Президент тапсырмасына орай оңтүстіктен солтүстікке көшу субсидиясының 2 есе ұлғаюы шымкенттіктердің қызығушылығын туғызды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылардың көшуіне берілетін субсидия мөлшері 35 АЕК-тен 70 АЕК-ке артады. 


Бұл туралы Еңбек және халықтың әлеуметтік министрлігі "ҚазАқпаратқа" берген жауабында айтылған.

«Жыл сайын инфляция деңгейіне байланысты айлық есептік көрсеткіш мөлшері көбейіп отырады. АЕК мөлшері өзгерген сайын субсидиялар мөлшері де өзгереді. Мәселен, бағдарламаның алғышқы жылында 2017 жылы тұрғын үй жалдау үшін ең минималды төлем сомасы 34 мың теңгені құраса, 2021 жылы 43,7 мың теңгеге дейін көбейген», - деп жазылған министрліктің жауабында.

Ведомство өкілдері Президент тапсырмасы бойынша қоныс аударушыларға көшуге берілетін субсидия мөлшерін 35 АЕК-тен 70 АЕК-ке дейін көбейту үшін «Еңбек» бағдарламасына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын айтады.

«Аталған өзгеріс күшіне енген соң көшуге біржолғы субсидия мөлшері 102,1 мың теңгеден 204,2 мың теңгеге дейін көбейеді», - деп жазылған жауапта.

Осы орайда атап өтерлік жайт, Шымкент шаһарында бағдарлама аясында оңтүстіктен солтүстікке көшу жайы жергілікті халық арасында үздіксіз түсіндіріліп келеді. Мәселен, жуырда ғана Павлодар облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаева, Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданының Жұмыспен қамту орталығының директоры Зәуреш Мұсабаева және Қостанай облысының Денисов ауданы әкімінің орынбасары Нұрлыбек Кәкімжандар мегаполиске арнайы келген болатын. Мұнда Мемлекеттік көші-қон бағдарламасы аясында солтүстік облыстарға қоныс аударуға қызығушылық танытқан тұрғындармен кездесті. Бұдан бөлек Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерімен жүздесіп, баспасөз мәжілісін өткізді. Жалпы, мемлекеттік бағдарламаның Шымкент қаласы бойынша өз дәрежесінде бұқараға түсіндірілуі нәтижесінде аталған бағдарлама аясында Шымкент қаласынан бүгінгі таңда 69 отбасы қоныс аударған екен.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат.

Шымкент: Полицейлер сауабы мол игі іске ұйытқы болды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының №10 учаскелік полиция пункті қызметкерлері Сералиев Серғазы және Орынбай Елдар қоғамдық көмекшілер бірлесе қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.