Сайрам: Құрылыс сапасы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы қаралды

Сайрам аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысында құрылыс сапасы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы қаралды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Келес ауданы: Қабылдауда болған жалғызбасты ана үйлі болды

Ағымдағы жылдың 16 наурыз күні мәслихат хатшысы Өрісбай Бұхарұлының қоғамдық қабылдауына келген Шарбұлақ ауылының тұрғыны Б.Кемелбек мүмкіндігі шектеулі жалғыз басты ана үйінің жоқтығын, әлеуметтік көмекке мұқтаждығын, тұрақты жұмысқа орналастырып беруді және де тұрғын үйге көмек көрсетілуін өтініп келген болатын.

Келес: Аудан әкімі жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың талап-тілегін назарға алды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтардың нақты мәселелерін шешуге және заңдылық пен құқық халықпен тікелей байланысты орнату және нығайту мақсатында Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының ғимаратында жеке қабылдау өткізіп, олардың талап-тілегін назарға алды.

Төлеби: Демалыс аймақтарына баратын жолдарға санитарлық бекет қойылды

Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің орынбасары А.Искаковтың 29 шілдедегі номер 18 қаулысына сәйкес Төлеби ауданының демалыс аймақтарына баратын жолдарға сенбі, жексенбі күндері санитарлық бекет қойылды.