Жұма, 20 Желтоқсан 2024 11:06

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының ең шалғай ауылына газ берілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының орталығынан ең шалғай орналасқан Иірсу ауылына газ берілді. Өткен жылдардан өтпелі болып іске асқан газ құбырын тарту жұмыстары биыл толығымен аяқталды. Нәтижесінде 21 шақырымнан астам құбыр тартылып, ауданның ең биік нүктесіндегі елді мекенде орналасқан 26 үй мен 4 мемлекеттік коммуналдық мекемені көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде.

Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Марат Жанесен, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұстафа Телғараев, ауыл әкімі мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтап, алғашқы үйге газ қосу сәтін бірге тамашалады. Ауыл тұрғындары құрылыс жұмыстарының басы-қасында жүріп, игі іске мұрындық болған жандарға алғыстарын жеткізіп, ақ баталарын берді.

Бүгінде Түлкібас ауданы қарқынды даму үстінде. Ауданда жаңа өндіріс орындары іске қосылып, 3 мың 635 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 60 млрд. теңгеден асқан. Алдағы үш жылда жалпы құны 10 млрд. теңгеден асатын 9 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 200 жаңа жұмыс орны ашылып, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 2025 жылы 77 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Түлкібас ауданының тұрғындарымен кездесуінде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім еткен болатын.

- Тарихы терең, табиғаты тамаша, ел арасында «Кіші Швейцария» атанып кеткен Түлкібас ауданында өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Ауданда 447 млрд. теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда. Атап айтқанда, «Састөбе» инновациялық кешені жылына 100 тонна каустикалық сода, 1 млн. тонна цемент өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр. Ауыз су және алкогольсіз сусындардың өндірісі іске қосылады. Жылына 2 мың тонна күркетауық етін өндіру және өңдеу жоспарлауда. Нәтижесінде 3 мың 635 жаңа жұмыс орындары құрылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 128 млрд. теңгеге, салық түсімдерін 13,5 млрд. теңгеге арттыру көзделуде. Былтыр ауданда 408 жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 806 жұмыс орны ашылды,-деген болатын Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Түлкібас ауданының брендіне айналған 3 мың гектар алма баулары бар. Оның ішінде 664 гектар - қарқынды бау. Қарқынды бауды дамыту нәтижесінде былтыр 32 мың тонна өнім жиналса, биыл оның көлемі 33 мың тоннадан асады. Жыл соңына дейін шағын және орта бизнестің өнім көлемін 51 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланған. Алдағы үш жылда жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 200-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 188 млн. теңгеге 31 жоба қаржыландырылды.

Былтыр ауданда 2 жаңа мектеп салынды. 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше білім ұяларында жөнделіп жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша Рысқұлов, Састөбе кентінде 2 мектеп салынбақ. 4 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік пунктердің құрылысы жүргізілуде.

Түлкібас ауданы инфрақұрылымы толық дамыған аудандар қатарында. Жаңа тұрғын үйлердің құрылысына инфрақұрылым тарту жұмыстары биыл қолға алынды. Аудан тұрғындарының 99,8%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тозығы жеткен ауыз су құбырларына қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Облыс әкімінің осыған дейінгі түлкібастықтармен кездесуі кезінде көтерілген мәселелердің бірқатары шешімін тапты. Атап айтқанда, Машат ауылында облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу үшін 595 млн. теңге қарастырылып, құрылыс толығымен аяқталды. Су құбырлары ауыстырылып, тасжолдар төселді. Ауыз су жүргізу жұмыстары жүргізіліп, ішкі көшелер жөнделуде. Түлкібас кентіндегі мектепті жөндеуден өткізуге қаржы қаралды. Спорт кешені мен интернаттың сәулет-жоспарлау құжаттары дайындалуда.

Бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 5 пайызбен тауар өндірушілерге 4,8 млрд. теңге бөлінді. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарына мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 3 мың тоннаға жуық дизель отыны бөлінді. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 9 мыңға жетіп, оларда 11 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Түлкібас ауданы бойынша былтыр 2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 6 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 158 жұмыс орындары ашылды. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрап отыр. Бұл көрсеткішті төмендетіп, халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады. 

Сондай-ақ, ауданда 51 мектепке дейінгі ұйымдар және 61 мектеп бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 6 мыңнан астам бала қамтылған. Тұрар Рысқұлов ауылындағы 300 орындық Майлыкент мектебінің құрылысына 1,2 млрд. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Бақыбек мөлтек ауданында орналасатын 300 орындық мектеп құрылысына 1,5 млрд. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Еңбекші ауылындағы 150 орындық Тұрсынбеков атындағы негізгі мектебінің құрылысына 756 млн. теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Аманкелді мектебінің қосымша корпусының құрылысына 214 млн. теңге толық қаралды. Сондай-ақ, 100 орындық Абайыл негізгі мектебінің құрылысына 269 млн. теңге қаржы қарастырылып, жұмыстар толығымен аяқталды. Кершетас ауылындағы Жандарбеков атындағы жалпы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 238 млн. теңгеге жөңдеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аудан, қалалардың даму жоспарын талқылап, бекіту жұмыстары жалғасып жатқаны белгілі. Таяуда Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов ауданның 2025-2030 жылдарға арналған «Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша» стратегиялық бастамаларды жүзеге асыратын жол картасының негізгі бағыттары мен көрсеткіштерін баяндады. Даму тұжырымдамаларына қатысты экономика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм салаларын дамытып, жұмыспен қамту үшін тиісті басқарма басшыларының ұсыныстары қаралды.

Облыс әкімі аймақты дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Зауыт, фабрикалар ашуға күш салуды, тұралап қалған өндіріс орындарын қайта жандандыруды тапсырды.– Әр ауданды дамытуда барлық мүмкіндікті пайдаланған дұрыс. Басты талап – ауылды көтеру керек. Дамытып, көркейту керек. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізген дұрыс. Алда атқарылар жұмыстардың нақты жоспары бекітіліп, сол жұмысты күшейту қажет. Түлкібас ауданында да жұмыстарды ширату керек. Жаңа жобалар жеткіліксіз. Әлі де тиісті деңгейде емес. Жұмыс барысында жүйелі ұстаным болуы қажет. Инфрақұрылымы дамыған бұл аймаққа кәсіпкерлер ұмтылатындай жағдай жасалуы тиіс. Ол үшін әкім ішкі және сыртқы инвестициларды тартуда үздіксіз жұмыс істеуі керек. Табиғаты қолайлы аймақта әлі күнге тристерді тартатын жобалар жеткіліксіз, – деді Дархан Сатыбалды.

Аудан әкімінің баяндауынша, Түлкібас ауданын дамыту үшін ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және туризм бағытында жұмыс атқарылады. Ол үшін инвестиция тартып, жаңа технологияларды ендіре отырып өнімділікті арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету басым бағыт ретінде таңдалып отыр.Өткен жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім 99,5 млрд. теңгеге жеткен. 20 млрд. теңге инвестиция тартылған, биыл оның көлемін 35,8 млрд. теңгеге дейін арттыруды жоспарланған. 2024 жыл 8 айдың қорытындысымен өнеркәсіп өнімінің көлемі 11,3 млрд. теңгені құрады.

2030 жылға дейін 400 млрд. теңгеден асатын 100-ге жуық жаңа жоба жүзеге асып, 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ. Өнеркәсіпті дамыту үшін жалпы инвестициялық құны 327,2 млрд. теңгені құрайтын 13 жобаны іске асыру жоспарлануда. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ауыл шаруашылық саласында инвестициялық құны 29,6 млрд. теңгені құрайтын 14 жобаны іске асырып, өнім көлемін 158,3 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарланған.

Түлкібас ауданында «Beibars Bottlers» ЖШС ауыз су және түрлі-түсті сусындар өндірістік зауыты іске қосылады. Сондай-ақ ұн диірмені, консерві зауытын қайта құрылымдау, концентрат және шырын құю цехы, кірпіш зауыты, каустикалық сода, ПВХ, кальций карбиді, әк өндіру, қуаттылығы жылына 4 мың тонналық жеміс өндеу цехы өз жұмысын бастамақ.

«Түлкібас» индустриалды аймағының аумағында құс фабрикасының, балықты кірпіш зауыты, қуаттылығы 320 МВт газ турбиналы электр станциясының құрылысы жоспарланған. Қарқынды алма бау, балық шаруашылығы, жеміс-жидектерін қайта өңдеу, құрама жем өндіру зауыты, сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығы саласында жаңа жобалар жоспарланған.

«WWW.AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 16 рет