Аудан басшысы әрбір өтінішке жеке тоқталып, көтерілген мәселелердің мән-жайын зерделеді. Заң аясында шешімін табуға болатын мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырса, қосымша қарауды қажет ететін өтініштерді бақылауына алды. Сондай-ақ жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына азаматтардың өтініштеріне бейжай қарамай, олардың шешілу жолдарын нақтылауды міндеттеді.
Тұрғын үй мәселесіне қатысты өтініш білдірген азаматтарға ауданда баспана мәселесін шешу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, тұрғын үй кезегіне тіркелу тәртібі мен баспана бөлу талаптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғын үймен қамту тетіктері «Отбасы банк» жүйесі арқылы жүзеге асырылатыны жөнінде ақпарат берілді.
Қабылдауға тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысып, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Көтерілген мәселелерді шешу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан басшысы азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, әрбір мәселенің заң талаптарына сәйкес қаралуы және мүмкіндігінше оң шешімін табуы үшін тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат