Super User

Super User

Түркістандық кәсіпорындар жаппай жалақыны өсіріп жатыр

Түркістан қаласындағы 20-дан аса кәсіпорын жұмысшыларының ең төменгі жалақысын 20 пайызға көтеретін болды. Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімімен кәсіпорындар арасында осындай меморандум бекітілді. Бұл өндіріс орындарының арасында наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өңдейтін цех, коммуналдық салаға қажетті құбыр насосын шығаратын кәсіпорын мен мақтаны терең өңдейтін зауыт бар.

Түркістан облысында екі мақта өңдеу зауыты салынып жатыр

Түркістан облысында 6 млрд теңгеден астам қаражатқа екі мақта өңдеу зауыты салынып жатыр. Шардара ауданында орналасқан екі кәсіпорынды іске қосу осы қараша, желтоқсан айларының соңына жоспарланып отыр екен.

Түркістан облысы: Жетісай драма театры республикалық фестивальден оралды

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының шығармашылық ұжымы 10-14 қараша аралығында Өскемен қаласында өткізілген Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, актер, ақын Рүстем Есдаулетов атындағы кіші формадағы сахналағанған спектакльдердің ІІ республикалық театр фестиваліне қатысып қайтты.

Жетісай ауданында бес ауылға газ берілді

Жетісай ауданында бір күнде бес ауылға табиғи газ берілді. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Атап айтқанда, көгілдір отынға қол жеткізген ауданның Ш.Ділдәбеков ауыл округіне қарасты Достық, Байдала, Зерделі ауылдары мен Атамекен ауылдық округіне қарасты Тыңдала және Қоғалы елдімекендері. Аймақ басшысы Достық ауылындағы газ торабын іске қосу рәсіміне қатысып, ендігі кезекте 5 мыңға жуық халқы бар бес ауыл тұрғындарының көмір тасып, күл шығармайтынын жеткізді.

Осы RSS каналға жазылу