Шымкенттік полицейлер жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде

Білім беру мекемелерінде нашақорлықтың алдын алуға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, мүдделі қызметтердің қатысуымен қаладағы барлық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы дәрістер өткізілуі жалғасуда.

Шымкентте Ұлттық ұланның әскери бөлімінде қорытынды тексеріс басталды

"11 қарашада ҚР Ұлттық  ұланының 6506 әскери бөлімінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Павел Ситниковтың басшылығымен 2024 жылғы жазғы оқу кезеңінің қорытынды тексерісі басталды"-, деп хабарлады ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Шымкентте интернет-алаяқтық қылмыстары азайған

2024 жылдың алғашқы 10 айының қорытындысы бойынша қалада 686 интернет-алаяқтық қылмыс тіркеліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 146 іске азайған (2023 ж. – 786). Аяқталған істердің саны 210 болса, мерзімі үзілген істер саны 496-ны құрады (2023 ж. – 565). Қылмыстың ашылу пайызы – 29,7% (2023 ж. – 30,3%). Бұл көрсеткіштер интернет-алаяқтық деңгейінің төмендегенін көрсетеді, дегенмен ашылу пайызы өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Өңірдегі интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды. 

2024 жылдың 10 айында интернет-алаяқтық әрекеттер нәтижесінде жалпы 1 миллиард 158 миллион 764 мың 171 теңге көлемінде экономикалық шығын келтірілген, оның ішінде 215 миллион 075 мың 583 теңге мемлекетке қайтарылды. Бұл бағытта қылмыстарды ашу және залалды өтеу мақсатында шаралар жалғасып, күш-жігер қосымша жұмсалуда.

Интернет-алаяқтыққа қарсы күресті жетілдіру және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін 2023 жылдың 6 маусымынан бастап «Киберпол» тобы құрылып, оның құрамына 11 тергеуші, 13 жедел уәкіл және 1 криминалист енгізілді. Топ мүшелері арнайы техникалық құралдармен (Айрис, Аргус, Скриптур, Блур, Кросс) қамтамасыз етілген, бұл құралдар қылмысты талдауды жеделдетіп, дәлдікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мамандар интернет алаяқтары халықты алдау үшін әртүрлі айла-тәсілдерді кеңінен қолданып жатқандарын айтады. Елімізде жиі кездесіп жатқан алаяқтық әдістерінің қатарында банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде өздерін таныстырып, азаматтардың жеке мәліметтерін иемдену әрекеттері бар. Алаяқтар, мысалы, SIM-карта мерзімін ұзартуды сылтауратып, жеке деректерді алып, сол арқылы бөтен атқа онлайн несие рәсімдейді.

Алаяқтықтың тағы бір түрі — алдын ала төлем жасау арқылы интернет саудасы кезінде жоқ тауарды сатуды көздейтін схемалар. Олардың негізгі нысандары — Kolesa.kz, OLX.kz, Krisha.kz секілді платформалар мен Instagram желісіндегі жалған дүкендер.

Алаяқтар азаматтарға тауарлық несиені төмен пайызбен ақшаға айналдыруды ұсыну арқылы да алдайды. Азаматтар өз атына рәсімделген тауарларды алаяқтарға беріп, алаяқтар тауарды сатып пайда көреді де, азаматтар қаржылық шығынға ұшырайды.

Сондай-ақ, WhatsApp арқылы сілтемелер тарату тәсілі де кеңінен таралған. Вирустық сілтемелер арқылы алаяқтар қолданушылардың аккаунттарын бұзып, жақындарынан ақша сұрайтын жалған хабарламалар жібереді. Тіпті туыстарыңыздың дауысын өзгертіп, жол апаты немесе құқық қорғау органдарымен байланысты мәселелерге ұшырады деп, мәселені шешу үшін ақша талап ету жағдайлары да кездесуде.

Алаяқтардың әрекетін тоқтату және алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары белсенді жұмыс атқаруда. Мәселен, аудандық құрылымдарға күнделікті алдын алу шараларын жүргізу тапсырылып, олардың нәтижесі қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, 2024 жылдың 22 қазанынан бастап, «Шымкент реклама» ЖШС-мен бірлесіп, қаланың барлық LED экрандарында күніне 300 рет «Тоқта, интернет-алаяқтық!» тақырыбында бейнероликтер көрсетілуде.

Әлеуметтік желілерде де ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізілуде: 600-ден астам ескерту суреті, 100-ден астам бейнеролик және 300-ден астам парақша жарияланды. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында 369 мақала жарық көріп, оның 12-сі республикалық басылымдарда жарияланған.

Дегенмен, интернет алаяқтары заман талабына сай әрекет етуді жалғастырып, азаматтардың ақшасын жымқырудың жаңа әдістерін ойлап табуда. 

Құқық қорғау органдары алаяқтықтан сақтануға шақырады және азаматтарға күмәнді ұсыныстарға сақ болуды ескертеді!

 

Шымкент: Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі түсіндірілді

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін нышандарының бірі. Олар мемлекет имиджінің ажырамас бөлігін құрайды, азаматтардың патриотизмін білдіреді.Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері тек мемлекеттік құрылымдар немесе хаттамалық іс-шаралар шеңберінде ғана емес, барлық жерде дәріптелуі керек.

Шымкентте нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығының дәрігер-наркологы Ербол Қойғабаров әскери полиция қызметінің офицерлерімен бірлесіп ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің жеке құрамымен профилактикалық бағыттағы кездесу өткізді. 

Шымкентте «Елдесу» мен «Татуласу» жобасы жалғасын табуда

Кеше Шымкент қаласында басталған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренингі бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жалғасын тапты.

Шымкент: Медиацияны дамыту басты міндет

Бүгін Шымкент қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы ОҚМПУ-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг басталды.

Семинарды Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов ашып, медиацияны дамыту жайына тоқталды.

– Өркениетті қоғамның іргесі заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады.

Бүгінгі семинар-тренингте медиациямен күнделікті практикалық тұрғыда айналысып жүрген мамандардың пікірлерін тыңдаймыз. Әрі баяндалған нақтылы мысалдар арқылы өз тәжірибемізді ұштайтын боламыз, – деді Н.Құрманұлы.

Екі күнге созылатын семинарға қаладағы мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының өкілдері және этномәдени бірлестіктер мен қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдарының мүшелері, медиация кабинеттерінің үйлестірушілері қатысуда.

Семинар-тренингте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің сарапшысы Талшын Италиева, Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Этномедиация кеңесінің төрағасы, Ұлттық Құрылтай мүшесі Шерзод Пулатов, психолог-конфликтолог Резеда Баймухаметова сынды жоғары білікті мамандар шымкенттік тыңдаушыларға дәріс оқып, білімдерімен және оң тәжірибелерімен бөлісуде.