Бейсенбі, 16 Қараша 2023 14:43

Түркістан: су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің 2023-2030 жылдарға арналған Жол картасы таныстырылды

Түркістан облысына Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен келді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды министрмен кездесіп, ағын су және ауыз су мәселелерін шешу бағытындағы жоспарларды саралады. Бірлесе, тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты.

– Түркістан өңіріне қош келдіңіз. Өзіңіз білесіз, аймақта ауыз су және ағын су мәселесі өзекті. Облыс тұрғындарының 90 пайызға жуығы ауылдарда тұрады. Негізгі табыс көзі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан диқандарға қажетті ағын су мәселелерін шешу күн тәртібінде тұр. Бұл бағытта бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенімдімін, – деді Дархан Сатыбалды.

Су ресурстары және ирригация министрі үш күн бойы Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Келес, Сарыағаш, Қазығұрт аудандары мен Түркістан және Арыс қалаларындағы су нысандарына барады. Жағдайын бақылап, тиісті шешімдер қабылдамақ.

– Еліміздің оңтүстік облыстарында ағын суды тиімді әрі үнемдеп пайдалану маңызды болып тұр. Су нысандарын жөндеу, каналдарды тазалау да өзекті. Түркістан өңірінде ауыз су бойынша мәселе бар. Оны кезең-кезеңімен бірлесе шешуіміз керек. Жүйелі жұмыс атқарылады. Министрлік тарапынан қолдау көрсетіледі, – деді Нұржан Нұржігітов.

Министрге Түркістан облысында су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің 2023-2030 жылдарға арналған Жол картасы таныстырылды. Егер бұл жоспарға республикалық бюджеттен қолдау көрсетілсе, 3 жаңа су қойма салынып, 17 су қоймасы жөнделеді. Жаңадан 120,3 млн. м3 ағын су жеткізіледі. 12,2 мың гектар жаңа суармалы жер іске қосылып, 250 мың гектар суармалы жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады. 250 мыңға жуық тұрғын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Каналдар, қашыртқылар, ауыз су құбырлары жөнделмек. Жол картасына жалпы 58 жоба енгізілген.

Осы кездесуден кейін Нұржан Нұржігітов Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» ШЖҚ МКК-не барды. Жергіліктімамандар «Арыс» және «Түркістан» магистральдық арналарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен, соның ішінде автоматтандыружүйесін таныстырды. Сондай-ақ, «Боралдай» және «Бәйдібек ата» екі жаңа су қоймасының жобасы көрсетілді.

Арыс қаласында Нұржан Нұржігітов «Ақдала» сорғы станциясының жұмысымен және ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты жаңғыртуды қажетететін Арыс топтық су құбырының су айдау жүйесімен танысты. Министр бұл мәселені жекебақылауына алатынын айтып, оны жергілікті әкімдікпен бірге мұқият зерттеуге уәде берді.

Одан кейін министр Шардара ауданына барып, ирригациялық және дренажды жүйелерді (ПУИД-2) жетілдіру жөніндегі жобаның екіншікезеңі аясындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар Ұзын Ата ауылдық округінде салыныпжатқан тік дренажды сорғыларды қарап шықты.Ислам даму банкімен бірлесіп іске асырылып жатқан ауқымды жоба шеңберінде 302 сорғы салужоспарланған. «Алматы-Инжиниринг» ЖШС мамандары №16 ұңғыманың қалай жұмысістейтінін көрсетті.

Шардара ауданының Жаушықұм ауылдық округінде Нұржан Нұржігітов Жаушықұм алабынигеру бойынша жұмыстардың барысымен танысты. Жоба Шардара су қоймасынан 12 мың гектарданастам жерді суармалы сумен қамтамасыз етугемүмкіндік береді. Әрі қарай министр Шардара суқоймасына барды. Атап айтқанда, Арнасай бөгетін қарап, оның қызметкерлерімен сөйлесті.

Жетісай ауданының Қызылқұм ауылдықокругінде Нұржан Нұржігітов мердігерлермерзімінде аяқтай алмаған К-30, К-28 және К-26 арналарының жай-күйімен танысты. Министр олардың құрылысын мүмкіндігінше тезірек жандандыру және аяқтау үшін барлық күш-жігержұмсалатынын атап өтті. Сондай-ақ, министр Ш.Ділдабеков ауылдық округінде машиналық әдіспен су алустанциясының жұмысын қадағалады. Нысан «Достық» каналы арқылы су жетіспеген жағдайда, Жетісай ауданының егіс алқаптарын суменқамтамасыз етуге дайын.  

«Оңтүстік облыстарда суармалы суды тиімді және үнемді пайдалану маңызды. Су инфрақұрылымын жөндеу, арналарды тазарту мәселесі өзекті. Аймақта ауыз сумен де проблемалар бар. Барлық міндеттер кезең-кезеңімен шешілуі керек. Бірақ уақытылы жәнесапаға зиян келтірмеуі керек. Қазіргі уақытта министрлік желісі бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Түркістан облысында ғана ондаған жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде біздің шетелдік әріптестеріміздің қолдауымен жүзеге асып жатқандары да бар», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Жалпы, Түркістан облысында су шаруашылығын дамыту бойынша көптеген жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Су қоймалары мен тоғандарға ағымдағы жөндеулер де жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, былтыр Ордабасы ауданында орналасқан «Бөген» су қоймасында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Стратегиялық маңызы бар нысандарда жыл сайын арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілетіні белгілі. Соған сәйкес, су қоймасында тиісті шаралар қолға алынды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Бөген» су қоймасының жай-күйімен танысып, жөндеу жұмыстарының барысын бақылау үшін арнайы барып, тексеріп те қайтқан болатын.

Облыс басшысы сол сапарында жауапты сала басшыларын мұқият тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеген болатын. Нысанды мерзімінде сапалы етіп тапсыру талабын қойды. Жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен тиісті қаржы бөлуді тапсырды.– Стратегиялық маңызы бар нысанның жөндеу жұмыстары аса үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өңірдің ауыл шаруашылығы үшін су қойманың берері мол. Сондықтан жауаптыларға қойылар талап та күшті. Қауіпсіздікті сақтау – басты мақсатымыз. Жөндеу жұмыстарының әр сатысы жан – жақты әрі тұрақты бақылауда болады, – деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығының бай аймақтарының біріне жатады. Республикадағы суармалы жерлердің 3/1 бөлігі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар) және 70 мың агроқұрылымдарда 180 мыңға жуық адам еңбек етуде. 1967 жылы салынған «Бөген» су қоймасы су шаруашылығы нысандары стратегиялық объектілер тізбесіне жатқызылған. Аумағы – 65 км2, ұзындығы 13 км, ені 6 км, тереңдігі 15 м. Бөген су қоймасының су сыйымдылығы – 370 млн текше метр. Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады.

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 77 рет