаты: мектеппената-анаынтымақтастығыннығайтаотырып, ата-аналардыбалатәрбиесінеүлкенжауапкершілікпенқарауғашақыру, тәрбиеніңеңтамашажері - отбасыекенін, олардыңбалатәрбиесіндегімүмкіндіктерініңжоғарыекендігінжәнебүгінгізаманталабынаншығатынындәлелдеу. МектепдиректорыДийметоваДильбарАбдуразакқызыбалалардыңсапалыбілімменқатарсаналытәрбиеалуыүшінұстаздарданбөлеката-ананыңдаорныменрөліайрықшаекенінетоқталды. «Ұлқыздарымыздыңсаналытәрбиеменнақтыбілімалуларынакүшсалайық. Балағажауапкершілікпенқарап, оқытуменадамгершіліккетәрбиелеп, бірлесеынтымақтасаәрекететейік. Сондықтанөскелеңұрпақтыңтұлғаболыпқалыптасуынақоғамболыпүлесқосуәрдайымбіріншікезектетұруықажет. Мектептіңішкітәртібітуралы, соныңішіндебалалардыңұялытелефонқолдануынатыйымсалу, сабаққакешікпеутуралыайтылды. БауыржанМомышұлы «Тәртіпкебағынғанқұлболмайды» демекші, мектептіңтәртібінебағынуміндетіқойылды. «Бестерек» жобасыбойыншаатқарылғанжұмыстарата-аналарғатаныстырылды. Алдағыуақыттаата-аналарға «Мектептегібіркүн» жобасыәраптаныңсәрсенбікүніұйымдастырылатыныескертілді. Мектепұжымыжиналыстыерекшедайындықпенұйымдастырды. Концерттікбағдарлама, «Жассүретшілер» галереясы, пәндіккөрмелер, үйірмежұмыстарыата-аналарғаойсалды. Керібайланысжасалыныпұсыныстарментілектерайтылды.

Балаәрқашандаата-анаданмейірімділікті, сүйіспеншілікпенжүрекжылуыналатынынұмытпайық!

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ АХАТ-ҚА БАС МАМАН КЕРЕК

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу секторының бас маманының орны бос.

Орташа лауазымдық айлықақы 236 338 теңге.  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы(классификаторға сәйкес)

Құқық, 

Қызмет көрсету (білім беру саласы), 

Құқықтану, 

Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы), 

Әлеуметтану, 

Экономика, 

Есеп және аудит, 

Мемлекеттік және жергілікті басқару, 

Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы), 

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, 

Әлеуметтік жұмыс, 

Қаржы, 

Жобаны басқару

Функционалды міндеттер

Қала және ауыл округі аумағында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, аталған саланы дамытуға бағытталған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады, осы салаға қатысты ҚР заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің және жоғары органдардан келген тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етеді, аталған саланың дамуына бағытталған қажетті бағдарламаларды, жоспарларды, іс-шараларды әзірлейді, олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді; Тууды тіркеу, бала, қыз асырап алу туралы акт жазбасын «АХАТ тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде енгізу барысында заңдылықтың сақталуын және тиісті мерзімінде қамтамасыз етеді, мұрағат жұмыстарын жүргізуге жауапты; 7 түрлі куәліктерді қайталап беру. Азаматтық хал актілері жазуларына өзгертулер, түзетулер мен толықтырулар туралы хабарламалар негізінде азаматтық хал актілері жазуларына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жұмыстарын жүргізеді, кітаптарын өндеу мен мұқабалау жұмыстарын жүргізеді, мұрағаттық қордың тізімдемесін жасайды; Қайтыс болу, әке болуды анықтау, неке бұзу, бала, қыз асырап алу, сондай-ақ бала асырап алу туралы сот шешімінің күшін жою, әкелік құқығынан айыру,  акт жазуларын мемлекеттік тіркеу, куәліктерді қайталап беру, барлық акт жазбаларына өзгертулер, түзетулер мен толықтырулар енгізутуралы істерді қарау кезінде сот отырыстарына қатысуды және сондай-ақ соттың заңды күшіне енген шешімінің орындалуын қамтамасыз етеді; Жұмыс барысында еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, техникалық және ақпараттық  қауіпсіздік, өрт қауіпсіздік және өндірістік санитария ережелерінің орындалуын, мекеме мүлкінің тиімді пайдалануын және сақталуын қамтамасыз етеді; Заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне уақытылы жауап береді; Бөлім басшысы және сектор меңгерушісі  қызмет бабы бойынша берген тапсырмаларды орындайды, орындалуы бойынша есеп береді; Өз саласы бойынша қолданыстағы заңнама талаптары бұзылған жағдайда, тиісті шараларды қабылдау үшін бұл туралы бөлім басшысына, сектор меңгерушісіне және тиісті құзырлы органдарды шұғыл түрде жазбаша хабардар етеді; «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басќару және өзін-өзі басќару туралы» ҚР Заңына сәйкес, өз құзыретіне жататын басқа да міндеттерді орындайды; Қызметтік міндеттерді атқару кезінде, еңбекке уақытша жарамсыз болғаны туралы шұғыл түрде сектор меңгерушісіне хабарлайды және жұмысқа шыққаннан кейін бір күн ішінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын тапсырады; Дербес деректері (мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаты, білімі, отбасылық жағдайы туралы және т.б.) өзгерген жағдайда, бұл туралы үш жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне хабарлайды; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 10-бабында көрсетілген міндеттерді орындайды; Жұмыс барысында  «Е-қызмет» ПБЫАЖ, «Әлеуметтік көмек көрсету» базасында,                                    «Е-собес», «Е-әкімдік», ЭҚАБЖ  жүйесін үнемі пайдалананып, тиісті жұмыстарды атқарады; ҚР заңдарына сәйкес, өзге де міндеттер мен функцияларды орындайды; Мемлекеттік қызметтерді белгіленген мерзімде көрсетуге (соның ішінде көрсетілген кезеңдердің мерзімдерін сақтауға) міндетті.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.

 

ШЫМКЕНТ: ДӘСТҮРЛІ ДІН ӨКІЛДЕРІ ОРТАЛЫҚ МЕШІТТІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының Орталық мешітінде 18 қазан – Рухани келісім күніне орай дәстүрлі дін өкілдері бас қосты. Шымкент қаласы имамының бірінші орынбасары Мұсабек Ақтамберді дін өкілдеріне Орталық мешіт жұмысымен таныстырды.

–Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз ислам дінін ұстанып, құлшылық ғибадатын орындаған. Бұл адамзатты екі дүниенің бақытына жетелейді. Шымкенттегі Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына ресми тіркелген 88 мешітте 250-ге жуық дін қызметкері жұмыс істейді. Олар қоғамдық жұмыстарды белсене атқарып, қайырымдылық шараларын өткізіп, халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге атсалысып жүр. Мұның бәрі ауызбіршілік пен ынтымағымыздың арқасында,-деді Мұсабек Ақтамберді.

Кездесуге келген христиан дінінің өкілі Александр Могилевский ғимаратты аралап, таңданысын жасыра алмады.

–Мешітке алғаш рет аяқ басуым. Бұл мешіттің әдемілігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бізге экскурсия жасап жатқан ұйымдастырушыларға алғысым шексіз,- деді ол.

— «Ақмешіт» орталық мешітінің құрылысы 2008 жылы бастау алып, 2010 жылы халық игілігіне берілген. Мешіт жалпы аумағы 6 гектар жерді алып жатыр. Бір мезетте 5 мыңнан аса адам намаз оқи алады. Мешіт сыртқы сәулеті қазақтың киіз үйіне ұқсас. Биіктігі 37 метрлік ақ күмбез бен әрқайсысының биіктігі 33 метрді құрайтын 4 мұнара алыстан менмұндалап тұр. Ғимараттың бірінші қабатында кіші намазхана, конференция залы, кітапхана, медресе неке бөлмесі, әйелдер бөлмесі мен шаруашылық бөлмесі орналасқан. Ал, екінші қабатында имам бөлмесі, кітапхана және 4 қызметтік бөлме орналасқан. Мешіттің айналасы көп жылдық және мерзімдік жасыл желекпен абаттандырылған. Сонымен қатар, автотұрақ сыйымдылығы мың көлікке арналған,- деп таныстырды орталық мешіттің іс басқарушысы Азамат Абдукерімұлы.

Айта кетейік, «Ақмешіт» орталық мешіті 2008 жылы сол кездегі ОҚО әкімдігі мен Біріккен Араб Әмірлігіндегі «Шейх Халифа бин Зәид Әл Нахайян» қайырымдылық қоры арасындағы екіжақты келісімі негізінде бой көтерген.

ШЫМКЕНТТЕГІ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСТА СЕНАТОРЛАР ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢНАМАСЫН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары Шымкент қаласында көшпелі отырыс өткізді. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында сенаторлар еліміздің қылмыстық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Жиынға Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Ішкі істер министрлігі өкілдері және басқарма басшылары мен аудан әкімдері қатысты.

Көшпелі отырыста қылмыстық іс жүргізу заңнамасын одан әрі жетілдіру, азаматтардың құқығын қорғау, проблемалық мәселелер талқыға түсіп және оларды шешу жолдары айтылды. Комитет төрағасы Владимир Волков заңнаманы жетілдіру мәселелері еліміздің азаматтарының конституциялық құқықтарына тікелей қатысты екенін атап өтті.

– Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру аясында жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту туралы, жеке адам мен меншікке қарсы қылмыстар және басқа да ауыр қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған заңдар қабылданды. Ендігі ретте жергілікті мәслихаттар Сенатпен бірлесе тығыз байланыста жұмыс істеуі керек, – деді В.Волков.

В.Волков Сенаттың сот жүйесін жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстарды баяндап, оның қорытындысы бойынша тиісті заң жобалары әзірленетінін мәлімдеді.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан көпшелі отырысты үшінші мегаполисте өткізудің маңыздылығына тоқталып, талқылау мәжілісі нәтижелі болатынына сенім білдірді. Шыңғыс Жұмабекұлы Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау бойынша шаһарда кешенді жоспар әзірленгенін, қала әкімдігі құқық қорғау органдарымен бірлесе азаматтардың лайықты өмір сүруі үшін тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді.

Іс-шара барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев Бас прокруратураның қылмыстық заңнаманы оңтайландыру жөнінде жұмысының қорытындысы және әзірленген заң жобасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, сенаторлар қалалық мәслихат депутаттарымен кездесіп, Жолдауды іске асыру мәселелерін талқылады. Комитет төрағасы 25 қазан – Республика күніне орай мәслихат депутаттарын Алғыс хатпен марапаттады.