ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Шымкент қаласы әкімінің халықпен жоспарлы есепті кездесуілері жалғасуда.

Бүгін Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарындарымен жүздесіп, сауалдарға жауап берді.

Қала әкімі шаһардың соңғы 9 айдағы әлеуметтік дамуынан хабардар етіп, алда атқарылатын шаруалардың бірпарасын айтып өтті.

Басымдық берілген салалардың бірі - білім.

Мектепке дейінгі мекемелерді салу бойынша мәселе алдағы 3 жылда шешімін табады. 577 нысан салынып, 3-6 аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтылатын болады.

 

Үш ауысымдық мектептер саны азайды. Биыл бесеуінде мәселе шешіліп, төртеуі қалды. Бүгінде 242 525 оқушы 203 мемлекеттік мектепте білім алады. Биылдың өзінде 33 білім ошағы падалануға берілді.

Осы және өзге де шешімін тапқан мәселелерді айтқан шаһар басшысы жиынға қатысқан 300 ден аса тұрғынның 42 сұрағына жауап беріп, әрбір азаматтың талап-тілегі ескерілетінін, күрделілігіне байланысты орта және ұзақ мерзімде қаралатынын жеткізді.

Халықтан түскен сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамту, жол, жарық, ауыз су, тағы да басқа әлеуметтік және жеке мәселелерге қатысты болды.

Өз кезегінде аудан әкімі Есбол Досбол Еңбекшідегі 35 елді мекендегі жеке сектор мен көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын, аулалар мен саябақтарды абаттандыру, көшелер мен жолдардың жөнделген тұстары мен көрсеткіштерін жайлы баяндады.

Айтып өтейік, жиынға халықпен қоса қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есепті кездесу әдеттегідей Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Айта кетейік, атқарылып жатқан жұмыстар  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жүргізілуде. Яғни, жергілікті билік қарапайым жұрттың жанайқайын тыңдап, мәселенің көп ұзамай шешілуін назарда ұстап келеді.

 

Түркістан: «Халық қатысатын Бюджет» тақырыбындағы жиын өтті

БүгінТүркістанқалалықмәслихатхатшысыТаңғатаровМақсатАсылбекұлыҚ.РПрезидентіҚ.К. Тоқаевтың «ХалыққатысатынБюджет » тақырыбындағы « 1 қыркүйектегіЖолдауын » түсіндірумақсатындакездесушарасынөткізді.

МемлекетбасшысыҚасым-ЖомартТоқаевтыңҚазақстанхалқынажолдауындаеліміздегіжүргізіліпотырғанКонституцияреформаныңнегізгібағытыбойыншабюджетсаясатынареформажасалатыныайтылды. Ақырғынәтиженідөпбасуымызкерек. Бюджеткодексіндешектінормативтербекітіледі. Оныбюджеттіжоспарлаужәнеорындаукезіндеміндеттітүрдеұстануқажет. Бюджетүдерістерінбарыншажеңілдетуқажет. Мемлекеттікоргандардыңигерілмегенқаражаттыкелесіжылғақалдыруынамүмкіндікберукерек. Соларқылыоларақшаныбюджеткеқайтарудыңтиімсізтәртібіненқұтылады. Соныменбірге, бюджеткеқатыстытәуекелдердібасқаружүйесініскеқосукерек.Бұлжүйеквазимемлекеттіксектордыдақамтуғатиіс. «Халыққатысатынбюджет» жобасытиімдііскеасырылыпжатыр. Оныңауқымынкеңейтіп, жобағааудандықмаңызыбарқалаларменауылдардытартукерек. Тұрғын-үйкоммуналдықшаруашылығықаржысыныңкемінде 10 пайызықайдажұмсалатынынқоғамныңөзіайқындауғатиіс. ОсыайтылғанмәселелердітиімдіжүзегеасыруүшінжаңаБюджеткодексінқабылдауқажет.

Жиынсоңындажолдауғаасабасымбағыттарғаназараударып,өзойларынбілдіріп, бірауызданқолдапнасихаттауғаүлесқосатындарынжеткізді.

Түркістанда «Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта» атты Еуразия даласы археологиясының V халықаралық конгресі өтуде

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта» атты Еуразия даласы археологиясының V халықаралық конгресі басталды.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған Еуразиялық масштабтағы археологиялық форум әлемнің 28 елінің ғалымдары мен білікті мамандарының басын қосып отыр.
Алқалы жиынның пленарлық мәжілісі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бейне құттықтау сөзімен ашылды. Министр өз сөзінде келелі жиынның маңызына тоқталып, конгресс жұмысына табыс тіледі. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов сөз сөйлеп, өңір басшысы Дархан Сатыбалдының құттықтауын жеткізді.
Пленарлық мәжілісті Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры Ақан Оңғарұлы тізгіндеп, модератор болды.
Университет ректоры Жанар Темірбекова бүгінгі конгрестің оқу орнымыз үшін тарихи маңызын тілге тиек етті. Ректор бүгінгідей ауқымды шаралардың университетіміз бен оқытушы-профессорлар құрамына және де студенттерге берері мол екендігін айрықша атап өтті. Университет басшысы оқу орнымыз базасында 1996 жылы «Археология» ғылыми-зерттеу институтының негізі қаланғанын баяндап, институттың ширек ғасырлық тарихы мен бүгінгі жетістіктерін саралады.
Ректор өкілі, профессор Женгиз Томар өз сөзінде бүгінгі конгрестің тұтас Түркі әлемі үшін маңызды орынға ие екендігін баяндады.
Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері, академик Бауыржан Байтанаев 2019 жылы Ресейдің Улан-Удэ қаласында өткен IV конгресте келесі басқосуды Қазақстанда өткізу туралы маңызды шешім қабылданғанын жеткізді. Маңызды шешім нәтижесінде бүгінгі Түркістан конгресі жүзеге асып отырғанын айрықша атап өтті.
Сонымен қатар, конгрестің ашылу салтанатында Өзбекстан мен Ресейдің білікті ғалымдары құттықтау сөз сөйлеп, келелі ойларын ортаға салды.
Пленарлық мәжіліс ғылыми баяндама кезеңіне жалғасып, ғалымдардың тұщымды ой-пікірлері тыңдалды.
Үш күнге жоспарланған конгрестің басты мақсаты – аталған саладағы ғылыми қауымдастық өкілдерін бір арнаға тоғыстыра отырып, Еуразияның ежелгі және ортағасырлық тарихының өзекті мәселелерін шешу үшін ой мен күшті біріктіру болып табылады.
Конгресте Еуразия археологиясының бүгінгі өзекті іргелі мәселелері талқыланып, шешілу жолдары ұсынылады. Заманауи мультипәнаралық әдістерге негізделген әлемдік ғылыми қауымдастықтың бірлесе қимыл жасауы арқылы археологияның, сонымен қатар тарихи-мәдени мұраны сақтау мен пайдаланудың өзекті мәселелерін шешуге болары анық.

Конгресс жұмысы келесі бағыттар / секциялар бойынша жүзеге асырылады:
— Еуразия даласындағы ерте металл дәуірінде жүргізілген тарихи-мәдени үрдістер: дәстүрлер мен инновациялар;
— Еуразия ерте көшпелілерінің феномені;
— Орта ғасырдағы Еуразия даласының көшпелілері;
— Орта ғасырдағы Еуразия даласының урбанизмі;
— Еуразия дала мәдениет археологиясының зерттелу тарихы; Еуразия көшпенділерінің археологиялық мұрасын сақтау және музейлендіру.

Конгреске отандық және шет елден (Әзірбайжан, Армения, Австралия, Болгария, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Израиль, Иран, Канада, Қытай, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Польша, Пәкістан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея, Жапония) келген жетекші ғалымдар қатысады.
Екі жүзден астам маман үш күн бойы ерте металл археологиясы, ерте көшпелілер дәуірі, орта ғасырлық қалалар мен көшпелі мәдениет, Еуразия даласындағы көшпелі империялардың тарихы, өнердің дамуы, дүниетаным, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау, қорғау және археологиялық ашылулар тарихы сынды мәселелерді талқылайтын болады.

Келелі жиынның басты ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты, Татарстан Республикасының Ғылым Академиясы А.Х. Халиков атындағы Археология институты, Орталық Азиялық зерттеулер халықаралық институты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Конгресті өткізуге қолдау білдірушілер: РҒА Археология институты, РҒА Сібір бөлімінің Археология және этнография институты, Қазан федералдық университеті, РҒА Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейі (Кунсткамера), РҒА Материалдық мәдениет тарихы институты, РҒА Сібір бөлімінің Моңғолтану, буддология және тибетология институты, РҒА Қиыр шығыс бөлімінің Қиыр шығыс халықтарының тарихы, археологиясы және этнографиясы институты, Алтай мемлекеттік университетінің «Үлкен Алтай» алтаистика және түркітану ғылыми-зерттеу орталығы.
Өміршең саланың өзекті мәселелері талқыланатын конгресс жұмысы үш күнге жалғасып, резолюция қабылдау арқылы қорытындыланатын болады.

 

 

Түркістан: Полицейлер жоғалған 330 бас малды иелеріне тауып берген

Түркістан облысында жыл басынан бері 204 дерек мал ұрлығы тіркелсе, оның 67-сі қорадан ұрланып, 137-сі жайылымнан кеткен. Сонымен қатар түркістандық тәртіп сақшыларының жедел шараларының нәтижесінде, жыл басынан бері мал ұрлығымен айналысқан 14 қылмыстық топ құрықталды. Олардың 76 дерекке қатыстылығы анықталды. Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы 868 төрт түлік ұрланса, оның ішінде 330-ы табылып, өз иелеріне қайтарылған.

Жоғарыдағы статистикалық мәліметтен көріп отырғандарыңыздай, мал ұрлығының басым көпшілігі тұрғындардың салғырттығынан орын алады. Яғни жайылымдарға қараусыз жіберілген үй жануарлары ұрылардың оңай олжасына айналады. Сондай-ақ құжатсыз мал тасымалдайтын көліктер де мал ұрлығы қылмысының орын алуына себепкер болып жатады.

Осыған байланысты облыс полицейлері қылмыстардың алдын алу үшін рейдтік-профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тіпті мал тасымалдайтын жүк көліктері мен автокөліктерді, мал сойып ет өңдейтін орындарды да тексеруді назардан тыс қалдырған емес.

Түркістан: Полицейлер «Заңсыз келуші» шарасы аясында 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

ҚР ІІМ-нің тапсырмасы, Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес облыс аумағында республикалық «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара 10-17 қазан аралығында ұйымдастырылуда.

Профилактикалық шараның екі тәулігінде облыс полицейлері 205 құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 10 шетелдік сот шешімдерімен ел аумағынан аластатылды. 39 шетелдік жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.

Ал шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен – 50 жергілікті тұрғын мен шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 7 Қазақстан Республикасының азаматына заң аясында шара көрілді. Осы ретте Түркістан облысының полиция қызметкерлері тек құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары мен жұмыс берушілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертулер жасауда.

Жалпы іс-шара өткізудің басты мақсаты-облыс аумағында шетелдіктермен немесе оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтарды алдын-алу және болдырмау, заңсыз жүрген шетелдіктерді елден шығару болып табылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсаттары жоқ, сондай-ақ жұмысшы ретінде келіп, алайда заңдастырылмаған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар жергілікті көші-қон қызметі бөліністеріне барып, заңдастыру қажет екенін хабарлаймыз.

Қоғам тұрақтылығы контекстіндегі діни сананың маңыздылығы

Адам табиғатының ерекшелігі сол өткенін саралап, болашаққа жоспарлар құрудан тұрады. Мұның барлығы тікелей адам санасымен байланысты. Әлемнің барлық елдерінде дінге сенушілердің көп болуына қарамастан, діни сананың күшімен шешілмейтін көптеген қарама-қайшылықтар туындап жатыр.

Жалпы алғанда, діни санаға қатысты барлық мәселелер қоғамның, адам өмірінің өзгергендігін және олардың жаңа рухани құндылықтарға ұмтылып жатқандығын көрсетеді. Діни сана жаңа, жиі күтпеген және үйренбеген формаларда көрініс табуда.

Расында да, аяушылыққа, жұбатуға, шын жүректік қарым-қатынасқа деген  қажеттілік  көп адамда бар. Олар бұл қажеттілікті әр түрлі қанағаттандырады. Кейбірі қоғамдық ережелерді ұстанып, дінсіз қол жеткізсе,  ал  қалған  бөлігі діни сенім арқылы жүзеге асырады.

Дін – әлеуметтік құбылыс. Оның пайда болуы, дамуы, өткен мен қазіргі ахуалы арнайы қоғамдық жағдайларымен ерекшеленеді.

Діни сана әділетті өмір туралы сана ретінде қалыптасты. Діни мәселелер адамгершілік мәселелерімен тығыз байланыста болды. Дін ұстанбайтын халық жоқ. Яғни діни сананың пайда болуы мен дамуы нақты мәндік мазмұнға тәуелсіз, адамның рухани қажеттіліктерімен байланысты. Діннің түрлері көп. Бірақ ислам діні, христиандық, буддизм сияқты әлемдік діндердің сыртқы өзіндік  ерекшеліктері  болса да,  олардың  ортақ  қырлары  басымырақ. Бұл ұқсастықтар, ең алдымен, адамзаттың бірлігімен, әлеуметтік даму процестерінің ұқсастығымен, психология заңдарының барлық адамзатқа ортақтығымен түсіндіріледі.

Діни сана діни іс-әрекет, діни қарым-қатынастар және ұйымдармен қатар дін құрылымындағы элемент болып табылады. Діннің элементтері мен құрылымы адамзат тарихындағы процестерде пайда болып, өзгеріп отырды.

Діни сана құрылымында маңызды компонент болып діни сезімдер табылады. Діни сезім ол, ең алдымен, сенушілердің мойындалатын объектісіне (Құдайға) және соған байланысты нәрсенің барлығына: орын, іс-әрекеттер, байланыстар, адамдардың бір-біріне, жалпы әлемге деген деген эмоционалды қатынасы. Діни сезімдер діни ойлар, аңыздар, көзқарастар, идеал, сенімдермен өзара байланысты. Сондықтан оның өз бағыты, мәні және мағынасы бар. Сенетін адамның діни сезімі оның рухани қажеттіліктері мен оларды бастан кешірулерінің объектісі болып табылады. Олар эмоцияға толы және өте сезімтал болуы мүмкін.

Діни сана – ол адамның белгілі бір діни идеялар мен құндылықтарға қатысы болуы, сонымен қатар қандай да бір дін мен діни топтарға жатуы. Адам өзін сенушімін  деп  санайды  және өзін қандай да бір дінге жатқызады.

Діни сана адам өмірінің әр түрлі кезеңдерінде және түрлі жағдайларда қалыптасуы мүмкін. Бұл адамның діни қарым-қатынастар жүйесіне кіріктірілуі мен діни идеялар, құндылықтар, эмоционалды нормаларды қабылдау арқылы жүреді. Көп жағдайда діни сана отбасылық орта (отбасындағы діни тәрбие) мен айналасындағылардың, сонымен  қатар дінді үгіттеушілердің және т.б. әсері арқылы қалыптасады.

Кей  жағдайда  адам  ішкі  күйзеліс  (немесе дағдарыс) нәтижесінде эмоционалдық және психологиялық таңдауы арқылы «сенушілер» қатарына қосылып жатады. Мұнда көп нәрсе тұлғаның индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Бұл процесті діни тәжірибе деп атайды. Адам мен топтардың діни тәжірибесі уақыт өте келе әлемнің стереотипті бейнесіне және мұсылман, христиан болу дегініміз не, бұл топтың мүшелері басқа діни топтардан немен ерекшеленеді деген сияқты түсінікке айналады. Діни сананы діннің жетекші, анықтаушы элементі деп санайтын ғалымдар  арасында екі тенденция анық байқалады. Біреулері діни сананы интеллектуалды феномен ретінде талқылайды. Мұндай ыңғай тұрғысынан  дін мифологиялық жүйе ретінде ұсынылады.

Діни сананың рационалды немесе эмоционалды жағының басым болу мәселесі діни сананың түрлі деңгейлерінің өзара қатынас мәселесін қарастыруда жаңа қырына ие болуда.

Дамыған діни жүйелерде философтар мен әлеуметтанушылар, кем дегенде, екі нақты  анықталған  деңгейлерін көрсетеді. Олар үйреншікті тұрмыстық деңгейдегі діни сана және теориялық рәсімделген, концептуалды діни сана.

Тұрмыстық деңгейде сана діни сенімге қызмет көрсететін бейнелердің, түсініктердің, көңіл-күйдің, дәстүрлердің жиынтығы ретінде ұсынылады. Бұл деңгейде діни сенімнің рационалды, эмоционалды және ерікті элементтері көрініс табады. Қалыптасуы бойынша, ол индивидуалды-тұлғалық сипатқа ие.

Концептуалды деңгейдегі діни сана жүйелі дінді оқыту түрінде тіршілік етеді. Дінді оқыту мазмұны дінді оқытушы кітаптарда (Құран, және т.б.) қалыптасып, өзгермейтін формула түрінде діни ұйымдармен бекітілген. Дінді оқытудың мазмұны діни білімнің арнайы саласында дамып, негізделеді.

Діни тәжірибеге қасиетті мәтіндерді (мысалы, дұға, Құран және т.б.) және басқа да діни дәстүрлердің мәртебеге ие мәтіндерін білу жатады. Бұл өз кезегінде міндетті болып табылады. Ол дінге және оның өкілдерінің санасына тұрақтылық береді.

Қоғам мен мемлекетімізге әлемнің ғылыми бейнесін елестете алатын, білімді азаматтар қажет. Сонымен қатар адамдардың санасын қажетті адамгершілік шеңберінде ұстап тұрушы рөлін атқаратын дін де сақталып келеді. Дін сенушілердің мінез-құлқын белгілі бір деңгейде анықтайды.

Қазіргі ғылым діннің кейбір догмаларын жоққа шығарады. Бірақ дін өзгеріп тұратын жағдайларға иілгіш және тез бейімделеді. Діни сананың сақталу себебі болып ғасырлар бойы сақталып келген және адамдардың тұрмысына толығымен енген дәстүрлердің тұрақты болуы да табылады. Үлкен рөлге адамдардың өміріндегі маңызды жағдайлармен байланысты діни орындарда өтетін салт-жораларға ие (адамның дүниеге келуі, үйлену тойы және т.б.). Діни сананың сақталуы мәдениеттің эстетикалық тартымдылығымен, діни сезімдердің эмоцияға толы болуымен, мейірімділік пен әділеттілікке деген сенім сезімдерімен байланысты. Діни ұйымдар өз қызметтеріне әрқашан архитектура, көркем өнер, мүсін, музыка, поэзия, театр сияқты өнер мен шығармашылықтың әртүрлі түрлерін қоюға тырысатын. Мұның барлығы діннің әсерін нығайтуға, сенімді мықты бекіту үшін жасалынатын. Көп жағдайда басым болып табылатын дін мемлекетпен, саяси билікпен бірігеді. Діннің сақталуына және кеңейтілген әсеріне адамдардың жүректеріне жол іздеуге тырысатын діни ұйымдардың (мешіт, медресе) белсенді іс-әрекеті септігін тигізеді. Мұндай жағдайда бейімделгіш және нақты әдістер қолданылады.

Дін – бұл нақты-тарихи құбылыс. Ол дінге деген қажеттілік жоғалған жағдайда, оған деген сұраныс болмағанда, қоғамдық қатынастар жоғалған жағдайда ғана түбегейлі жойылуы мүмкін.

Сөзсіз, қоғамның діни санасы жеке тұлғаның діни сананың қалыптасуына әсерін тигізеді. Қоғам мен адам түрлі кезеңдерде дамудың маңызды жолдарын жүріп өтті және бүгін, өркениеттілік жағдайында адамдардың артында ар-ұят еркіндігі  принципі сақталуда.

Б.Өтеген 

Түркістан облысы дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы   

 

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

Түркістан қаласының жылу жүйелері 2022-2023 күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша кешендік іс-шаралар өткізіп жатыр. Бұл туралы «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Е.Рысбеков мәлім етті.

Жауапты сала басшысының айтуынша, жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жылу аралық кезеңде Кәсіпорын келесі жылыту маусымына дайындық жүргізеді. Қалалық жылу трассаларында алдағы 2022-2023 жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу және жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар басталады.

Бүгінде Түркістан қаласында жалпы 40 579 абонент бар, соның 95,2%-ы табиғи газ берілген. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны тарапынан қаладағы І ші мөлтекауданда 58 дана, ІІ ші мөлтекауданда 15 дана, ТГЖД аумағында 2 дана орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Отырар мөлтекауданында 38 дана, Әкімшілік іскер орталығында 14 дана жалпы 127 дана көпқабатты тұрғын үйлер орталық жылумен қамтылған. Бұдан бөлек, І ші мөлтекаудандағы 28 бюджеттік, 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлер мен Мәдени, рухани орталығындағы 11 нысанға жылу берілген.

Ал, табиғи газға қосылмаған жеке тұрғындар мен нысандарға 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына шамамен 21 000 тонна Шұбаркөл көмірі қажет деп жоспарлануда. Отын базасында 1 тонна көмірдің бағасы 14800 теңгені құрап отыр. Қазіргі күнде қаладағы көмір базаларына 40000 тонна көмір тасымалданған. Оны мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары жеткізіп алуда.

«Газбен қамтамасыз етуші «ҚазТрансГаз Аймақ» ашық акционерлік қоғамымен келісім шарт жасалған. Кәсіпорында жылу беру маусымында 146 штат бірлігімен жұмыс атқарады. 2022-2023 жылғы жылу беру мусымында бекітілген ереже мен нормативтерге сәйкес үздіксіз жұмыс атқарылды. Қала қысқы маусымға толық дайын», - деді кәсіпорын директоры.

Айта кетсек, Түркістанда биылғы жылу маусымы 1 қарашада немесе сыртқы ауа температурасы +8 С-тан төмен қатарынан 3 күн болған жағдайда басталмақ.

 

 

"ТҮРКІЛЕР ТӨРІ ТҮРКІСТАННАН – ҰЛТ ҰЛЫСЫ ҰЛЫТАУҒА" ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Бүгін Түркістан қаласынан зиялы қауым өкілдері Ұлытау облысына тарихи-танымдық сапарға аттанды. Ардагерлерге ақ жол тілеген қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ақ жол тілеп, салтанатты түрде шығарып салды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанды атажұртымыздың алтын қазығы десе, Ұлытауға ұлттың ұясы деп баға берген-ді. Ата-бабалар салған сара жол – бірлік, береке, ынтымақ жолынан бүгінгі ұрпақ та адаспай келеді. Өткенді үлгі тұтар ұрпақ қалыптастыруда өздеріңіздің еңбектеріңіз бен қосқан үлестеріңіз мол. Бұл бағытта бірге атқаратын жұмыстарымыз әлі де көп деп білемін. Сіздерге сәтті сапар тілей отырып, ұлылар мекені Ұлытауға киелі Түркістанның ыстық сәлемін жеткізуді сұраймын, – деді шаһар басшысы.

«Түркілер төрі Түркістаннан – ұлт ұлысы Ұлытауға» тарихи танымдық сапарының мақсаты – егемендіктің шежіресі мен тәуелсіздіктің шынайы тарихын дәріптеу. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан іс-шара аясында еңбек ардагерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жалпы 50 азамат Ұлытауға жол тартты.

ТҮРКІСТАНДЫ КӨГАЛДАНДЫРУ-БАСТЫ НАЗАРДА!

Түркістан қаласында 45 саябақ, 34 сквер, гүлзар және 9 жасыл алаңдары бар.

Атап айтсақ, 380 га аумақта ағаштарды дәріленіп, тыңайтқыштармен қоректендірілді. 11 245 дана ағашқа санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жасалды.

45 саябақ, сквер,гүлзарда кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстарында (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б), аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары сырланып, қайта қалыпқа келтірілді.

Жыл басынан бастап 12,2 га аумақта 15 036 дана ағаш көшет егілді. 9000 ш.м аумақ көгалдандырылды. Шекті Тілеу Жолдаяқ , Байбұрт, С.Қожанов, Резиденция алды, Есімхан алаңы мен Ж.Майкотов көшелеріне -11 900 дана қылқан және түрлі жапырақты ағаш демеушілер есебінен отырғызылды.

Ж. Майкотов көшесіндегі “Желілік саябақта” көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының 2,3,4,5– кезеңдері жүзеге асуда.

Сонымен қатар, қала аумағында 110 мың көп жылдық және 90 мың бір жылдық гүл егілді.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін шаһар 32 секторға бөлінген болатын.  Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты.Қаланың климаттық көрсеткіштерін жақсарту жолында 2019 жылдан бері 327 072 түп ағаш және 982 705 шаршы метр көгал егілген. Қаланың Бас Жоспарына сәйкес 2021 жылы 80 000 түп ағаш және 122 000 шаршы метр көгал егу жобасы әзірленіп, мақұлданған. Оның ішінде басымдылық жемісті және ірі жапырақты ағаштарға берілмек. Яғни, алма, шие, өрік пен катальпа, емен, талшын, шынар түп ағаштың 60% пайызы келешекте көлеңке сыйлап, күннің ыстығы мен желден қорғау мақсатында отырғызылуда. Арнайы арықшалардың да осы мақсатта салынып жатқанын ескере, уақытылы суарылып, қажетті дәрі-дәрмек қолданыла ағаштарды емдеу жұмыстарын атқаруды тапсырылған болатын.

Мақтаарал: Велосипед ұрлаған күдікті анықталды

Мақтаарал полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, құрылысқа қажетті заттар сататын дүкеннің алдында құлыптаулы тұрған 70 мың теңгелік велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Мақтааралдық тәртіп сақшалары хабарлама келіп түскен бойда жедел іске кірісті. Ұрлықты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде, күдікті анықталды. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ішімдік алу үшін жеңіл жолмен ақша табуды көздеген. Велосипед айғақты зат ретінде алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері өздеріңіздің жеке мүліктеріңізге сақ болуды ескертеді.