Super User

Super User

Түркістан облысында шегірткеге қарсы 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өткізілді

Түркістан облысы аумағында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жалғасуда. 9 ауданда 300 мың гектарға жуық алқап өңделді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Ордабасы ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап, дәріленген аумақтарды аралады.

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні аталып өтті

Қазығұрт ауданында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты салтанатты шара өтті. Тағылымы терең кеште ел қорғаған ерлердің ерлігі ұлықталып, батыр бабалар рухына тағзым жасалды.

Түркістан облысы: Мақтаарал жұртшылығы батырлар рухына тағзым етті

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Мақтаарал ауданында тағылымы мол, патриоттық рухты көтеретін бірқатар салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл мерекелер – ел қорғаған ерлерге құрмет көрсетіп, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыратын маңызды күндер ретінде кеңінен аталып өтті.

Шардарада көктемгі дала жұмыстары мен су ресурстарын пайдалану мәселелері қаралды

Шардара ауданында су ресурстарын тиімді пайдалану, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және көктемгі дала жұмыстарының барысы бойынша мәжіліс өтті. Жиын облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың ауданға жұмыс сапары аясында ұйымдастырылып, онда ауданның 2026 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, су шаруашылығы саласындағы ахуал, көктемгі егіс науқаны, су үнемдеу технологияларын енгізу және инфрақұрылымдық жобалардың орындалу барысы жан-жақты талқыланды.

Осы RSS каналға жазылу