Жұма, 15 Мамыр 2026 16:50

Түркістан облысы: «Ауыл аманаты» табысты арттырудың тиімді тетігі

Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында өндірістік кооперативтерді дамыту және отбасының цифрлық картасындағы D және E санатындағы отбасыларды С санатына өткізу бағытында жиын өтті.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов ашып, жүргізіп отырды. Басқосуға ауылдық округтер мен кент әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Мансап орталығы өкілдері, сондай-ақ «Ауыл Аманаты» жобасы аясында қаржыландырылған және алдағы уақытта қаржыландырылатын кооператив төрағалары қатысты. Жиын барысында «Amanat» партиясының өңірлік үйлестірушісі Жандос Әзімбай бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, өндірістік кооперативтердің әлеуетін арттыру, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытындағы міндеттерді кеңінен баяндады.

Сонымен қатар, отбасының цифрлық картасындағы D және E санатындағы отбасыларды С санатына көшіру бойынша нақты тетіктер талқыланды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы «Ауыл Аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттырып, елді мекендердің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды жоба екенін атап өтті. Сонымен қатар, ауыл еңбеккерлерінің әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарды үйлестіріп, жауапкершілікпен атқару қажеттігін айтты. Бұл бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 56 рет