Түркістан облысында 11 су нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында 552 мың гектар суармалы жер бар. Бұл – республикалық көрсеткіштің төрттен бір бөлігі. Өңірде экономиканың негізгі саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Сондықтан су нысандары инфрақұрылымын дамыту, жөндеу, тазалау аса өзекті. Аталған бағыттағы жұмыстар мен мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су үнемдеу технологияларын енгізу, су нысандарын ретке келтіру маңызды екеніне тоқталып, жауаптыларға тиісті тапсырмалар берді.

Сарыағашта елдімекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасуда

Сарыағаш ауданына қарасты Дербісек ауылдық округі мен Атамекен елді мекенінің тұрғын үйлері көгілдір отынға қосылды. Аталған шараға аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында ауыл тұрғындары аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ақсақалдар баталарын берді.

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Түркістанда балалардың құрметіне Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жыл мерекесіне арналған шыршатой өтті. Мерекелік шырша шамын облыс әкімі Дархан Сатыбалды жағып, балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Түркістанда салынатын ғимараттардың сәулеті мен сапасы талқыға түсті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде салынатын ғимараттар мен жобалардың сәулеті кезекті рет талқыланды. Сәулеттік кеңеске жауапты басқарма басшылары, кәсіпкерлер мен инвесторлар және сәулет, құрылыс саласының өкілдері қатысты. Өңір басшысы әрбір жобаны терең зерделегеннен кейін ғана кеңес отырысына ұсыну керектігін ескертті.

Түркістан облысы: Созақта жеке кәсіпкерлердің қаражат құюымен 48 пәтерлі 24 тұрғын үй бой көтеруде

Созақ ауданында жеке кәсіпкерлердің қаражат құюымен салынып жатқан тұрғын үйлердің қатары артып келеді. Мәселен, Шолаққорған ауылындағы жеке инвесторлар арқылы салынып жатқан 2 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы қарқын алуда. Қазіргі таңда онда қосымша 2 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы қосылып, жалпы пәтер саны 48-ге жетіп отыр.

Түркістан облысы: Созақ ауданының коммуналдық сала өкілдеріне 27 техника тапсырылды

Созақ ауданына 27 жаңа техника жеткізіліп, коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне тапсырылды. Техникалар 12 кент пен ауылдық округтерге, сондай-ақ «Созақ сәулет» және «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына табысталды. Жаңа техникаларды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков табыстап, тұрғындарының өмір сапасы мен ауыл тазалығын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жаңа бастамалардың маңыздылығына тоқталды.

Түркістанға Жамбыл облысынан «Достық керуені» келді

Түркістандағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық керуені» жобасы аясында «Таразым – Тұмарым, Түркістаным – Тұраным» атты салтанатты іс-шара өтті. Аталған шара Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ мен Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды.