ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ – ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Бүгінде мемлекет халықты жұмыспен қамту бағытына ерекше назар аударып отыр. Бұл мәселе тұрғындарының 75 пайыздайы ауылды жерлерде тұратын Түркістан облысы үшін айрықша маңызға ие. Сол себепті облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұмыспен қамту жұмыстарының жүйелі әрі сапалы түрде орындалуын өзі бақылап отырады.

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ТҰРАН АУДАНЫНДА 59 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛАДЫ

Тұран ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жалғасуда. Өткен жылы аудан көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып, 42 көшеге асфальт төселді, ал тағы 49 көшеге шағал тас төселіп, жол сапасы жақсарды.

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРА ТҰРҒЫНДАРЫН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТИТЫН «ТАМА-ТАСТАНБЕК» ЖОБАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инфрақұрылымды дамыту мәселесі шешімін тауып келеді. Тұрғындардың өтініштерін орындау бағытында да жүйелі жұмыс бар. Соның бірі – Шардара ауданы тұрғындарын ұзақ жылдар бойы мазалаған ауыз су мәселесіне де назар аударылып, тиісті жұмыс басталды.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Күні кеше Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиында қаладағы тұрғын үй мәселелері, құрылыс сапасы және орындаушылық тәртіпке қатысты өзекті мәселелер қаралды.

ҚАЗАҚСТАНДА СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНЫҢ БАҒАСЫ 1 АҚПАННАН БАСТАП ӨЗГЕРТІЛЕДІ

Қазақстанда сұйытылған мұнай газ (СМГ) бағасының өзгеруі 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жоспарлануда. Бұл шешімнің қажеттілігі сұйытылған газ өндірісінің рентабельділігі мен тұтыну көлемінің өсуімен байланысты.