Сәрсенбі, 05 Қазан 2022 00:57

Отырар: аудан басшылығы кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Отырар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы ірі жобаларды іске асыру мақсатында жұмыс атқарып жүрген кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.

Жиынға Отырар ауданы әкімі С.Сұлтанханов, дербес бөлім басшылары, кәсіпкерлік палатасының аудандық филиал қызметкерлері, кәсіпкерлер қатысты. Кездесудің мақсаты, ірі жобаларды іске асыру мақсатында жұмыс атқарып жүрген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету, және жобаның іске асыру барысындағы кедергілері талқылау шешу жолдарын қарастыру тақырыбында болды.

Кәсіпкерлер өз тарапынан жобаларды іске асыру жұмыстары кезіндегі жер құжаттары және қаржы мәселелерін ортаға салды. Аудан әкімі әр жобаға жеке жеке тоқталып негізгі проблемалық мәселелерін тыңдады. Аталған ірі жобалар ауданымыздың экономикасына бірден бір серпін беруші жобалар екенін ескере ортырып, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында біршама тапсырмалар берді.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 332 рет