Дүйсенбі, 22 Шілде 2024 13:40

Түркістан облысында жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі қарқынды жүргізілуде

Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Мейрамбек Көкенов мәлімдеді.

«Түркістан облысы бойынша МКД тарапынан жыл басынан бері жалпыға бірдей декларациялауға көшу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. ҚР заңына сәйкес, жалпыға бірдей декларациялауды төрт кезеңмен жүзеге асыру қарастырылған. Осы ретте 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін екі кезең аяқталып, қазір декларациялаудың үшінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларациялаудан өтуге міндеттелген. Алайда өңірде үшінші кезең бойынша 78 мыңға жуық салық төлеуші әлі декларациядан өтпеген. Егерде тиісті мерзім аралығында тапсырмаған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған. Ал қорытынды төртінші кезеңде, 2025 жылы азаматтардың қалған санаттары, яғни елдің барлық 18 жасқа толған ересек халқы декларация тапсырады. Декларацияны тапсыру әр жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей тұрғылықты жері бойынша тапсырылады. Осы орайда барлық түркістандықтарды уақытылы салық декларациясын тапсыруға шақырамын»,- деді Мейрамбек Байқадамұлы.

Спикердің айтуынша, декларацияны тапсыруда салық төлеушілерге барлық жағдай жасалған. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электронды түрде салық төлеушілер кабинеті «cabinet.salyk.kz», «Электронды үкімет» порталы «egov.kz» және мобильдік қосымшалар «eSalykmobil» және «eGovmobile» арқылы тапсыруға болады.

Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда төрт кезеңнен тұратын жалпыға бірдей декларациялау енгізілді. ҚР ҚМ МКК өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаменті жеке тұлғалардың кірістерін жалпыға бірдей декларациялау және әкімшілендіру басқармасы басшысының орынбасары Санжар Молдабеков декларациялаудың кезеңдері туралы былай деп толығырақ айтып берді:

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылғы 1 қаңтардан басталды. Соған сәйкес декларациялауға жатады:

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);;

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар.

Екіншісі-2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап. Оның айтуынша, декларациялауға жатады:

- Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары.

     Үшіншісі-2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап; оған сәйкес декларациялауға жатады:

- заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;

- жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.

Төртінші-2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап. Оған сәйкес декларациялауға жатады:

- халықтың қалған санаттары.

«Жалпыға бірдей декларациялаудың басты мақсаты әлеуметтік саясатты жетілдіру, көлеңкелі экономиканы қысқартуды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз ету болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға кіру кезінде жеке тұлғалар декларацияның өзінен және оған алты қосымшадан тұратын жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны ("кіру" декларациясын, 250.00-нысан) ұсынуы қажет. Содан кейін, "кіріс" декларациясын тапсырғаннан кейін, келесі жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы Декларацияны (270.00 - нысан) ұсыну бойынша міндеттеме пайда болады», - деп түсіндірді Санжар Молдабеков.

Маманның айтуынша, кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, салық шегерімдері, мүлікті сатып алу және (немесе) иеліктен шығару туралы мәліметтер, ҚР аумағынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша, сондай-ақ елден тыс жерлердегі мүлік көрсетіледі.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны «салық төлеушінің кабинеті» (kgd.gov.kz), Е-Salyq Аzamat мобильдік қосымшасы, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште не ХҚКО-ға жіберіледі немесе пошта арқылы жіберіледі. Бірінші кезеңнің жеке тұлғалары үшін декларацияны қағаз тасығышта тапсыру мерзімі – 2022 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық түрде – 2022 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей.

«Келесі жылдан бастап декларациялаудың екінші кезеңі басталады. Активтер мен міндеттемелер туралы кіріс декларациясын Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары ұсынады. Квазимемлекеттік сектор субъектілері деп БП, ЖШС, АҚ, оның ішінде ҰАО түсініледі, басқарушы холдингтер, ұлт. холдингтер, ұлт. құрылтайшысы, қатысушысы немесе Акционері мемлекет болып табылатын компаниялар, сондай - ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар», - дейді Санжар Молдабеков.

2021 жылы ЖЗҚ-дан ұтылған (кімге және кім ұтқан) зейнетақы жинақтары қайда көрсетіледі? Егер жеке тұлға өзінің зейнетақы жинақтарын өз бетінше пайдаланса, онда бұл оның декларациясында көрсетілуге тиіс табысы (в бөлімінің 01-жолы). Егер жеке тұлға өзінің зейнетақы жинақтарын қайта тапсырса, онда бұл Зейнетақы жинақтарын алушының табысы.

    Бюджет қаражаты есебінен қалыптастырылған депозитті және ол бойынша сыйақыны (депозит немесе меншікті қаражат ретінде) көрсету қажет пе? Кірістер мен мүлік туралы декларацияда Банктің депозиті көрсетілмейді, ал депозит бойынша сыйақыны 01 - жолда B бөлімін көрсету қажет.

Сыйлық немесе мұрагерлік кезінде қандай соманы көрсету керек? Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны жасау қағидаларына сәйкес F бөлімінің Е бағанында мүлік сатып алынған теңгедегі құн (баға) көрсетіледі. Егер мүлікке меншік құқығы сыйға тарту немесе мұра шартының негізінде құнды (бағаны) көрсетпей туындаған жағдайда, онда F бөлімінің Е бағанында 0 - ге тең соманы көрсету керек.

2021 жылы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы Декларация тапсырған (250.00 Н.) 2022 жылғы Мемлекеттік қызметке қалай үміткер болуға болады (кандидат ретінде тапсырды, бірақ мемлекеттік қызметке қабылданбады)? Егер мемлекеттік қызметке кандидат активтері мен міндеттемелері туралы Декларацияны (250.00-нысан) 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін одан әрі мемлекеттік қызметке қабылдамаса, онда мұндай жеке тұлға мен оның жұбайында 2022 жылы "кірістері мен мүлкі туралы Декларацияны" (270.00-нысан) ұсыну бойынша міндеттемелер туындамайды.

Жеке тұлғаның банк алдындағы берешегі алынған тұтынушылық кредит түрінде көрсетіле ме, ол (250.00 немесе 270.00 нысан бойынша) кредиторлық берешекке жатады ма? Салық кодексінің 631-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешекті қоспағанда, дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек көрсетіледі.

Демек, банкте ресімделген несие болған жағдайда, бұл кредиторлық берешек активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда көрсетілмейді, өйткені бұл ақпаратты екінші деңгейдегі банктер Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 38 рет