Шымкент: Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері марапатталды

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов және басқарманың басшысы Асхат Таженов ұжым қызметкерлерімен кездесу өткізіп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Шымкент: Әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өтті

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы - Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының "№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов мекемедегі қызметкерлермен кездесу өткізіп, қал-жағдайларымен танысты.

Шымкенттік Ұлттық ұлан офицері елордада өткен «Егемен ел патриоты» республикалық байқауының жеңімпазы атанды

Бұл байқау Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өтіп, елдің түкпір-түкпірінен келген азаматтар өз білімдері мен патриоттық көзқарастарын сынға салды.

Шымкентте ерекше жандар жасаған қолөнер бұйымдары көпшіліктің назарына ұсынылды

Қазан айының соңғы жексенбісі – елімізде әлеуметтік сала қызметкерлері күні ретінде атап өтіледі. Осы айтулы күнге орай, Шымкент қаласының Арбат алаңында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен мүгедектігі бар азаматтардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының ерекше көрмесі өтті.

Шымкент: Қаратау ауданында инфрақұрылымды дамыту көрсеткіштері артып келеді

Қаратау ауданы — Шымкент қаласындағы ірі аудандардың бірі, оның жалпы аумағы 19 500 гектарды құрайды, ал халық саны 220 мыңға жуық. Аудан құрамында 18 елді мекен мен 595 көше бар, сондай-ақ 12 демалыс орны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Аудан әкімдігі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, өзіне жүктелген 24 функцияны орындап келеді. Бұл туралы бүгін Қаратау ауданының әкімі Мүлкеманов Рахымберді Жанысбекұлы брифинг барысында баяндады.