Сауран ауданы бойынша биыл 126,9 гектар жайылымды жерді ортақ пайдалануға қайтару жоспарланған

Ауыл тұрғындарының негізгі тіршілігі – төрт түлік. Ал жайылымдық жердің жетіспеушілігі бүгінгі күннің басты мәселесіне айналған. Өйткені ауыл іргесіндегі жерлердің басым бөлігі кезінде кәсіпкерлердің иелігіне өтіп кеткен. Соның салдарынан ауылдағы ағайын азын-аулақ малын көбейтіп, барын қорадан ұзатып баға алмай отыр.

Түркістан облысында жайылымдарды елге қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Түркістан облысында жайылымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы тапсырмасының орындалу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен талқыланды.

Отырар ауданы: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы агроөнеркәсіп кешені саласының мамандары да жұмысқа орналаса алады

2010 жылдан бері күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жұмыссыз жастарға тигізген пайдасы орасан. Жоба мақсаты - ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген жастарға жағдай жасап, оларға көмек беру болатын.

FINGRAMOTA.KZ - ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БОЙЫНША ЖАЛҒЫЗ СЕНІМДІ ЖӘНЕ РЕСМИ ДЕРЕККӨЗ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Бұл туралы бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шымкент қаласының өңірлік өкілдер басқармасы басшысы

Әбілғазы Қалназаров айтты.

Агенттік қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы тұтынушылардың қамтылуын және хабардар болуын арттыру үшін, сонымен қатар халықтың қаржылық өнімдер мен қызметтері туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін цифрлық коммуникация арналарын пайдаланады.

Атап айтқанда, интернет-портал Fingramota.kz -Қазақстандағы кең аудитория үшін қаржылық сауаттылық бойынша жалғыз сенімді және ресми дереккөз болып табылады. 2020 жылдан бастап – 2023 жылғы 1 қарашаға дейін интернет-порталда Fingramota.kz 1,6 мың бірегей және эксклюзивті материалдар жарияланған.

Сонымен қатар қаржылық сауаттылық материалдарын тарату мақсатында әлеуметтік медиа ресурстары кеңінен пайдаланылады. Атап айтқанда, Facebook, Instagram, Telegram. Одан бөлек, Fingramota ресми аккаунттарында 3,2 млн астам қаралымды қамтитын 5,6 мың пост орналастырылды.

2023 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде барлығы 200 мың қаралымды қамтитын 152 тікелей эфир өткізілген.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы нарығын реттеу агенттік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Осы басымдықты іске асыру мақсатында 2020 жылғы мамырда Үкіметтің қаулысымен халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2024 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдама келесі негізгі бағыттарды қарастырады:

1) байланыс арналары, оның ішінде цифрлық арналар арқылы қаржылық өнімдер туралы тұтынушылардың хабардарлығын арттыру;

2) халықтың нысаналы топтарына қаржылық білім беруді арттыру;

3) қаржылық инклюзияны дамыту;

4) қаржылық сауаттылық деңгейін мониторингтеу және жыл сайынғы бағалау.

«Агенттік әрбір нысаналы топқа яғни балалар, жастар, ересек тұрғындарға нүктелік назар аудара отырып, қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп, оқушыларға, студенттерге және ересек тұрғындарға қаржылық сауаттылық бойынша оқыту іс-шараларын өткізудің бірыңғай жоспары әзірленді.

Мемлекеттік органдармен бірлесе, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласында бірыңғай ақпараттық саясатты ұйымдастыру үшін

2022 - 2024 жылдар кезеңіне Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен Республикалық маңызы бар қалаларында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Медиа-жоспар іске асырылады»,-деді Әбілғазы Қалназаров.

Сондай-ақ, «Fingramotalline» мобильді қосымшасын пайдаланушылар 7/24 режимінде қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алады. "Fingramotalline" мобильді қосымшасы іске қосылған сәттен бастап мессенджерге азаматтардан 6,9 мың сұрақ келіп түскен және өңделген.

Азаматтар ұялы телефоннан "1459" қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы жедел түрде кеңес ала алатын Агенттіктің сall-орталығы. Call-орталықты іске қосқан сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін Агенттік қызметкерлері азаматтардың 39 мың қоңырауы бойынша кеңес берді.

 

ШЫМКЕНТ: 2023 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША СОТҚА ДЕЙІНГІ 5 ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕРЕГІ ТІРКЕЛГЕН

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты.

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарады. Департамент қызметкерлері қылмыстық құқықбұзушылықтарды алдын-алу, анықтау және тергеу бойынша мүдделі, келесі бағыттар бойынша жұмыс атқарады:

- Салықтан жалтару,

- Қаржылық пирамидалармен күрес,

- Жұмыстарды іс жүзінде атқармай жалған шот-фактура жазу,

- Заңсыз кәсіпкерлік,

- Заңсыз ойын бизнесі,

- Мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы,

- Жалған ақша жасау,

- Авторлық құқықтарды қорғау,

- Алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы,

- Квазимемлекеттік және бюджет саласындағы жымқыру,

- Экономикалық контрабанда,

- Әдейі банкроттық.

«Жалпы 2023 жылдың 9 айында Департамент өндірісінде 96 қылмыстық іс болған, 62 өндіріспен аяқталған, оның басым бөлігі сотқа жолданған.

Өндірілген залал соммасы 1,8 млрд теңгені құрайды, 2,4 млрд теңге мүлікке тыйым салынған.Сонымен қатар, Қаржы пирамидаларымен күрес бойынша 2023 жылдың 10 айында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 217 бабына сәйкес, яғни қаржылық пирамидаларды ұйымдастыру дерегімен 5 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген.»-деді Камилхан Исмилов.

Департаменттің жұмысы қылмыс анықтаудың санымен емес сапа жағына ауыстырылған, одан бөлек квазимемлекеттік секторда ірі жымқыру деректерін анықтау, қоғамдың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпау – басты міндеттер болып саналады.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету, заңсыз жолмен табылған мүлікті қайтару бойынша жұмыстар атқарылуда.

Экономикалық қылмыстар туралы хабар және мәліметтер болған жағдайда Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызға болады.

Сенім телефоны: 8-7252-77-14-48.

Түркістанда түркі мемлекеттерінің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесі құрылды

Түркістан қаласында өткен Орталық Азия және Түркі әлемі бағалаушыларының халықаралық форумында Түркі мемлекеттерінің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесі (ТМББҚ) құрылды. Халықаралық ұйымның құрылғаны туралы маңызды құжатына Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың сенат залында қол қойылды.

Сауран ауданы: мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жауаптылық туралы құқықтық сабақ өткізілді

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын сақтауға бағытталған құқықтық оқулар өткізу бекітілген. Осыған орай, Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, әдеп уәкілі Қуандық Құлажанов мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы туралы құқықтық сабақ өткізді. Сабақ барысында тәртіптік жауаптылық туралы заңдарға түсініктеме берілді.

Түркістан облысы: Сайрам ауданында 2100 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылған

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті жұмыс сапарында Сайрам ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде ауданның активімен көшпелі мәжіліс өткізді. Мақсат – ауданды дамыту бағытында жобаларды талқылау, жұмысты жандандыру. Кемшіліктерді талқылап, жаңа жоспарлар құру.