Шараға Жетісай, Атакент, Асықата өңірлерінен және аудан орталығынан келген тұрғындар қатысты. Жиналған қауым құран бағыштап, ел тыныштығы мен амандығын тілеп, дұға жасады. Үлкен қариялардың батасын алды. Бұл жиын тек ас беру рәсімімен шектелмей, рухани құндылықтарды насихаттайтын маңызды кездесуге ұласты. Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров сөз сөйлеп, жүргізушілердің бірлік танытып, осындай игі істі қолға алғанына ризашылығын білдірді. Ол өз сөзінде қоғамдағы ынтымақ, бірлік пен жанашырлықтың маңыздылығына тоқталып, жастарға үлгі боларлық бастамаларды әрдайым қолдау қажеттігін атап өтті.
Ұйымдастырушылар бұл шараны тек бір реттік қайырымдылық ретінде емес, дәстүрге айналдыруды көздейтіндерін жеткізді. Сонымен қатар жүргізушілер қауымы игі бастаманы жалғастырып, аудан аумағындағы аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік және қажетті тұрмыстық заттар таратып, әлеуметтік қолдау көрсетті. Айта кетейік, Мырзакенттегі бұл бастама – қарапайым еңбек адамдарының қоғамға деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі. Осындай игі істер ел ішінде өзара көмек пен бірлікті нығайтып, қайырымдылық мәдениетін дамытуға зор үлес қосатыны сөзсіз.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат