Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілді
Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен басқармаға қарасты «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері белсенді қатысып, қоршаған ортаны көркейтуге жұмылды.