Бүгін адал қоғамды қалыптастыру аясында Төлеби ауданының Қасқасу ауылдық округінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара өткізілді.
Жиынға ауыл әкімі мен ауыл тұрғындары және әкімдік мамандары қатысты.
- Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы "Жемқорлық індет, онымен күресу - міндет" деген қағиданы жұрт санасына орнықтыру - барлық мемлекеттік органның ортақ жұмысы. Азаматтар арасында ақпараттық түсіндіру жұмысын күшейтіп, жүйелі түрде жүргізу қажеттігін баса атап өтті, - ауылдық округ әкімі.
- Сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған,-дейді жиналғандар.Сыбайлас жемқорлықтың ерекшелігі-оның көпшілікке жария етілмеуінде. Өйткені, ол екіжақты «құпия мәміле» ретінде іске асырылғандықтан, оның ашылуына екі тарап та мүдделі болмайды. Үлкен әлеуметтік қасірет саналып отырған қылмыстың бұл түрі саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлем елдерінің қай-қайсысын да қатты алаңдатуда. Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа адамдардың заң талаптарын білмеуінің салдарынан жол беріледі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығынкөпшілік ескере бермейді. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабында көзделгендей пара алғанда және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 367-бабында көзделгендей пара бергенде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни жемқорлық туралы айтқанда тек пара алушыларды жою арқылы жеңуге болмайды. Ол үшін пара беруге ниетті жандардың да санасына саңылау түсіріп, жегі құрттың етек жаюына өзінің де ықпал етіп отырғанын жан-жақты түсіндірген маңызды. Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты түсінбейді. Алайда пара алу мен пара берудің қылмыстық жауапкершілігі тең деп айтуға болады. Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек,-деді заң өкілдері.Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері осы жылдар ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел. Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет. Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс. Сонда ғана халық сенімінің үддесінен шығатынымыз сөзсіз. Қазақстан халқы өз алдына ел болып, еңсесі биік жоғарғы мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз,-дейді ауыл тұрғындары.
«Сол үшін де, бұл қоғамдық кеселмен Агенттік қызметімен ғана емес, жалпы қоғам, Сіз бен біз болып қарсы тұруымыз қажет. Жылдан жылға сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік күшейтіліп келетіні баршаңызға мәлім»,-деп қорытындылады Нұржахан Ермағаметықызы.