Жұма, 18 Қараша 2022 00:47

Сауран ауданында барлық салалар бойынша даму бар

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков 10 айда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне брифинг берді. Брифинг барысында аудан әкімі аудандағы барлық салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталып өтті. Соның негізгілеріне тоқталып, өтсек.  

Бюджет саласы

2022 жылғы аудан бюджетінің жалпы көлемі 7 млрд 831,8 млн. теңгені құраған. Оның ішінде 1 млрд 406,6 млн. теңге жергілікті бюджет болса, 6 425,2 млн. теңге трансферттер. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына жергілікті бюджетке 1млрд 174,8 млн. теңге жоспарланып, 1 млрд 364,1 млн. теңге қаржы түскен, орындалуы 116,1 пайызды құрап, 189,2 млн. теңгеге асыра орындалған. 1 қарашадағы жағдайға бюджеттің шығыстар бөлігіндегі жоспардағы 5 млрд 773,6 млн. теңгенің  5 млрд. 478,3 млн. теңгесі игеріліп, 94,9%-ды құрапты.Аудан бюджеті 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жалпы 5 есеге ұлғайған. 2021 жылдың 1 қарашасына жергілікті бюджетке 110,1 млн. теңге жоспарланып 178,3,1 млн. теңге қаржы түскен, орындалуы 1,6 есеге ұлғайып немесе 68,3 млн. теңгеге арсыра орындалған. Шығыс бөлігіндегі жоспардағы 543,5 млн. теңгенің 540,7 млн. теңгесі игеріліп 99,3%-ды құраған.

Әкімшілік іскерлік орталық бойынша

Сауран ауданы, Шорнақ ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және топографикалық түсірілімімен бірлескен бас жоспары қыркүйек айында аудандық мәслихат сессиясында бекітілген. Аудан орталығы Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінен 38 га жер бөлініп, әкімдік, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, аумақтық органдар,  ішкі істері басқармасы ғимараттарының құрылысы және инженерлік инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын атқарып, пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланған.

- Әкімшілік ғимарат ағымдағы жылдың соңына пайдалануға беру жоспарланған. (Нысанның құны – 1 199 496 000 теңге).

- Сонымен қатар, Шорнақ елді мекенінде:

- 4 автомашинаға арналған өрт сөндіру депосы» құрылысы;

- «200 орындық аудандық орталық аурухана»; Осы 2 құрылыс нысаны бойынша Түркістан облысы құрылыс басқармасы тарапынан жоба сметалық құжаттамасы дайындалуда.

- «500 орындық мәдениет үйі» құрылысы бойынша  Сауран ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан жоба сметалық құжаттамасы дайындалуда.

- «Спорт комплексі» құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттарын әзірлейтін жобалаушы мекемені анықтау үшін конкурс өткізілуде.

Коммуналдық сала

Ауыз су:

2009-2019 жылдары 31 елді мекенге Түркістан қаласының және Кентау қаласының тарапынан ауыз сумен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген.  Сауран ауданына қарасты Ойық елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Түркістан облысы, Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы сметалық құжаттаманы түзету» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттары «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» басқармасына қаржы бөлуге тапсырылыпты. Бүгінгі таңға 14 елді мекенге су қоймаларының тозығы жеткен құрылғыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, мердігерін анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатса, ағымдағы жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен.

Табиғи газбен қамту:

Қазіргі таңға 4 ауылдық округтегі 11 елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенге 2022 жылдың сәуір айынан бастап газ берілуде. Сонымен қатар, «Мемлекеттік жекеменшік әріптестік» (ГЧП) бағдарламасы аясында Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтеріне қарасты 6 елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қабылдаудан өткізілген. Бүгінгі таңда табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2 жақты келісім-шарт түзіліп, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап, Шаға ауылдық округінің 8 көшесіне газ берілді. Жыл соңына дейін қалған елді мекендерге газ берілмек.

- Ескі Иқан елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары 2018 жылы толығымен аяқталған. Нысанға тапсырыс беруші Кентау қаласы әкімдігі, мердігер мекеме «Баянды-Құрылыс» ЖШС-і. Нысанда бүгінгі таңда ескірген, көптеген кемшіліктердің болуына байланысты газ беру мәселесіне кедергі келтіруде.  Сонымен қатар, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтерін және Оранғай елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2 нысанның жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлдіруге облыстық салалық  басқармаға ұсынылды. Атап айтқанда:

1. «Түркістан облысы, Кентау қаласы, Оранғай ауылындағы газ құбырларының құрылысы» – нысаны бойынша сметалық құны – 1 819,559 млн. теңге;

2. «Түркістан облысы, Кентау қаласы, Жүйнек, Қарашық ауылдық округтерінде газ құбырларының құрылысы» – нысаны бойынша сметалық құны – 4 956,093 млн. теңге. 

Аудан орталығы Шорнақ елді мекеніне магистральды газ құбырларын жүргізу жұмыстары бойынша Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

2 ауылдық округке табиғи газбен қамтамасыз етуге жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаржы қаралып, жобалаушы мекеме анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

            Электр қуатымен қамту:

Ауданға қарасты елді мекендерін электр энергиясымен қамтамасыз ететін жоғары кернеулі 10 кв және төменгі кернеулі 0,4 кв әуе электр желілері мен трансформаторларды «Оңтүстік Жарық Транзит» Түркістан электр желілері тарапынан қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасы аясында 2022-2027 жылдарға жүзеге асатын жұмыстар жүргізілуде.Аудан әкімдігі тарапынан Шорнақ, Қосмезгіл және Еңбекші Дихан елді мекендеріндегі жаңадан қоныстанған аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 2-нысанға ЖСҚ-ы әзірленуде.

Автомобиль жолдары:

Аудан бойынша аудандық маңызы бар 119,3 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 68 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал, ауыл ішілік жолдардың жалпы ұзындығы 625 шақырым. Жақсы және қанағаттанарлығы 403 шақырымды құрайды.2022 жылға ауданда 36 шақырым құрайтын автожол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 2 198,252 млн теңге бөлінген. Сонымен қатар, 2023 жылы ауданға қарасты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, сараптамалық қорытындысымен сметалық құжаттама әзірленуде.

Туризм:

Аудан аумағында 52 тарихи-мәдени нысандар орналасқан. (Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата, Жылаған ата, Жүсіп ата және т.б). Аудандағы туризм саласын дамыту мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағында жалпы құны 320 млн теңгені құрайтын «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар,  Ескі Иқан ауылдық округінде кәсіпкерлердің демеушілігімен (жалпы құны 50 млн тг.) «Сапар орталығы» ашылды. (Ауданға келген туристер саны: 65 мыңға жуық).

Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 млрд 200 млн теңгені құрайтын емдік сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл қонақ үй жеке кәсіпкер Төрежанов Ерболаттың жеке қаражаты есебінен іске асырылуда. Аталған қонақ үй келер жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Әлеуметтік сала

Мемлекет кепілдендірген әлеуметтік қолдаулар тиісті мұқтаж азаматтарға көрсетіліп, жоспарланған қаржы есебінен іске асырылуда.Статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 45330, жұмыссыздар саны - 2289 адам. Жалпы, жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны – 16850,    өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 26191 адамды құрайды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2022 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке республикалық бюджеттен 266 млн 139 мың теңге, жергілікті  бюджеттен – 59 млн 225 мың теңге. кепілдірілген әлеуметтік топтамаға республикалық бюджеттен 57 млн 083 мың теңге, жергілікті бюджеттен 524 мың теңге қаралған.

2022 жылдың 10 айында 762 отбасының 4 620 адамына 244 млн 588 мың 600 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 227 млн 914 мың төлем жүргізілді. Оның ішінде: шартты түрі бойынша 709 отбасының 4372 адамына 219948,1 мың теңге, шартсыз түрі бойынша 69 отбасының 337 адамына 224640,5 мың теңге теңге тағайындалған. Атаулы әлеуметтік көмек алушы 4620 адамның ішінде еңбекке жарамды 1331 адамы жұмыспен қамту шараларымен қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-3 жас аралығындағы 551 бала, 3-6 жас аралығындағы 591 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен, сонымен қатар, 1-6 жас аралығындағы 1142 бала тұрмыстық химия тауарлар жиынтығымен қамтамасыз етілді.  «Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен  жыл  басынан 38 отбасына 3931,0 мың теңге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 8 адам тұрақты, 8 адам қоғамдық жұмыстарға орналасқан.  

Мәдениет және спорт саласы

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Мәдениет үйі» ММ-сі, «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»ММ-сі, «Тілдерді оқыту және дамыту» ММ-сі, «Сауран аудандық спорт клубы» ММ-сі құрылған.

Мәдениет: Мәдениет саласы бойынша аудан көлемінде түрлі тақырыптық 473 іс-шара ұйымдастырылып, өз деңгейінде мерекелік және жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізіліп келеді. 2021 жылдың 10 айында 329 іс-шара өткізілсе, 2022 жылдың 10 айында 470 іс-шара өткізілген.

Кітапхана: Аудан кітапханаларында жалпы 305 мың кітап қоры бар. Ересектерге және балаларға арналған салт-дәстүрімізді дәріптейтін 179 танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Ағымдағы жылдың қазан айында 2 рет облыстық «Фараб» кітапханасының ұйымдастыруымен ауданда орналасқан кітапхананың кітапханашыларына іс-тәжірбиелік семинар өткізіліпті. 2021 жылдың 10 айында 112 іс-шара өткізілсе, 2022 жылдың 10 айында 179 іс-шара өткізілді.

Оқыту орталығы: «Сауран ауданының тарихи-мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылған. Ағымдағы жылдың 21 қазан күні «Сауран ауданының тарихи-мәдени құндылықтары мен туристік әлеуеті және тілге қатысты кейбір мәселелер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда арнайы шығарылған кітаптың тұсаукесері ұйымдастырылды. 55 ересек тұрғындар мен мемқызметшілерге ағылшын тілінен сертификаттар табысталды. 2021 жылдың 10 айында 1 аудандық семинар өткізілсе, 2022 жылдың 10 айында 6 семинар өткізілді.

Ономастика: Аудан көлеміндегі ономастикалық нысандардың тарихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды зерделеу және пысықтау мақсатында құрылған жұмысшы тобы аудан көлемінде жұмыс атқаруда. Атап айтқанда: Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ибата елдімекенінің 11 көшесіне, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінің жаңа көшелеріне (8 көшеге),  Жібек Жолы ауылдық округіне қарасты «30-разъезд» елді мекеніне «Ескі Сауран» елді мекені, Ескі Иқан ауылдық округіне қарасты «Достық» елді мекеніне «Мәшһүр Жүсіп» елді мекені деп қайта аталып, «Елді мекен» статусын беру үшін тиісті құжаттар рәсімделіп, облыстық әкімдік пен облыстық мәслихаттың 2022 жылғы 20 қыркүйектегі №17/207-VII бірлескен шешімімен бекітілді. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 12 мектепке атау беру және қайта атау үшін тиісті құжаттар рәсімделіп, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №741 қаулысымен бекітілді. 12 ауылдық округтің барлығы тарихи жер-су атауымен, 35 елді мекеннің 30-ы тарихи жер-су атауларымен, 6 кісі есімімен аталады. 489 көшенің 345 кісі есімдерімен, 145 тарихи жер-су атауларымен аталған. 41 мектептің 16 тарихи жер-су атауымен аталған, 25 кісі есімімен аталған.

Мәдени мұра: Мәдени мұра бойынша Сауран ауданында орналасқан 54 нысан бар. Аталған нысандар «Әзірет-Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы» ММ-нің теңгерімінде.

Спорт: Аудан көлемінде бұқаралық спортты дамыту бойынша әр ауылдық округте спорт нұсқаушылары тағайындалып, дамытуды тұрақты түрде жүргізуде. Оранғай ауылдық округінде «SAMRUK KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры есебінен бір спорт кешені берілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары жеке кәсіпкерлер есебінен Ескі Иқан ауылдық округіндегі М.Юлдашев, Қарашық ауылдық округіндегі «Қарашық-1» атындағы спорт кешендері ауыл тұрғындары үшін пайдалануға берілді. 2022 жылдың бүгінгі таңға дейін спортпен шұғылданушылардың саны - 40458 адамды, яғни аудан халқының саны 37,9 пайызын құрайды. Сонымен қатар, 5 елді мекенге спорт алаңшалары мен воркаут алаңдары салынып, пайдалануға берілді. Жалпы, клубта 19 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Олардың барлығы облыстық, аймақтық деңгейде өткізілді.

Білім саласы

Адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты барлық білім беру мекемелерінің саны - 87. Оның ішінде: 46 мектеп (36-і жалпы орта, 3-і негізгі, 7-ы бастауыш), 41 балабақша (13-і мемлекеттік, 28-і жекеменшік). Сонымен бірге, 7 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді. Мектептерде 25528 оқушы білім алуда. Жалпы, мектепке дейінгі мекемелерде 4908 бала тәрбиеленеді немесе жалпы қамтылуы тиіс баланың нақты 99%-ы қамтылып отыр. 2021 жылы Шаға ауыл окуругінен 300 орындық N13  жалпы орта мектеп, 2022 жылы Ескі Иқан ауыл округінен 300 орындық N1 жалпы орта мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2022 жылы 3 жекеменшік балабақша ашылды.

Жайлы мектеп бойынша ауданда 7 мектептің құрылысына арнайы жер орындары белгіленіп, құжаттары рәсімделуде.

Мәлімет үшін:

2023-2025 жылдар аралығы

1) С.Қожанов елді мекені 300 орын – 2023 жылы,

2) Еңбекші дихан елді мекені 600 орын-2023 жылы,

3) Аша елді мекені 900 орын – 2023 жылы,

4) Ынталы елді мекені 900 орын-2024 жыл,

5) Құмтүйін елді мекені 900 орын-2024 жыл,

6) Қарашық елді мекені 600 орын-2024 жыл,

7) Ескі Иқан елді мекені 2000 орын-2024 жыл.

Денсаулық саласы

Аудан бойынша 13 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік акушерлік пункт, 4 медициналық пункт бар. Ауданда 126 дәрігер, 571 орта буын қызметкерлері, 63 кіші буын қызметкерлері, 107 маман қызмет етуде екен. Mindray компаниясымен келісім-шарт негізінде  Сауран аудандық емханасынан қыркүйек айынан бастап зертхана бөлімі құрылып, жұмыс жүргізуде. Шорнақ БМСККО–да жаңа зертханалық аппаратпен гематологиялық, клиникалық химиялық, коагулологиялық, серологиялық, ИФТ әдісімен зертханалық зерттеулер жүргізіледі.  Ескі Ихан БМСККО, Оранғай ДА, Қарашық ДА құрылымдық бөлімшелерінде жаңа зертханалық аппаратпен гематологиялық, клиникалық химиялық зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

4-жеделділік санатындағы шақыртуларға Шорнақ БМСККО Ескі Икан БМСККО, Оранғай ДА, Жүйнек ДА мекемелерінен 4 жедел медициналық жәрдем бөлімшесі құрылып қызмет көрсетуде. Созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы негізінде Артериальді гипертония, Қант диабеті, Созылмалы жүрек шамасыздығы диагноздарымен есепте тұратын науқастарға динамикалық бақылау жүргізу мақсатында Ескі Иқан БМСККО–дан Ауруларды басқару бағдарламасы кабинеті жасақталған.

Жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулықты сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру мақсатында Ескі Иқан БМСККО-дан «Жастар денсаулық орталығы» құрылды. Шалғай елді мекендердегі халыққа  медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында жылжымалы медициналық кешен кестеге сәйкес, жұмыс атқарады. Кешен Флюрография, УДЗ, зертханалық аппараттармен, арнайы мамандармен толықтырылған. Емханада қосымша жылжымалы автокөлікте рентген құрылғысы жұмыс жасайды. Шорнақ БМСККО ғимаратында жаңа флюрографиялық аппарат орнатылуда. Емхана травматолог-ортопед, уролог, инфекционист, пульмонолог мамандарымен қамтамасыз етіліпті.  Сауран аудандық емханасының жаңа ғимаратына аудандық әкімдік тарапынан 8,9 га жер бөліп беруге шешім шығарылған, қазіргі таңда ЖСҚ (жобалау сметалық құжаттама) әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Сауран аудандық емханасына қарасты Жалаңтөс МБ, Шаға ФАБ, Құсшыата ФАБ мекемелеріне жаңа ғимарат соғуға сұраныс беріліп, құжаттары рәсімделуде екен.

Қоғамдық тәртіпті сақтау

Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аудан көлемінде полиция бөлімшесіне жергілікті бюджеттен қажетті материалдық құрал жабдықтар алуға (20 млн. теңгеге рациялар алуға) конкурс беріліпті. Сонымен қатар, ауылдық округтерде учаскелік полиция бекетін салу мақсатында арнайы жер қарастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері жалпы саны – 295 қылмыстық іс тіркелген, оның 183 тергеумен, 112 анықтаумен тіркеліп отыр. Өндірістен аяқталғаны – 87 қылмыстық іс, оның ішінде 60 қылмыс, 27 теріс қылық.

Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда (Сауран аудандық полиция бөлімі 2021 жылдың 16 маусымында құрылған) саны - 66 қылмыстық іс тіркелген, оның 40 тергеумен, 26 анықтаумен тіркелген. Өндірістен аяқталғаны 13, қылмыс 13 тіркелген.Ағымдағы жылы аудандық полиция бөлімінің құрылымдарымен қоғамдық және жол қауіпсіздігін криминогенді аумақтар күшейтіліп, жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Көрші назары», «Тұрғын үйлерді күзет агенттігіне өткізу» тақырыбында кездесулер өткізілген.

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат»

Оқылды 3625 рет