Сейсенбі, 28 Маусым 2022 23:36

Полицейлер кәсіби мерекелерін атап өтті

 «Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл» кәсіби мерекесіне орай Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында салтанатты шара өтті. Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен жиынға Ішкі істер органдарының ардагерлері, Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек және оның орынбасары А.Маханбетов, «Аманат» партиясы мен Жетісай аудандық мәслихат депутаттары мен ауданның құрметті азаматтары арнайы шақыртылды.

Салтанатты іс-шара ҚР Мемлекеттік Гимнімен ашылып, алғашқы құттықтау сөзді әкімнің орынбасары А.Маханбетов алып, барлық полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жоғары дәрежеде атқарып жүрген ішкі істер органдары ардагерлері мен полиция қызметкерлерін Жетісай ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады. «Аманат» партиясының атынан «Алғыс хаттарда» иелеріне табысталды.

Бұдан бөлек «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне арнайы дайындалған Жетісай аудандық полиция бөлімінің құрылуы тарихынан бүгінгі күнге дейінгі кезеңін қамтыған бейнеролик көрсетілді.

Марапаттау рәсімін полиция бөлімінің бастығы Ермахан Абдраманов жалғастырып, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің арнайы төсбелгі, грамота және ардагерлер мен қызметкерлерге Алғыс хатын табыс етті.

Салтанатты жиын соңы өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, келгендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 273 рет