Түркістанда салынатын ғимараттардың сәулеті мен сапасы талқыға түсті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде салынатын ғимараттар мен жобалардың сәулеті кезекті рет талқыланды. Сәулеттік кеңеске жауапты басқарма басшылары, кәсіпкерлер мен инвесторлар және сәулет, құрылыс саласының өкілдері қатысты. Өңір басшысы әрбір жобаны терең зерделегеннен кейін ғана кеңес отырысына ұсыну керектігін ескертті.

Түркістан облысы: Созақта жеке кәсіпкерлердің қаражат құюымен 48 пәтерлі 24 тұрғын үй бой көтеруде

Созақ ауданында жеке кәсіпкерлердің қаражат құюымен салынып жатқан тұрғын үйлердің қатары артып келеді. Мәселен, Шолаққорған ауылындағы жеке инвесторлар арқылы салынып жатқан 2 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы қарқын алуда. Қазіргі таңда онда қосымша 2 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы қосылып, жалпы пәтер саны 48-ге жетіп отыр.

Түркістан облысы: Созақ ауданының коммуналдық сала өкілдеріне 27 техника тапсырылды

Созақ ауданына 27 жаңа техника жеткізіліп, коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне тапсырылды. Техникалар 12 кент пен ауылдық округтерге, сондай-ақ «Созақ сәулет» және «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына табысталды. Жаңа техникаларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков табыстап, тұрғындарының өмір сапасы мен ауыл тазалығын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жаңа бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

Түркістанға Жамбыл облысынан «Достық керуені» келді

Түркістандағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында «Таразым – Тұмарым, Түркістаным – Тұраным» атты салтанатты іс-шара өтті. Аталған шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.

Бәйдібек ауданында тағы бір ауыл табиғи газға қосылды

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауыл-аймақтарды қажетті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл облыс әкімінің басшылығымен облыс бойынша 47 ауыл «көгілдір отынмен» қамтылды. Даму жоспары аясында жыл басынан бері Бәйдібек ауданында 15 елді мекен табиғи газға қол жеткізіп отыр.

Түркістан: «Табиғатты қорғау – адамзаттың борышы» атты сенбілік ұйымдастырылды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, экологиялық сана мен қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Табиғатты қорғау — адамзаттың борышы» атты сенбілік өтті.

Сарыағашта тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласын дамыту, көркейту, абаттандыру жоспары бойынша берілген тапсырмалардың орындалу барысын бақылап, республикалық маңызы бар А-15 тас жолының бойын жаяу аралады.

Түркістанда «ÓzgeEpic» креатив хабының ресми ашылу салтанаты өтті

Ел Президенті креативті индустрияның дамуы туралы «Креативті экономика дарынды әрі шығармашыл адамдарды өзіне тартатын ірі қалалардың дамуына ықпал етуші күш» деп аймақтарда біртұтас инновациялық экожүйе құру қажеттігін атап өткен еді. Түркістан облысында өңір басшысының тапсырмасымен тиісті жұмыстар атқарылуда. Осы ретте ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазпошта» АҚ арасында креатив саланың дамуына тың серпін беретін әріптестік меморандумы аясында Түркістандағы «Қазпошта» ғимаратында «ÓzgeEpic» креатив хабының ресми ашылу салтанаты өтті.