Түркістан облысының әкімі Кентау қаласының тұрғынын жеке қабылдап, мәселесінің шешілу жолын түсіндірді
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Кентау қаласының тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Кездесуден кейін әлеуметтік желіде тұрғындардың бірі облыс әкіміне өз өтінішін жеткізе алмай қалғаны жөнінде бейнежазба жариялаған. Осы жағдайдан хабардар болған өңір басшысы азаматты бүгін арнайы қабылдап, өтінішін жеке тыңдап, жауапты сала басшыларының қатысуымен мәселені жан-жақты қарады.