Түркістан қаласында тазалық жұмыстары тоқтаған емес
Түркістан қаласында тазалық жұмыстары тоқтаған емес,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Түркістан қаласында тазалық жұмыстары тоқтаған емес,-деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Мақтааралдағы топан судан қиналған тұрғындарға Батыс Қазақстан облысынан 20 тоннадай гуманитарлық көмек келді. Бұл керуенді жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырды.
Су тасқыны зардабын тартқан төлебилік тұрғындарға да гуманитарлық көмек келуде. Төтенше жағдайдан кейін таулы ауданға Түркістан облысынан алғаш болып Мақтаарал мен Сайрам жұртшылығы көмек қолын созды.
Түркістан облысы, Төлеби ауданында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен сел салдарын жою жұмыстары 4 секторға бөлінген болатын. Бүгінде әр ауданнан келген азаматтар өздеріне бөлінген секторды ретке келтіріп, су кірген үйлердің ауласын тазартуда.
Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен 6128 тұрғынға үкімет резерві есебінен 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін "Халық" банк карталары таратыла бастады.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған ауылдарды дезинфекциялау жұмыстары басталды. Мұндағы мақсат – тасқын су шайып кеткен елдемекендерде жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және инфекциялық індеттердің алдын алу.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы қауіптің беті қайтып, үйлер жауын суынан тазартылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі.
2020 жылы 2 мамырда төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, №36 жалпы орта мектеп базасында Түркістан облысы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде «Біргеміз, Мақтаарал!» еріктілер штабы құрылды.