Super User

Super User

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов инвесторлармен келіссөз жүргізді

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қалаға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесу барысында инвесторларға Кентау қаласының инвестициялық әлеуеті мен мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіпкерлік жобаларды іске асыруға қолайлы жағдайлар таныстырылды.

Кентау қаласында 300 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде

Кентау қаласында мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда жеке инвестордың қаржысы есебінен 300 орындық балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

Кентаулық көпбалалы ана мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін өркендетіп отыр

Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Нұрсұлу Батырбекова мемлекеттік қолдаудың игілігін көріп, өз кәсібін тұрақты түрде дамытып келеді. Кәсіпкер бұдан бес жыл бұрын үй жағдайында бастаған ісін бүгінде шағын өндіріске айналдырып, қала тұрғындарына табиғи әрі сапалы ет өнімдерін ұсынып отыр

Кентау қаласы ҰБТ қорытындысы бойынша облыс көлемінде I-орында

Түркістанда президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының Тамыз конференциясында айтылған тапсырмаларын орындау жолдары талқыланған кеңейтілген мәжіліс өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжіліске аудан, қала әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, жоғары оқу орындарының өкілдері, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің мамандары, ардагер ұстаздар мен сала сарапшылары қатысты. Мазмұнды баяндамалар жасалып, мәселелер көтерілді және оны шешу жолдары қаралды. Өңірдегі білім сапасының қазіргі жағдайы сараланып, нақты міндеттер айқындалды.

Осы RSS каналға жазылу