Жұма, 25 Қазан 2019 23:00

Шымкент: Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әр аптаның жұма күні мегаполис басшысы жергілікті халықтың мұң-мұқтажы мен талап тілегіне құлақ түреді. Бұл бүгінде дәстүрге айналған. Әрине, ол үшін күні бұрын қала әкімдігінің ресми сайты арқылы немесе фронт-офис арқылы әкімнің қабылдауына жазылсаңыз болғаны. Бүгін Шымкент шаһарының әкімі Ерлан Айтаханов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қала басшысының қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әртүрлі бағытта өрбіді. 

Атап айтқанда, қала әкімінің қабылдауына келген тұрғындардың бірқатары жұмыспен қамту, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы мәселені көтерсе, енді бірі баспанамен қамту, жеке кәсіпті дамыту жөніндегі сауалдарын қойды.

Азаматтардың өтініштері мен сауалдарын ыждаһаттылықпен тыңдап, жауап берген шаһар басшысы баспаналар мемлекеттік тұрғын үй қорынан заңға сәйкес тек өз кезегімен берілетінін айтты. Қоғамдық қабылдау барысында Ерлан Қуанышұлы тұрғындардың уәждері бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 895 рет