Жетісайда жыл соңына дейін 90 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр
Жетісай ауданында тұрғындарға жыл басынан бері 167 әлеуметтік тұрғын үйдің кілті табысталған. Енді жыл соңына дейін тағы 90 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр.
Жетісай ауданында тұрғындарға жыл басынан бері 167 әлеуметтік тұрғын үйдің кілті табысталған. Енді жыл соңына дейін тағы 90 пәтердің кілтін тапсыру жоспарланып отыр.
Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 32 жыл толып тұр. Осы ретте Жетісай қаласындағы «М.Горький» атындағы №1 мектеп-гимназиясында ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзетуде ерен еңбек етіп, Ішкі Істер органдарында қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция полковнигі Серікбаев Әбдіғаппар Бердіқұлұлының есіміне берілген «Полиция сыныбы» ашылды.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Сайрам ауданына іссапармен барды. Ветеринария және жер саласы мамандарымен Сайрам ауданында мал қозғалысын қадағалау және аудан аумағындағы заңсыз құрылыстарды ретке келтіру бойынша комиссия отырысына қатысты. Аудан әкімі Арман Сәбитов бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Кездесу барысында төрт түлік туралы түйткілді мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары мәселе бойынша нәтижелі жұмыс жүргізіп, нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты.
«Таза Қазақстан» экологиялық шарасы аясында, Отырар ауданы көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында аудан орталығындағы көше бойлары мен елді мекен айналасы, автожол бойлары, арық-атыздарды қоқыстардан тазарту, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысына қарасты елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында жол картасы әзірленген. Осы ретте облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ықпалымен өңірде интернет сапасын жақсарту және интернет базалық станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Республика бойынша тұрғын үй кезегінде 650 мыңға жуық азамат тіркелсе, оның 65 мыңнан астамы Түркістан облысының азаматтары. Бұл елдегі ең үлкен көрсеткіш. Баспана кезегінде тұрғандардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтағылар. Биыл тұрғындарды баспанамен қамту үшін 2 469 пәтер сатып алуға республикалық және облыс қазынасынан 44,8 млрд. теңге бөлінген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістанда салынып жатқан «Достық үйі» ғимараты ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларды құрылыс алаңына жинап, бірқатар тапсырмалар берді. Нысанның құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін ескертті. Мердігерге нақты тапсырмалар берді.
Шардарада аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді. Жолдың ұзындығы 235 метрді құрайды. Аталған жаңа жол, аудан тұрғындарының емханаға кептеліссіз келіп-кетуі мен жедел жәрдем көліктері кеңсесіне кедергісіз кіріп-шығуына мол мүмкіндік береді.