Жұма, 22 Шілде 2022 18:38

Түркістан: "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы кезінде 655 құқық бұзушылық анықталып, 18 автокөлік айыптұраққа қойылды

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысы аумағында биылғы жылы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер профилактика барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерінің сақталуына айрықша назар аударуда. Сонымен қатар жылдамдық режимін бұзу, басып озу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, мас күйінде көлікті басқару және тағы басқа құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы жұмыстарды күшейтуде.

Осыған орай ТО ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Республикалық маңызы бар тас жолдарда күні-түні тыңғылықты жұмыстар атқаруда. Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, көлік қозғалысын реттеу үшін арнайы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде батальон қызметкерлері іс-шара басталғалы 655 құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік шара көрді.

Атап айтсақ, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" - 2, 596-бабы" Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" -2, 590-бабы"Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша 2 хаттама толтырылды. Сондай-ақ 18 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері барша көлік басқару құқығына ие азаматтарға құқық бұзушылыққа бармай, өз өмірлерінің қауіпсіздігі үшін жолда жүру ережелерін қатаң сақтап жүру керектігін ескертеді.

Оқылды 248 рет