Әйелдер мен балалардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайын зерттеу сауалнамасы әзірленді

Шымкенттегі Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «МИКС(Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу) халықаралық зерттеуі туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда 2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қазақстанда халықаралық деңгейде танымал зерттеу – ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) басталатыны сөз болды.

Қазақстанда басталған MICS-2024 зерттеуі елдегі әйелдер, ерлер және балалардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайын жан-жақты талдау мақсатында жүргізілуде. Әрбір сауалнама денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік даму салаларына қатысты маңызды аспектілерді қамтиды. Бұл зерттеу Қазақстанның мемлекеттік органдарымен келісілген және қажетті мақұлдаудан өткен.

Сауалнамалардың негізгі мазмұны

• Әйелдер мен ерлерге арналған сауалнамалар жұмыспен қамту, оқыту, неке және психикалық денсаулық мәселелерін қамтиды. Әйелдер үшін босану және босанғаннан кейінгі көмек бойынша арнайы сұрақтар қарастырылған.

• Бес жасқа дейінгі балаларға арналған сауалнамада ерте балалық даму, тәрбиелеу әдістері және иммундау мәселелері қамтылған.

• 5-17 жас аралығындағы балалар сауалнамасы балалар еңбегі және ерте жастағы дағдыларды дамыту секілді маңызды бағыттарға бағытталған.

Сауалнамаға қатысу толықтай ерікті және ақпараттың анонимдігі қатаң сақталады. Жиналған мәліметтер тек статистикалық мақсаттарда қолданылады. Респонденттер кез келген уақытта сұрақтарға жауап беруден бас тартып, сұхбатты тоқтатуға құқылы.

Зерттеу барысында туындаған сұрақтар бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Зерттеу нәтижелері Ұлттық статистика бюросының және ЮНИСЕФ сайттарында жарияланады. MICS бағдарламасы 1996 жылдан бері әлемнің 118 елінде жүзеге асырылып келеді. Биыл Қазақстан осы жетінші раундқа қатысушы 27 елдің қатарында.

 

Елімізде MICS-2024 зерттеуі басталды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «МИКС(Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу) халықаралық зерттеуі туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

Шымкент қаласының әкімі: Басты мақсат – азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру

Қазіргі таңда Шымкент қаласы экономикалық, әлеуметтік жағынан даму үстінде. Қала басшылығының халыққа берген уәделер жоспарлы түрде орындалып жатыр. Сондай-ақ, шаһар басшысымен болған қала тұрғындарын қабылдау барысында, көшпелі кездесулерде түрлі мәселелер шешімін тауып келеді.

Әлеуметтанушылар Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелерін ұсынды

Қазақстандықтардың 57,8%-ы 6 қазан күні өтетін референдумға қатысуды жоспарлап отыр. 59,3%-ы АЭС құрылысына қолдау білдірді. Бұл —Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері.

Шымкентте 5 мәдениет үйі аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде

Мәдени іс-шараларды сапалы өткізу мақсатында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты елді мекендерде орналасқан 5 мәдениет үйі мен 5 клуб ғимараты штатымен қоса аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев айтты.

Жаңа Жолдау – жаңа бағыттар

Әдеттегідей мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылдың 2 қыркүйегінде халқымызға кезекті жолдауын жариялады. Еліміздің жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін стратегиялық құжат ретінде жолдау қашанда ел игілігі үшін жасалатыны анық. Мұнда саяси, әлеуметтік, экономикалық өсіп-өркендеудің жолдары, нақты қадамдары көрсетіледі. Сондай-ақ экономикалық-саяси көзқарастар негізінде халық жаппай ел билігі мен елдің бүгінгі жетістіктерімен танысады.

Шымкент әкімі: «Тұрғындардың талап-тілектерін қарастыруды тапсырамын»

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Абай ауданы, "Ақжайық" шағынауданында болып, тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар әкімге балалар алаңын орнату, жарықтандыру және аялдамаға дейін жол салу керектігін айтып, өтініш білдірді. Сонымен қатар, қоғамдық көлік қозғалысы мен қоқыс шығару мәселелерін де көтерді. Әкім тұрғындардың талап-тілектерін тиісті сала мамандарына қарастыруды тапсырды.