Осыған байланысты аудан әкімі Мақсат Таңғатаров құрылыс нысанында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Нысан басында мердігер мекеме мамандары және ауыл тұрғындарымен кездесу өтіп, жобаның орындалу кезеңдері талқыланды.
Аталған жұмыстар Сауран ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі арқылы жүзеге асырылуда. Жоба нәтижесінде елді мекендегі 56 абонент сапалы әрі тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, қуаттылығы 250 кВА болатын трансформатор орнатылып, 7000 метр электр желісі жаңартылады. Бұдан бөлек, 104 бетон электр бағаналарын орнату жұмыстары жүргізіледі.
- Елді мекендердегі электр желілерін жаңғырту жұмыстары тұрғындардың күнделікті тұрмыс сапасын арттырумен қатар, ауылдардың әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан әрбір инфрақұрылымдық жоба бақылауда болады және жұмыстар сапалы әрі мерзімінде орындалуы тиіс, - деді Мақсат Таңғатаров.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат