Түркістан облысында карантин режимін бұзған 93 тұрғын қамауға алынды

Түркістан облысының полицейлері төтенше жағдай кезінде күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Осы уақыт аралығында тәртіпке бағынбай, заңға қайшы өрескел әрекет жасаушыларға қатысты 693 әкімшілік іс қозғалған.

Оңтүстік өңірдегі бірқатар әскери нысандар тексерілді

Қарулы Күштердің алдында коронавирустық инфекциямен күрестен басқа көптеген басқа да кезек күттірмейтін міндеттер тұр. Атап айтқанда, бұл жауынгерлік дайындық пен қорғаныс қабілеттілігінің қажетті деңгейін ұстап тұру, Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.

Шымкент: «Антикор лайф» жобасы жалғасуда

Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық алуға тыйым салынған. Мемлекеттік қызмет туралы Заңға сәйкес, бұл әрекеттер  мемлекеттік қызметке нұқсан келтіреді. Сыйлық беру мен алу жауапкершілігі сондай-ақ, елдегі төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеу режимі туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдері тікелей эфирде брифинг өткізді.

Шымкент: заң талаптарын орындамаған дүкен иелері айыппұл төлейді

Шымкенттегі барлық дүкен иелері аса қажетті деген 9 түрлі тауардың шектік бағасын қолдан өсірмеуі қажет. Бұл Шымкент қаласы әкімінің өкімі. Бүгіннен бастап, салалық мекемелер оларға рейд жүргізіп, заң талаптарын орындамағандарға 100 айлық есептік көрсеткіштен басталатын айыппұл төлететін болады.

Шымкент: бүгінгінің батыры – Қазыбек Құттыбаев

16 наурызда ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, бірқатар құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Осыған орай, соңғы бір айдан бері тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау жолында талай шымкенттік азаматтар еңбектеніп жүргені жасырын емес.

Шымкент қаласында карантин тәртібі күшейтілді

Бұған дейін жұмыс орнынан алған анықтамамен жүретін тұрғындар енді арнайы базаға тіркелмесе көшеге шыға алмайды. Жаңа жобаны түсіндіру үшін қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баспасөз брифингін ұйымдастырды.