Жұма, 01 Шілде 2022 22:09

Түркістан: 1 тәулікте 330-дан астам құқық бұзушылық анықталды

Түркістан облысында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көлік жүргізушілерінің көлік тәртібін арттыру мақсатында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шараның бір күндік нәтижесінде Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полицейлерімен 331 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұл рейдтік шара ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 4 шілдесі аралығына дейін жалғасады. Мақсаты- қоғамдық көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жолдардағы апаттылықты азайту. Жүргізушілерде тиісті құжаттардың болуына, рейс алдында медициналық тексеруден өткізуге және олардың еңбек, демалыс режимін сақтауына, сондай-ақ заңсыз қайта жабдықтау мен басқа да заң бұзушылық деректерін анықтауға ерекше назар аударылды.

Жедел-профилактикалық шара кезінде жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін бұзудың 50, заңсыз қайта жабдықтаудың 22, жүргізушілердің рейс алдында медициналық тексеруден өтпеуінің 8 жайты анықталды.

Сондай - ақ рейдтік жұмыстар барысында қарсы жолаққа шығудың -2, маневр жасау қағидаларын бұзудың -56, жылдамдық режимін асырудың -6, көлікті басқару кезінде мобильді құрылғыларды пайдаланудың - 72, техникалық байқаудан өтпеудің - 40, сақтандыру полисі болмауына қатысты 10 дерек анықталды. Айыптұраққа 9 қоғамдық көлік қойылды.

Түркістан облысының полицейлері атап өткендей, мұндай іс-шаралар қоғамдық көлік жүргізушілерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын азайтуға ықпал етеді және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 306 рет